Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурызда № 85 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басармасында 2011 жылғы 15 сәуірде № 9-13-125 тіркелді. Қаулы қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 09-04/568 хаты)

      Ескерту. Қаулы қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012.04.10 № 09-04/568 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысын, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкiмдігiнiң 2011 жылғы 16 наурыздағы № 118 қаулысын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі нөмiрі 3756) орындауда Қарасу ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. Қарасу және Октябрь ауылдарында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
      3. Әскерге шақыруды сапалы және ұйымдасқан күйінде өткізу үшін техникалық қызметкерлерді қосымшаға сәйкес берсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
      1) өз құзыретінің шегінде әскери міндеттілікті атқарудан жалтарып жүргендердi iздестiруді жұзеге асыру;
      2) әскерге шақыру пунктерінде және әскерге шақырылушыларды "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнен жөнелткен кезде қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары А.Ғ. Қисиқовқа жүктелсiн.
      6. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қарасу
      ауданының әкiмi                            А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысы Ішкі
      істер департаменті
      Қарасу ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесiнің бастығы
      _____________ Е. Махмұтов

      "Қостанай облысы Қарасу
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесiнің
      бастығы
      _____________ А. Мұқашев

Әкімдіктің       
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 85 қаулысына қосымша 

Шақыру кезеңінде техникалық жұмыскерлердi
беретін мемлекеттік мекемелердың тiзiмi

Мекеме
атауы

Адамдар
саны

Мерзiмдер

1

"Қарасу ауылы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесі

1

2011 жылғы
1 сәуірден бастап
30 сәуірге дейiн

2

"Қарасу ауданы
әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

1

2011 жылғы
3 мамырдан бастап
31 мамырға дейiн

3

"Қарасу ауданы
әкімдігінің мәдениет
және тілдерді дамыту
бөлімі" мемлекеттiк
мекемесi

1

2011 жылғы
1 маусымнан бастап
30 маусымға дейiн

4

"Қарасу ауданы
әкімдігінің ішкі
саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

1

2011 жылғы
1 қазаннан бастап
30 қазанға дейiн

5

"Қарасу ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесi

1

2011 жылғы
1 қарашадан бастап
30 қарашаға дейiн

6

"Қарасу ауданы
әкімдігінің білім беру
бөлімі" мемлекеттiк
мекемесi

1

2011 жылғы
1 желтоқсаннан
бастап 30
желтоқсанға дейiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады