Мәслихаттың 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 471 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 51 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 тамызда № 9-14-181 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.12.20 № 71 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 471 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 21 қазанда "Арна" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, біржолғы, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 8) тармақшасы жойылсын;
      көрсетілген шешімінің "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі" қосымшасында:
      2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;";
      2-тармағының 8) тармақшасы жойылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезекті
      сессиясының төрағасы                       В. Двуреченский

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы
      әкімдігінің "Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ В. Панин

      Қостанай ауданы
      әкімдігінің "Экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ З. Кенжегарина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады