Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 67/2 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 наурызда N 12-9-128 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14 тармақшасына аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санатын бекіту туралы" N 5/25 шешіміне, аудандық мәслихаттың (IV сайланған XXV сессиясы) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 1/25 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санаты:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысқандар және мүгедектер;
      2) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер және бұрынғы Одақ ордені және медальдарымен марапатталмағандар;
      3) Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың жұбайлары;
      4) Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің қайтадан неке құрмаған жұбайлары;
      5) Ауған соғысына қатысқандар;
      6) Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандар;
      7) тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерь, гетто және тағы да басқа қамауда ұстауға арналған орындардың бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары;
      8) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқандарына теңестірілгендер;
      9) "Қайсарлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері;
      10) бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасыларына;
      11) білім және денсаулық сақтау саласындағы мамандар;
      12) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер;
      13) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      14) орташа табысы күн көріс минимумынан төмен тіршілік ететін, төтенше жағдайға ұшыраған тұлғалар (өрт, үй тонау, бір айдан аса созылған аурулар, су тасқыны);
      15) отбасылық кірісі бекітілген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтар;
      16) "Облыс алдындағы ерен еңбегі" белгісімен марапатталған тұлғалар;
      17) Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемелерде квота бойынша тексеруді және емделуді өтіп жатқан азаматтар;
      18) мемлекеттік оқу гранты үшін конкурстан өтпеген аз қамтамасыз етілген отбасынан және жетім студенттер;
      19) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      20) туберкулезбен ауыратын науқастар;
      21) онкологиялық аурумен ауыратын науқастар;
      22) "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыздар;
      23) балалар церебральды параличі диагнозы қойылған және тірек қозғалу аппараты бұзылған балалар;
      24) мөлшері төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      25) жалғызбасты адамдар (зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес зейнеткерлік жасына толған және заң бойынша оларды күтуге міндетті еңбекке кабілетті жұбайы/зайыбы немесе балалары жоқ, сондай-ақ шынайы себептер бойынша оларға көмек және күтімді қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, І, ІІ топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас бостандығынан айыру орындарында жүрген немесе елден тыс тұрақты тұруға кеткен) және әлеуметтік көмек көрсету бөліміндегі тіркеуде үйінде тұрған жалғызбасты қарт адамдар;
      26) атаулы әлеуметтік көмек алушылар және балаларға берілетін жәрдемақыны алушылар;
      27) I, II-топтағы мүгедектер;
      28) жүктілігі бойынша 12 аптаға дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдер;
      29) жесір балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      30) зейнетақы жасындағы еңбекке қабілетсіз жұмыссыз азаматтар;
      31) зейнетақы жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар;
      32) коляскамен жүретін мүгедектер;
      33) көзі нашар көретін мүгедектер;
      34) гемодиализ өткізуді қажет ететін тұлғалар;
      35) "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналар;
      36) үйден тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар;
      37) бір жасқа дейінгі жаңа туған нәрестелер;
      38) Социалистік еңбек ерлері;
      39) Күн көріс минимумынан төмен тіршілік ететін өзін-өзі жұмыспен қамтушылар;
      40) ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқу озаттары;
      41) 2010 - 2011 жылдары ауданның денсаулық сақтау мекемелеріне жұмыс істеуге келген дәрігерлер;
      42) адал және көпжылғы еңбегі үшін ордендермен және алқалармен марапатталған тұлғалар (еңбек ардагерлері);
      43) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен және жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар;
      44) 2010 - 2011 жылдары ауданға келген барлық мамандықтар бойынша жас мамандар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011.06.23 N 152/4 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); 2011.12.07 N 356/29  (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әр санаты бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әлеуметтік көмек алу үшін мынандай құжаттар қажет:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санатқа – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, пәтерді ағымды жөндеу, мемлекеттік, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға бір реттік материалдық көмек, тұрғын қызметі шығындарын өтеуге, дәрі-дәрмекке, абоненттік төлемді төлеуге, электроқуатын төлеуге ай сайын материалдық көмек алуға – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, Ұлы Отан соғысына қатысушысы мен мүгедегінің куәлігінің және азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері;
      2) 1-тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Астана қаласына экскурсияға бір реттік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, статусын растайтын құжаттың, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері;
      3) 1-тармақтың 7), 8)-тармақшаларында көрсетілген санатқа - тұрғын қызметі шығындарын өтеуге, дәрі-дәрмекке, абоненттік төлемді төлеуге ай сайынғы материалдық көмек төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, статусын растайтын құжаттың, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері;
      4) 1-тармақтың 5), 6)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты, емделуге, сонымен қатар бір реттік материалдық көмек Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай, Жеңіс күніне орай материалдық көмекті төлеу үшін - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, статусын растайтын құжаттың, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері;
      5) 1-тармақтың 10)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, статусын растайтын құжаттың, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері;
      6) 1-тармақтың 11)-тармақшасында көрсетілген санатқа (тек медициналық және педагогикалық мамандығы бар түлектер) – бір реттік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы диплом, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жоғары оқу орнын бітірген түлектің Лебяжі ауданына жіберілгендігі туралы бұйрықтың, үш жақты келісім-шарт, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері;
      7) 1-тармақтың 12)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайынғы материалдық көмекті төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, мүгедектігі туралы анықтаманың, азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
      8) 1-тармақтың 13)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, бас бостандығынан айрылу жерінен шыққанын растайтын анықтаманың, азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері;
      9) 1-тармақтың 14)-тармақшасында көрсетілген санатқа бір реттік материалдық көмек төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, тонау, өрт, ауыруы және басқалары (аудандық ішкі істер бөлімінен, өрт бөлімінен, медициналық мекемеден және басқалары) туралы келісімді органның анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама;
      10) 1-тармақтың 15)-тармақшасында көрсетілген санатқа – құжаттандыруға бір реттік материалдық көмекті төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауылдық округі әкімдігінің комиссиясымен жасалған өтініш берушінің отбасының тұрмыстық жағдайының актісі, ауылдық округ әкімінің өтініші;
      11) 1-тармақтың 16)-тармақшасында көрсетілген санатқа – Лебяжі ауданында тұратындарға ай сайынғы материалдық көмек төлеуге, Астана қаласына экскурсияға бір реттік көмек және 1-тармақтың 7), 9) тармақшаларына клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, статусын растайтын құжат;
      12) 1-тармақтың 17)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы, тексерілгенін немесе емделгенін растайтын көшірмесі, мекенге және тұрақты орынға дейін автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданған жол билеттері;
      13) 1-тармақтың 18)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік, ай сайынғы материалдық көмекті төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, студентпен, ЖОО-ның басшысымен және Лебяжі ауданының әкімімен қол қойылған үш жақты келісім-шарт, отбасының әлеуметтік - тұрмыстық жағдайының актісі және отбасының ортақ табысы туралы ақпарат бір рет оқуға төлеуге әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде;
      14) 1-тармақтың 19), 23)-тармақшаларында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге дәрі-дәрмек сатып салуға, клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға және Астана қаласына экскурсия – бір ата-ананың (қамқоршының) материалдық көмек тағайындау өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, баланың мүгедектігін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      15) 1-тармақтың 20)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге (стационарлық емделу) және алты айға дейін ай сайынғы материалдық көмек төлеуге (амбулаториялық емделу) - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, туберкулез ауруханасынан анықтама;
      16) 1-тармақтың 21)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауруын растайтын анықтама;
      17) 1-тармақтың 22)-тармақшасында көрсетілген санатқа – кәсіптік оқуды өту барысында және Астана қаласына экскурсияға материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, оқу кезеңін растайтын анықтама;
      18) 1-тармақтың 24)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге және Астана қаласына экскурсияға бірреттік материалдық көмек төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, алатын мемлекеттік арнайы жәрдемақы түрі көрсетілген "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалының Лебяжі аудандық бөлімшесі ұсынатын тізім (келісім бойынша), "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі;
      19) 1-тармақтың 25)-тармақшасында көрсетілген санатқа – тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге материалдық көмек төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі ұсынған тізім;
      20) 1-тармақтың 26)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмекті төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, отбасының тұрмыстық жағдайының актісі, селолық округ әкімінің өтініші, статусын растайтын құжат;
      21) 1-тармақтың 27)-тармақшасында көрсетілген санатқа – азық-түлік бағасының өсуіне байланысты және Астана қаласына экскурсия бір реттік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мүгедектігі туралы анықтама;
      22) 1-тармақтың 28)-тармақшасында көрсетілген санатқа – ауылдық өңірде тұрып жатқан жүкті әйелдер, жүктілік мерзімі бойынша 12 аптаға дейін есепке тұрған жағдайда бір реттік материалдық көмек төлеуге - аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген Лебяжі ауданының аудандық орталық ауруханасы (келісім бойынша) ұсынған тізімі;
      23) 1-тармақтың 29)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, статусын растайтын құжаттың көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      24) 1-тармақтың 30), 31)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – ай сайынғы материалдық көмек төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, медициналық мекемеден анықтама, ауылдық әкімінің қолы қойылған тұрмыстық жағдайы туралы акт, ауылдық округ әкімінің қолдау хаты;
      25) 1-тармақтың 32), 33)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – колясканы немесе тифло-техникалық құралдарды жөндеуге бір реттік материалдық көмек төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жөндеу керектігін растайтын құжат;
      26) 1-тармақтың 34)-тармақшасында көрсетілген санатқа – мекенге және тұрақты орынға дейін шығындарды өтеуге материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мекенге және тұрақты орынға дейін автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданған жол билеттері;
      27) 1-тармақтың 35)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге Астана қаласына экскурсияға - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, статусын райтайтын құжаттың көшірмесі;
      28) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға және Астана қаласына экскурсия - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, облыстық психолого-медико-педагогикалық кеңес қортындысының көшірмесі;
      29) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, аурухананың балалар тамағы қажеттігі туралы анықтамасы;
      30) 1 тармақтың 38) тармақшасында көрсетілген санатқа – от-қазандық орнатуға және клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға бір ретік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, социалистік еңбек ерінің куәлігінің көшірмелері;
      31) 1 тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген санатқа – оңалту орталықтарын ашуға бір ретік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, ауылдық округ әкімінің өтініші, отбасылық-тұрмыстық жағдайының актісі, бизнес-жоспар;
      32) 1-тармақтың 40)-тармақшасында көрсетілген санатқа – жазғы демалысқа бір реттік материалдық көмек төлеуге – ата-аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, баланың туу туралы куәлігінің, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, Лебяжі ауданының білім бөлімінің қолдаухаты;
      33) 1-тармақтың 41), 44) - тармақшаларында көрсетілген санаттарға – бір реттік материалдық көмек төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, еңбек кітапшасының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, дипломның, жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық немесе бұйрықтан үзінді көшірмелері, үш жақты келісім-шарт;
      34) 1-тармақтың 42)-тармақшасында көрсетілген санатқа –бір реттік материалдық көмек төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, куәлік немесе мәртебесін растайтын анықтама;
      35) 1-тармақтың 43)-тармақшасында көрсетілген санатқа –бір реттік материалдық көмек төлеуге – "Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік мекемесінен тізім.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011.06.23 N 152/4 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); 2011.12.07 N 356/29  (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдағы 1-тармақта  көрсетілген түрлері бойынша азаматтар санатына әлеуметтік төлемдерді тағайындасын және қызмет көрсетсін:
      1) 1-тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек:
      - Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне 12000 теңге көлемінде;
      - республикалық, облыстық және аудандық газеттерге және де "Ардагер" газетіне жазылуға газеттің нақты құны бойынша жазылу компаниясы кезінде (қыркүйек-қазан) жазылуға;
      - жүргізілген жұмыстардың нақты құнына сәйкес пәтерді ағымды жөндеу жасауға, көрсетілген қызмет келісім-шартына сәйкес, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      - дәрі-дәрмек сатып алуға, абоненттік төлем ақысын төлеуге, тұрғын-үй қызметінің шығындарын өтеуге 4536 теңге көлемінде ағымдағы айдың 25-не дейін;
      - электр қуатын төлеуге нақты қолданғандығы бойынша ағымдағы айдың 25-не дейін;
      клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      электр пешін нақты құнына сәйкес сатып алуға, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;
      2) 1-тармақтың 2), 3), 4), 9)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 5000 теңге көлемінде, "Ардагер" газетіне жазылуға газет құнының нақтылығы бойынша бір реттік материалдық көмек жазылу компаниясы кезінде (қыркүйек-қазан);
      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер және бұрынғы Одақ ордені және медальдарымен марапатталмағандар және "Қайсарлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде және клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      3) 1-тармақтың 5)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – бір реттік материалдық көмек:
      - Ауғанстаннан әскерлерді шығару Күніне орай 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
      - Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай 10000 теңге көлемінде.
      Тоқсан сайынғы материалдық көмек:
      - емделуге, тұрғын-үй қызметінің шығындарын өтеуге, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде тоқсанның соңғы айының 25-не дейін;
      Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      4) 1-тармақтың 6-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – бір реттік материалдық көмек;
      - Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай 10000 теңге көлемінде.
      Тоқсан сайынғы материалдық көмек:
      - емделуге, тұрғын-үй қызметінің шығындарын өтеуге, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде тоқсанның соңғы айының 25-не дейін;
      Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      5) 1-тармақтың 7), 8)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – бір реттік материалдық көмек:
      - Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай 10000 теңге көлемінде;
      - аудандық, облыстық және "Ардагер" газеттерінің нақты құны бойынша жазылу компаниясы кезінде (қыркүйек - қазан) жазылуға;
      Ай сайынғы материалдық көмек:
      - дәрі-дәрмек сатып алуға, абоненттік төлем ақысын төлеуге, тұрғын-үй қызметінің шығындарын өтеуге 4536 теңге көлемінде ағымдағы айдың 25-не дейін;
      бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь, гетто және де басқа тұтқындарына клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде және Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      жеңілдіктерімен кепілдіктерімен Ұлы Отан соғысына қатысқандарына теңестірілгендеріне Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      6) 1-тармақтың 10)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік метериалдық көмек:
      - Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай 10000 теңге көлемінде;
      Тоқсай сайынғы материалдық көмек:
      - тұрғын-үй қызметінің шығындарын өтеуге, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде тоқсанның соңғы айының 25-не дейін;
      7) 1-тармақтың 11)-тармақшасында көрсетілген санатқа – аудан орталығының арасындағы қашықтыққа байланысты (Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмші, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 105840 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш ауылдары–175000 теңге; Шақа, Шоқтал, Жабағлы ауылдары – 200000 теңге) бір реттік материалдық көмек ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында;
      8) 1-тармақтың 12)-тармақшасында көрсетілген санатқа – дәрі-дәрмек сатып алуға тоқсан сайынғы материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде тоқсанның соңғы айының 25-не дейін;
      9) 1-тармақтың 13)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде;
      10) 1-тармақтың 14)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде;
      11) 1-тармақтың 15)-тармақшасында көрсетілген санатқа – құжаттандыруға арналған бір реттік материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде;
      12) 1-тармақтың 16)-тармақшасында көрсетілген санатқа – ай сайынғы материалдық көмек 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде ағымдағы айдың 25-не дейін;
      Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      13) 1-тармақтың 17)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек, өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде жол ақысының нақты құны бойынша төленеді;
      14) 1-тармақтың 18)-тармақшасында көрсетілген санатқа – оқу орнындағы оқуының бір жылға арналған нақты төлем ақысына сәйкес мамыр және қазан айларында; ай сайынғы материалдық көмек – тұруға, тамаққа және тұрғын орнына баруға жол ақысы 7500 теңге көлемінде ағымдағы айдың 25-не дейін;
      15) 1-тармақтың 19),23)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – дәрі-дәрмек сатып алуға бір реттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде, Балаларды қорғау күніне және Жаңа жылға 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
      клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде және Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      16) 1-тармақтың 20)-тармақшасында көрсетілген санатқа – стационарлық емделудегі ауруларға бір реттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, "Боровое" курортына дейін билеттің екі жаққа дейінгі нақты құны бойынша, амбулаториялық емделудегі ауруларға (алты айға дейін) ай сайынғы материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде;
      17) 1-тармақтың 21)-тармақшасында көрсетілген санатқа – 15000 теңге көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек;
      18) 1-тармақтың 22)-тармақшасында көрсетілген санатқа – кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды өтіп жатқан жұмыссыздарға 7500 теңге көлемінде шәкіртақы дайындықты өткен әр айына өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде төленеді;
      Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
      19) 1-тармақтың 24), 25)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – тұрғын-үй қызметінің шығындарын өтеуге тоқсан сайынғы материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде тоқсанның соңғы айының 25-не дейін;
      - жеке басты азаматтарға отын-көмір алуға бір реттік материалдық көмек 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде тоқсанның соңғы айының 25-не дейін;
      - жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектерге ай сайынғы материалдық көмек 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде тоқсанның соңғы айының 25-не дейін;
      Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      20) 1-тармақтың 15), 20), 26)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек:
      - аудандық, облыстық және "Ардагер" газеттерінің нақты құны бойынша жазылу компаниясы кезінде (қыркүйек - қазан) жазылуға;
      - 90000 теңге көлеміндегі төлем өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде жеке ауланы дамытуға;
      - 18000 теңге көлеміндегі төлем өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде жем сатып алуға;
      21) 1-тармақтың 27)-тармақшасында көрсетілген санатқа – азық-түлік бағасының өсуіне байланысты 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек;
      - отын-көмір сатып алуға І топтағы мүгедектерге 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек;
      Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      22) 1-тармақтың 28)-тармақшасында көрсетілген санатқа – 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек;
      23) 1-тармақтың 29)-тармақшасында көрсетілген санатқа – 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен мерзімінен 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек; жоғарғы оқу орнында және орта оқу орнында оқып жатқан балаларға аудандық және облыстық газеттерге жазылу компаниясы кезінде (қыркүйек - қазан) жазылуға; 18 АЕК көлемінде қатты отын сатып алуға және телефон орнатуға, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде; 18 жасқа дейінгі балаларды асырап жатқан аз қамтамасыз етілген қамқоршыларына 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде ағымдағы айдың 25-не дейін ай сайынғы материалдық көмек;
      24) 1-тармақтың 30), 31)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – 3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде ағымдағы айдың 25-не дейін ай сайынғы материалдық көмек;
      25) 1-тармақтың 32), 33)-тармақшаларында көрсетілген санаттарға – колясканы және тифло-техникалық құралды жөндеуге жөндеудің нақты құны мөлшерінде бір реттік материалдық көмек;
      26) 1-тармақтың 34)-тармақшасында көрсетілген санатқа – өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде билеттің екі жаққа дейінгі нақты құны бойынша шығыны төленеді;
      27) 1-тармақтың 35)-тармақшасында көрсетілген санатқа – 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек;
      28) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – 25000  теңге көлемінде өтініш түскен күнінен бастап 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек;
      29) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – балалар тамағын сатып алуға 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде ағымдағы айдың 25-не дейін ай сайынғы материалдық көмек;
      30) 1 тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде және от-қазандық орнатуға 106000 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      31) 1 тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген санатқа – оңалту орталықтарын ашуға бір реттік материалдық көмек нақты бойынша өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде;
      32) 1-тармақтың 40)-тармақшасында көрсетілген санатқа Қазақстан Республикасы аймағында шынықтыру лагерлерінде жазғы демалысты өткізу нақты құнына сәйкес, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек";
      33) 1-тармақтың 41)-тармақшасында көрсетілген санатқа бір реттік материалдық көмек 200000 теңге көлемінде, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;
      34) 1-тармақтың 42)-тармақшасында көрсетілген санатқа Астана қаласына экскурсияға бір реттік материалдық көмек 25000 теңге көлемінде, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;
      35) 1-тармақтың 43)-тармақшасында көрсетілген санатқа бір реттік материалдық көмек 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, тізім түскен кезінен 15 күн ішінде;
      36) 1-тармақтың 44)-тармақшасында көрсетілген санатқа бір реттік материалдық көмек аудан орталығының қашықтыққа байланысты (Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмші, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 105840 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш ауылдары – 175000 теңге; Шақа, Шоқтал, Жабағлы ауылдары – 200000 теңге) ағымдағы жылдың қыркүйек - желтоқсан айларында.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011.06.23 N 152/4 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); 2011.09.27 N 253/13  (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.12.07 N 356/29 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4. Құжаттарды қабылдау рәсімі: құжаттар күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі.
      5. Материалдық көмекті төлеу тәртібі: материалдық көмек жеке тұлғалардың есеп шоттарына аудару арқылы көрсетіледі.
      6. Шағымдану тәртібі:
      1) бөлімнің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға көмектесу "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, мекен-жайы: Баймулдин көшесі 8/1, N 2, 3 кабинеттерде түсіндіріледі, электронды поштаның адресі akku@yandex.ru, телефондар: 21-3-99-бөлім бастығы, 21-0-76-бастықтың орынбасары.
      2) шағым "Лебяжі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне беріледі, мекен-жайы: 140700 Аққу ауылы, Иванова көшесі 92, 107 кабинет, телефон 8(718)21366, электрондық пошта: Lebadm@pavlakimat.kz, қабылдау және жұмыс істеу кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі; "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі 59, 219 кабинет, тел 8(7182)32-59-63, факс 32-56-76, электрондық пошта: dsz@pavlodar.gov.kz, жұмыс істеу кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі;
      3) түскен шағымға жауап алу орны мен мерзімі көрсетілген тіркеу журналында тіркелген өтінішті қабылдау карточкасы шағымның қабылдануын растайтын құжат болып табылады. Шағымның қарастырылуы туралы тұтынушы 21-2-39, 21-3-66 телефондары арқылы білуіне болады.
      7. Алынып тасталды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011.09.27 N 253/13 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011.09.27 N 253/13 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2011 жылға арналған аудан бюджетінің шегінде жүзеге асырылады.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады