Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 67/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 07 желтоқсандағы N 356/29 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 желтоқсанда N 12-9-150 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына және 2011 жылдың 10 қазанында N 12-9-137 және 2011 жылдың 7 қарашада N 12-9-145 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" N 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 қыркүйектегі N 4/33 және 20 қазандағы N 2/34 шешімдеріне сәйкес, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 67/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде N 12-9-128 тіркелген, 2011 жылғы 07 сәуірде "Аққу үні" газетінің N 31 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақ келесі мәтіндегі 40), 41), 42), 43), 44) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "40) ауданның жалпы білім беретін мектептерінің оқу озаттары;
      41) 2010 - 2011 жылдары ауданның денсаулық сақтау мекемелеріне жұмыс істеуге келген дәрігерлер;
      42) адал және көпжылғы еңбегі үшін ордендермен және алқалармен марапатталған тұлғалар (еңбек ардагерлері);
      43) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шеккен және жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар;
      44) 2010 - 2011 жылдары ауданға келген барлық мамандықтар бойынша жас мамандар.".
      2 тармақ келесі мәтіндегі 32), 33), 34), 35) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "32) 1-тармақтың 40)-тармақшасында көрсетілген санатқа – жазғы демалысқа бір реттік материалдық көмек төлеуге – ата-аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, баланың туу туралы куәлігінің, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, Лебяжі ауданының білім бөлімінің қолдаухаты;
      33) 1-тармақтың 41), 44) - тармақшаларында көрсетілген санаттарға – бір реттік материалдық көмек төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, еңбек кітапшасының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, дипломның, жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық немесе бұйрықтан үзінді көшірмелері, үш жақты келісім-шарт;
      34) 1-тармақтың 42)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге – өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының көшірмелері, куәлік немесе мәртебесін растайтын анықтама;
      35) 1-тармақтың 43)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге – "Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік мекемесінен тізім.";
      3 тармақта:
      1) тармақшада төртінші абзацтағы "жүргізілген жұмыстардың нақты құнына сәйкес пәтерді ағымды жөндеу жасауға" сөздерінен кейін "көрсетілген қызмет келісім-шартына сәйкес," сөздерімен толықтырылсын;
      7) тармақшада "105840-ден 200000 теңге көлеміне дейін" сөздері  "(Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмші, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 105840 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш ауылдары–175000 теңге; Шақа, Шоқтал, Жабағлы ауылдары – 200000 теңге)" сөздерімен ауыстырылсын;
      келесі мәтіндегі 32), 33), 34), 35), 36) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "32) 1-тармақтың 40)-тармақшасында көрсетілген санатқа Қазақстан Республикасы аймағында шынықтыру лагерлерінде жазғы демалысты өткізу нақты құнына сәйкес, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде бір реттік материалдық көмек";
      33) 1-тармақтың 41)-тармақшасында көрсетілген санатқа бір реттік материалдық көмек 200000 теңге көлемінде, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;
      34) 1-тармақтың 42)-тармақшасында көрсетілген санатқа Астана қаласына экскурсияға бір реттік материалдық көмек 25000 теңге көлемінде, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;
      35) 1-тармақтың 43)-тармақшасында көрсетілген санатқа бір реттік материалдық көмек 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, тізім түскен кезінен 15 күн ішінде;
      36) 1-тармақтың 44)-тармақшасында көрсетілген санатқа бір реттік материалдық көмек аудан орталығының қашықтыққа байланысты (Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмші, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 105840 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш ауылдары – 175000 теңге; Шақа, Шоқтал, Жабағлы ауылдары – 200000 теңге) ағымдағы жылдың қыркүйек - желтоқсан айларында.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Қүрманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады