Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 67/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі N 253/13 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 қазанда N 12-9-138 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысысының 2014 жылғы 06 наурыздағы N 31/1-36/89 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің аппараты басшысының 06.03.2014 N 31/1-36/89 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" N 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың (XXVIII сессия IV шақырылған) 2011 жылғы 8 сәуірдегі N 7/28 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 67/2 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі Тізілімінде N 12-9-128 болып тіркелген, 2011 жылғы 07 сәуірде "Аққу үні" газетінің N 31 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      3 тармақта:
      1) тармақшасында:
      төртінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
      "жүргізілген жұмыстардың нақты құнына сәйкес пәтерді ағымды жөндеу жасауға, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;";
      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "электр пешін нақты құнына сәйкес сатып алуға, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;";
      23) тармақшасында:
      "(қыркүйек - қазан) жазылуға" сөздерінен кейін "18 АЕК көлемінде қатты отын сатып алуға және телефон орнатуға, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;" сөздерімен толықтырылсын;
      7 тармақ алынып тасталынсын;
      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                А. Құрманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады