Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы бекіткен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру жөніндегі N 836 қаулысымен бекітілген Ережелеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын ұйымдар мен мекемелердің тізбесі, сұранысы және ұсынысы, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көлемі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан бюджетінің қаржысы есебінен қоғамдық жұмыстарды дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" N 357-IV Заңының 8 бабының 1 тармақшасына сәйкес ең аз еңбекақы мөлшерінен кем емес еңбекақы есептеуді жүргізсін.
4. Орындалатын жұмыстардың көлемі қоғамдық жұмыстарды орындау үшін шарттарды бекіткен кезде көрсетілсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Бақтылы Кайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі С. Смағұлов
Шарбақты аудан әкімдігінің
2011 жылғы 28 қаңтардағы
N 38/1 қаулысына
1 қосымша
N р/с | Ауылдық округтер және мекемелердің атауы | Сұраныс (тұтыну туралы өтініші) | Ұсыныс (бекітілді) | Бюджет есебінен шығындардың жалпы сомасы (теңге) |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
"Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
13 |
13 |
460 000 |
2 |
"Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 |
7 |
339 000 |
3 |
"Галкино ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
11 |
11 |
414 900 |
4 |
"Жылыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
250 000 |
5 |
"Ильич ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
240 000 |
6 |
"Красиловка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
248 000 |
7 |
"Қарабидай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
187 400 |
8 |
"Назаровка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
160 000 |
9 |
"Северный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 |
5 |
206 000 |
10 |
"Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
118 800 |
11 |
"Сосновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
4 |
320 000 |
12 |
"Татьяновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
115 000 |
13 |
"Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
13 |
13 |
564 000 |
14 |
"Шегірен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 |
7 |
400 000 |
15 |
"Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
2 |
100 000 |
16 |
"Шарбақты ауданы Шарбақты ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
120 |
120 |
4 336 500 |
Округтер бойынша жиыны: |
212 |
212 |
8 459 600 |
|
Мекемелер (оның ішінде): |
||||
17 |
"Шарбақты орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны |
3 |
3 |
150 000 |
18 |
"Айгөлек" ясли-бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны |
10 |
10 |
160 000 |
19 |
"Забота" қарттар және мүгедектерге арналған интернат үйі" мемлекеттік мекемесі |
3 |
3 |
66 000 |
20 |
"Шарбақты ауданы әкімдігінің, Шарбақты ауданының оқу бөлімінің Балалар музыка мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны |
4 |
4 |
64 000 |
21 |
"Шарбақты N 3 орта жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі |
5 |
5 |
100 000 |
22 |
"Шарбақты Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі |
6 |
6 |
139 400 |
23 |
"Шарбақты N 2 жалпы негізгі білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі |
7 |
7 |
100 000 |
Мекемелер бойынша жиыны |
38 |
38 |
779 400 |
|
Барлығы |
250 |
250 |
9 239 000 |
Бір жұмыссыздың орташа еңбекақы төлемі 15 999 теңгені құрайды (ең аз еңбекақы төлемі). Әлеуметтік сақтандыру үшін есеп аудару - 462 000 теңгені кұрайды, банк кызметтері - 99 000 теңге. Бағдарлама бойынша жиыны - 9 800 000 теңге.
Шарбақты аудан әкімдігінің
2011 жылғы 28 қаңтардағы
N 38/1 қаулысына
2 қосымша
Қоғамдық жұмыстың түрлері
1. Елді мекендерді экологиялық сауықтыру (абаттандыру және көгалдандыру).
2. Құрылыс жасағанда және объектілерді жөндегенде көмек көрсету.
3. Жол жабындыларын жөндегенде көмек көрсету.
4. Республикалық және аймақтық қоғамдық кампанияларды өткізуге көмектесу (қоғамдық сауалдамалар, құжаттарды өңдеу, халық, мал, жер телімдері санағын өткізу, тұрғындармен ақпараттық түсінік және профилактикалық жұмыстар жүргізу).
5. Мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмектесу.(спорт жарыстары, фестивальдер және басқа да жаппай шаралар).
6. Ауру және қарт адамдарға күтім және көмек көрсету.
7. Құжаттарды өңдеу және курьерлік жұмыстарға көмек көрсету.