2011 жылға Айыртау ауданында субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың әрбір түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы N 193 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 маусымда N 13-3-136 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы N 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012.01.06 N 3 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасының 10-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 114 «2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық–материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы» қаулысы және «Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулы қосымшасына сәйкес, 2011 жылға Айыртау ауданында субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Жанділдин

Айыртау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 31 мамыр
№ 193 қаулысына
қосымша

2011 жылға Айыртау ауданында басымды ауыл шаруашылық дақылдардың субсидияланған әрбір түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ п/п

Жер өңдеу аймағы

Дақылдар

Себудің оңтайлы мерзімдері

1

2

3

4

1

ІІ - дала, тегіс жер, шоқ далалы

Дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар


Жаздық бидай, орташа кеш, орташа пісетін

17.05-04.06

Жаздық бидай, орташа ерте

28.05-08.06

Қыстық бидай

25.08-05.09

Қыстық қара бидай

25.08-05.09

Арпа орта кеш сорттары

25.05-30.05

Арпа орташа пісетін сорттары

30.05-05.06

Сұлы

25.05-30.05

Қарақұмық

25.05-30.05

Тары

28.05-05.06

Бұршақ тұқымдастар (бұршақ)

25.05-30.05

Майлы дақылдар:


Рапс (дәстүрлі технология бойынша)

13.05-20.05

Рапс (минималды және нөлдік технология бойынша)

18.05-26.05

Лен, қыша, беде қыша

17.05-20.05

Лен (минималды және нөлдік технология бойынша)

18.05-25.05

Күнбағыс май тұқымына

15.05-18.05

Картоп

18.05-25.05

Көкөніс және бақша өнімдері

10.05-10.06

Қорғалған жер көкөністері

10.05-10.06

Жемшөптік:


Көпжылдық бұршақ тұқымдастар бір жылдық, екі жылдық және үш жылдық шөптер

10.05-15.05

Бір жылдық егістен басқа да көп жылдық шөптік өсімдіктер

25.05-05.06

Сүрлемге жүгері және күнбағыс

16.05-20.05

Бір жылдық шөптер

01.06-05.06

2

IV - таулытас және таушықтасты (Көкшетау биіктігі шегінде)

Дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар:


Жаздық бидай, орташа кеш, орташа пісетін

16.05-05.06

Жаздық бидай, орташа ерте

28.05-08.06

Қыстық бидай

25.08-05.09

Қыстық қара бидай

25.08-05.09

Арпа орташа кеш сорттары

25.05-30.05

Арпа орташа пісетін сорттары

30.05-05.06

Сұлы

30.05-03.06

Қарақұмық

20.05-25.05

Тары

28.05-05.06

Бұршақ тұқымдастар (бұршақ)

20.05-25.05

Майлы дақылдар:


Рапс (дәстүрлі технология бойынша)

10.05-18.05

Рапс (минималды және нөлдік технология бойынша)

18.05-26.05

Лен, қыша, беде қыша

16.05-19.05

Лен (минималды және нөлдік технология бойынша)

18.05-25.05

Күнбағыс май тұқымына

14.05-18.05

Картоп

15.05-20.05

Көкөніс және бақша өнімдері

10.05-10.06

Қорғалған жер көкөністері

10.05-10.06

Жемшөптік:


Көпжылдық бұршақ тұқымдастар бір жылдық, екі жылдық және үш жылдық шөптер

10.05-15.05

Бір жылдық егістен басқа да көп жылдық шөптік өсімдіктер

25.05-05.06

Сүрлемге жүгері және күнбағыс

16.05-20.05


Бір жылдық шөптер

01.06-05.06

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады