Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша бір жолғы талондардың құны туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қыркүйектегі N 29-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 қазанда N 13-5-134 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 10-7 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 10-7 Шешімімен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңы 36-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Белгілеу:
      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жеке тұлғаларға кәсіпкерліктің ауық-ауық түрдегі қызметтері бойынша бір күнге бір жолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес.
      2. Күші жойылды деп санау:
      аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» шешімі (тіркеу номері 13-5-50 2008 жылғы 16 қаңтар, «Есіл өңірі» газеті 2008 жыл 18 қаңтар № 3, «Новости Приишимья» газеті 2008 жыл 21 қаңтар № 3);
      аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 шілдедегі № 7-4 «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 «Жеке түрді төлемдердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (тіркеу номері 13-5-83 2008 жылғы 26 тамыз, «Есіл өңірі» газеті 2008 жыл 1 қыркүйек № 35, «Новости Приишимья» газеті 2008 жыл 30 тамыз № 36);
      аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 шілдедегі № 12-3 «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-3 «Жеке түрді төлемдердің мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» шешімі (тіркеу номері 13-5-99 2009 жылғы 26 тамыз, «Есіл өңірі» газеті 2009 жыл 31 тамыз № 35, «Новости Приишимья» газеті 2009 жыл 30 тамыз № 35).
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден соң күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      ХXIХ сессиясы төрайымы                     хатшысы
      А. Нұрмағанбетова                          Б. Ысқақова

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ғабит Мүсірепов атындағы
      аудан бойынша салық басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            А. Жантеміров

2011 жылғы 14 қыркүйек № 29-3
аудандық мәслихаттың шешiмiне
қосымша

Кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша бір жолғы талондардың құны

Қызмет түрлері

Бір жолғы талондардың бір күнгі құны теңгемен

1.

(стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды жүзеге асыру

300

2.

(стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) қосалқы ауыл шаруашылығының тағамдары, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін жүзеге асыру

383

3.

Үй жануарларын бағу

3,3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады