Аудан әкімиятының 2008 жылғы 08 қаңтардағы № 02 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы № 255 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 желтоқсанда № 4-7-135 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімиятының 2008 жылғы 08 қаңтардағы № 02 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру" туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-78 санымен тіркелген, "Мақат тынысы" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 6 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 3 қосымшасындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Атырау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінің Мақат аудандық филиалы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті "Атырау облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Мақат аудандық филиалы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Ж. Сағиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қайненов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады