"Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV шешімге өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі N 32/382-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 31 қазанда N 2557 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының 2011 жылғы 15 маусымдағы № 7-3594-11 наразылығын қарай отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 14 шілдедегі № 14/187-IV шешімге (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2512, «Дидар» газетінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 140-141, «Рудный Алтай» газетінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 132 сандарында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын алған әрбір адамға тиісті мәслихаттар хатшылары және облыс (қала, аудан) әкімі:
      1) куәлік;
      2) төсбелгі тапсырады.
      Шығыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматының есімі облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматтары кітабына енгізіледі, ол тиісті мәслихатта немесе облыстық (қалалық, аудандық) өлкетану мұражайында сақталады.
      Жұртшылық ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Құрметті азаматтың есімі қалалар мен ауылдық елді мекендер көшелеріне берілуі мүмкін.».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Ж. Әшімов
 

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы                       В. Ахаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады