"Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ереже бекіту туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 25/7-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 36/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 5-4-155 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 3/3-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012.04.16  N 3/3-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997  жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөнінде Ереже бекіту туралы» мәслихаттың 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 25/7-IV шешімімен бекітілген, Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі Ережеге (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 21 мамырындағы № 5-4-132 тіркелген, 2010 жылдың 04 маусымындағы № 25 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 10 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «10. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шарттар қабылданады:
      1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі жұбайының тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген мекенжайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш берушінің үйінде, ата-аналары басқа жерде тіркелген және ата-аналық құқығынан айырылмаған 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, өтініш беруші баланың ата-анасының табыстарын растайды;
      3) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбының тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына хабарламаса - тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
      4) өтініш беруші жалғыз тұрса және оқу орнының күндізгі бөлімінде оқыса - өтініш беруші сонымен қатар ата-анасының табыстары туралы және олардың тұрғын үй көмегін алғандығы туралы мәліметті ұсынады.»;
      2) 12 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «12. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күнтізбелік күн ішінде, өз тұрғын үйінің жеке меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, тұрғын үй көмегі қызметін ақпараттандырады.
      Тұрғын үй жәрдемақысының негізсіз алынған сомасы, алушымен ерікті түрде, бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтаруға жатады.»;
      3) 29 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «29. Электроэнергияны тұтыну нормасы - әрбір тұратынға 90 кВт.».
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 01 қазандағы пайда болған қатынастарға тарайды.
 
 

      Кезекті сессияның төрағасы                 В. Бондаренко
 

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                А. Ермаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады