"Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 664 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қарашада № 8086 тіркелді

      Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 тіркелген «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 26 шілдедегі № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шілдедегі № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шілдедегі № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шілдедегі № 107 (2098) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық:
      мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
      «17-1. Аэронавигациялық ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әрбір алты ай сайын әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қауіпсіздік жай-күйіне мынадай нысан бойынша талдау ұсынады:
      1) өндірістік қызмет, онда мыналар бойынша ақпараттарды қамтитын өндірістік қызметтің негізгі бағыттары көрсетіледі:
      қызмет көрсетілген ұшу саны;
      әуе қозғалысының қарқындылығы;
      қызмет көрсетілген литерлі рейстердің саны;
      радиотехникалық жабдықтарды жаңғырту;
      әуе кеңістігінің құрылымын (ӘКҚ) өзгерту (жетілдіру), жүйесіне жаңа рәсімдерді енгізу;
      әуе кеңістігін пайдаланушыларды қажетті аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      көктемгі-жазғы (күзгі-қысқы кезең) кезеңдегі жұмысқа дайындық жүргізу;
      2) ӘКҚ органдарындағы ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі, оларда:
      ӘКҚ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің (ӘКҚ-мен байланысты авиация  қауіпсіздік пен оқыс оқиғалардың болуы немесе болмауы) жалпы деңгейін көрсету. ӘКҚ қызметі мамандарының кінәсі бойынша салыстырылатын кезеңдегі АЖ мен оқыс оқиғалардың санын салыстыра отырып, талдау жасаған өткен кезеңге сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін салыстыру:
      ӘКҚ органдарындағы ұшу қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мынадай негізгі аспектілер бойынша ақпарат беру қажет:
      апат;
      ұшуды доғару;
      ҰҚЖ рұқсатсыз пайдалану;
      әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу;
      белгіленген арақашықтықтарды бұзу;
      құстармен соқтығысу;
      радиобайланыстың жоғалуы;
      ӘКҚ персоналының кінәсынен екінші айналымға кету;
      қосалқы әуеайлаққа кету;
      ӘКҚ үйлестіру рәсімін бұзу;
      ұшу қауіпсіздігіне ӘКҚ бағыттары құрылымының әсері;
      3) кәсіби дайындық, онда ӘКҚ персоналдарын кәсіби дайындау бойынша мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат беріледі:
      ӘКҚ персоналының класын арттыру мақсатында аттестаттау комиссиясынан өту, дербес жұмысқа рұқсат алу, алғашқы рұқсат алу бойынша деректер және т.с.с.;
      ӘКҚ персоналдарының біліктілігін арттыру курсынан, алғашқы дайындық курсынан, арнайы курстардан өтулері бойынша деректер;
      ӘКҚ мамандарының біліктіліктері бойынша деректер;
      ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша деректер;
      4) тәртіп жағдайы, онда:
      қызметтердегі еңбек және технологиялық тәртіп жағдайына сипаттау;
      еңбек және технологиялық тәртіпті бұзудың ерекше жағдайын қысқаша сипаттау;
      ӘКҚ қызметі мамандарының арасында тәртіпті нығайту бойынша қорытынды жасау және ұсыныстар беру;
      жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалау мен еңбек және технологиялық тәртіпті нығайту бойынша жаңасын көздеу қажет;
      5) ұшуды радиотехникалық және электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету, онда:
      ұшуды радиотехникалық және электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету құралдарының істен шыққандығынан авиациялық жағдайлар мен оқыс оқиғалардың санын көрсету;
      нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне қауіп төнген ұшуды радиотехникалық және электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету құралдарының нәтижесінде негізсіз өшіру мысалдарын көрсету;
      қосалқы әуеайлақтарға қону, әуе кемелерінің ұшып шығуын және ұшып келуін тоқтату орын алған ұшуды радиотехникалық және электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету құралдарының істен шығуына байланысты әуеайлақтардың минимумдарын көбейту жағдайының санын көрсету;
      қазіргі уақытқа дейін жойылмаған бұрын болған кемшіліктерді көрсету қажет;
      6) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету, онда:
      ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жағдайына жалпы баға беру;
      қауіпті метеожағдай туралы ӘКҚ қызметін хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу жағдайын атау;
      ӘКҚ мен метеоқызметінің өзара іс-қимыл кемшіліктерін көрсету қажет;
      7) ұшуды әуеайлақтық қамтамасыз ету жағдайы, онда ұшуды қамтамасыз ететін қызметтермен ӘКҚ қызметінің өзара іс-қимылдағы кемшіліктерді көрсету қажет;
      8) қорытынды, онда:
      есепті жылға ӘКҚ қауіпсіздігін ұйымдастыру және жағдайы бойынша жалпы қорытынды жасау;
      алдын алу шаралары мен әдістемелік жұмыстарды жақсарту бойынша, сондай-ақ еңбек және технологиялық тәртіпті күшейту бойынша іс-шараларды белгілеу;
      қызметтің жеке құрамның еңбек жағдайы мен күнделікті жағдайларына талдау жасау және оны жақсарту бойынша ұсыныс дайындау;
      ұшуды қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды жақсарту бойынша іс-шараларды белгілеу қажет.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      «2-1. Объективті бақылау құралдарын пайдалану
      17-2. ӘКҚ мамандарының жұмыстарын объективті бақылау құралдарын пайдалану тәртібі.
      17-3. Талдауға «Диспетчер-Экипаж», «Диспетчер-Диспетчер», «Диспетчер-АМСА қадағалаушы» радиоалмасуларын, ӘКҚ органдарымен, кәсіпорындармен, басқа қызметтермен ӘКҚ қызметінің өзара іс-қимыл арналарын, сондай-ақ нұсқаулар мен ӘКҚ қызметінің кезекші ауысым жұмысындағы талдауларын міндетті түрде қамтитын (осы Нұсқаулықтың 6466789697-тармақтарына сәйкес ұйымдастырылатын жазбаша мәліметтер мен хабарлар) объективті бақылау құралдарынан үзінділері жатады.
      17-4. Үзінділер жасаған лауазымды адамдардың тізбесін азаматтық авиация ұйымының басшысы бекітеді.
      17-5. Объективті бақылау құралдарынан үзінділер және оған талдау жасау мынадай жағдайларда орындалады:
      1) жоспарлы:
      ӘКҚ қызметі бастығының бақылауы үшін айына 2 реттен кем емес. Көлемді ӘКҚ қызметінің бастығы белгілейді;
      ӘКҚ ауысым мамандарының (аға диспетчерлер) жұмыстарына ұшу жетекшісі бақылау жасау үшін – (негізгі сағаттардағы әр ауысым бойынша) - айына 2 реттен кем емес. Көлемін ұшуды басқарушы (аға диспетчер) анықтайды;
      күрделі метеорологиялық жағдайларда ӘКҚ қызметінің диспетчерлері мен АМСА қадағалаушылары арасында келіссөздер жүргізуді бақылау үшін - ӘКҚ қызметі басшылары белгілеген мөлшерде және диспетчерлік пункттерде, айына 1 реттен кем емес;
      аралас диспетчерлік пункттермен ӘКҚ қызметі диспетчерлерінің келіссөздер жүргізуін бақылау үшін - ӘКҚ қызметі басшылары белгілеген мөлшерде, айына 1 реттен кем емес.
      2) жоспардан тыс:
      авиациялық оқиғалар кезінде Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасының талаптарына сәйкес;
      «А» литерлі рейсін қамтамасыз ету кезінде;
      әуе қозғалысы кезіндегі инцидент туралы әуе кемесінің экипажынан есеп беру түскен кезде.
      17-6. Аэронавигациялық ұйым ӘКҚ қызметіндегі объективті бақылау құралдарының деректерін ажыратып талдау жүргізу негізінде есеп жасайды.
      Есеп азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын беріледі.»;
      331-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «331. RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшу үшін әуе кемелері ұшудың барометрлік биіктігі туралы деректерді хабарлайтын қабылдау-жауап беру құралдарымен жарақталады.
      Әуе жағдайының индикаторында көрсетілген ұшудың берілген эшелонынан (биіктігінен) рұқсат етілген ауытқу:
      әуе кеңістігінде ұшу кезінде RVSM ±60 метрді (±200 фут);
      RVSM ±60 метрді (±200 фут) қолданылмайтын әуе кеңістігінде ұшу эшелоны төмендегенде 290 және ±90 метрді (±300 фут) ұшу эшелоны жоғарылағанда 410 құрайды.
      Жасалған келісімге сәйкес ӘКҚ органы RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде рұқсат етілген ауытқулардан асып кету туралы мәліметтерді өңірлік мониторингтік агенттікке жібереді.»;
      334-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      334. Эшелонды әуе кемесінің қамту өлшемі анықталған кезде RVSM әуе кеңістігінде ±60 метр (±200 фут) пайдаланылады. RVSM пайдаланылмайтын әуе кеңістігінде ол ұшу эшелоны төмендегенде ±90 метрді (±200 фут) жоғарылағанда 290 және ±90 метрді (±300 фут) құрайды.»;
      405-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «405. Келіп қонатын және ұшып кететін әуе кемелері үшін ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарын беру көрсетілген тәртіппен ақпараттың мынандай элементтерін қамтиды:
      1) әуеайлақтың атауы;
      2) әріптік индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) қонуға ұсынылған кіру түрі;
      5) ҰҚЖ пайдаланылатын (дар);
      6) ҰҚЖ бетінің жай-күйі және тежегіштің тиімділігі (ілінісу коэффициенті);
      7) күту аймағындағы кідіру (қажет болған кезде);
      8) өту эшелоны;
      9) басқа маңызды операциялық ақпарат;
      10) егер жерге жақын желдің ҰҚЖ пайдаланатын тиісті учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесінің нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететін болса, жерге жақын желдің (магниттік меридианға қатысты мөлшердегі), соның ішінде кейбір өзгерістердің бағыты мен жылдамдығы;
      11) көру мүмкіндігі мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы (егер көру мүмкіндігі немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      12) ағымдағы ауа райы;
      13) 1500 метр бұлттылығы (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолютті биіктіктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгірттенсе – тікелей көрінімділік, онда осындай деректер бар болса;
      14) ауа температурасы;
      15) шық нүктесінің температурасы;
      16) биіктік өлшегішті орнатуға арналған деректер;
      17) желдің аусуын қоса қонуға кіру аймақтарындағы ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы кез келген қолда бар ақпарат және ұшуды жүргізуге әсер ететін ауа райының жуық арадағы құбылыстары туралы ақпарат;
      18) «тренд» үлгісіндегі қонуға болжам;
      19) ATIS ерекше нұсқаулары.»;
      406-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «406. Тек ұшып келетін кемелер үшін ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарларын беру ақпараттың көрсетілген тәртіптегі мынадай элементтерін қамтиды:
      1) әуеайлақ атауы;
      2) әріптік индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) қонуға болжамды кіру түрі;
      5) пайдаланылатын ҰҚЖ;
      6) ҰҚЖ бетінің жай-күйі және тежегіштің тиімділігі (ілінісу коэффициенті);
      7) күту аймағындағы кідіру (қажет болған кезде);
      8) өту эшелоны;
      9) басқа маңызды операциялық ақпарат;
      10) егер жерге жақын желдің ҰҚЖ пайдаланатын тиісті учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесінің нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететін болса, жерге жақын желдің (магниттік меридианға қатысты мөлшердегі) соның ішінде кейбір өзгерістердің бағыты мен жылдамдығы;
      11) көру мүмкіндігі мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы (егер көру мүмкіндігі немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      12) ағымдағы ауа райы;
      13) 1500 метр бұлттылығы (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолютті биіктіктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгірттенсе – тікелей көрінімділік, онда осындай деректер бар болады;
      14) ауа температурасы;
      15) шық нүктесінің температурасы;
      16) биіктік өлшегішті орнатуға арналған деректер;
      17) қонуға кіру аймақтарындағы кез келген ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы және ұшуды жүргізуге әсер ететін ауа райының жуық арадағы құбылыстары туралы ақпарат;
      18) «тренд» үлгісіндегі қонуға болжам;
      19) ATIS ерекше нұсқаулары.»;
      407-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «407. Тек ұшып кететін әуе кемелері үшін ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарларын беру ақпараттың көрсетілген тәртіптегі мынадай элементтерін қамтиды:
      1) әуеайлақ атауы;
      2) әріптік индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) пайдаланылатын ҰҚЖ;
      5) ҰҚЖ бетінің жай-күйі және тежегіштің тиімділігі (ілінісу коэффициенті);
      6) басқа маңызды шұғыл ақпарат;
      7) егер жерге жақын желдің ҰҚЖ пайдаланатын тиісті учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесінің нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететін болса, жерге жақын желдің (магниттік меридианға қатысты мөлшердегі) соның ішінде кейбір өзгерістердің бағыты мен жылдамдығы;
      8) көру мүмкіндігі мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы (егер көру мүмкіндігі немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      9) ағымдағы ауа-райы;
      10) бұлттылығы 1500 метр (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолютті биіктіктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгірттенсе – тікелей көрінімділік, онда осындай деректер бар болса;
      11) ауа температурасы;
      12) шық нүктесінің температурасы;
      13) биіктік өлшегішті орнатуға арналған деректер;
      14) ұшу және қону аймақтарындағы кез келген ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы, желдің жылжуы ескерілген қолда бар ақпарат;
      15) «тренд» үлгісіндегі қонуға болжам;
      16) ATIS ерекше нұсқаулары.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады