Шалқар ауданы бойынша 2012 жылға біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 24 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 мамырда № 3-13-170 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2013.01.22 № 59 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шалқар ауданындағы жұмыс жасап тұрған базарлардағы сауда жасаушыларға бір жолғы талонның құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қызметі эпизодтық сипаттағы жеке тұлғалар үшін Шалқар ауданы бойыша кәсіпкерліктің түрлеріне байланысты бір жолғы талондардың құны  2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Аудандық мәслихаттың             Аудандық мәслихаттың
         сессия төрағасы                      хатшысы

           Ж. Елемес                       С. Тулемисов

Аудандық мәслихатының
2012 жылдың 25 сәуіріндегі
№ 24 шешіміне 1 қосымша

Шалқар ауданындағы жұмыс жасап тұрған базарлардағы сауда
жасаушыларға бір жолғы талонның құны

р/с

Сатылатын тауарлар түрі

Бір күнге бір жолғы
талон құны (теңге)

1

Азық-түлік тауарлары

100


1. Азық-түлік тауарлары (жеміс-
жидектер, балықтар, сүт өнімдері)

100


2. Қолдан алып-сату

100


3. Сөреде және шатырда сату

100


4. Жеңіл машинада сату

100


5. Жүк көліктерінде сату

100

2

Сөрелерде ет өнімдерін сату

200

3

Өнеркәсіп тауарлары

100


1. Қолдан алып- сату

100


2. Сөреде және шатырда сату

100


3. Жеңіл машинада сату

100


4. Жүк көліктерінде сату

100

4

Автобөлшектер саудасы

100

5

Жануарлар саудасы, оның ішінде:
1. Ірі-қара мал сату
2. Ұсақ мал сату

130
70

6

Құс сату

70

      Ескерту: Бір жолғы талон құны жабық базарларда келісім-
шарт арқылы жалға орын алған кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке кәсіпкерлерге жіберілмейді.

Аудандық мәслихатының
2012 жылдың 25 сәуіріндегі
№ 24 шешіміне 2 қосымша

Қызметi эпизодтық сипаттағы жеке тұлғалар үшiн Шалқар ауданы
бойынша кәсiпкерлiктiң түрлерiне байланысты
бiр жолғы талондардың құны.

р/с

Кәсіпкерлік қызмет түрі

Бір күнге бір жолғы
талон құны /тенге/

1

Дәнді-дақылдар, көшеттер және
көшеттер отырғызуға арналған
ыдыстарды сату

100

2

Бақша өнімдерін сату

100

3

Жеке тракторларын жер койнауын
өңдеп алу үшін жалға өткізу

100

4

Үйлер үшін өсірілген тірі
гүлдерді өткізу

100

5

Ауыл-шаруашылық мақсатында
өсірілген бау-бақша өнімдерін
өткізу

100

6

Үй жануарларын бағу, оның ішінде:
1. ірі-қара сиыр бағу
2. қой, ешкі бағу


30
20

7

Орман жидегін сату

100

8

Бал сату

100

      Ескерту: Бір жолғы талон құны жабық базарларда келісім-
шарт арқылы жалға орын алған кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке кәсіпкерлерге жіберілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады