Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 17.05.2013 N 19/01 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген білім беру саласындағы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі С. Касимов
Саран қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 15 қарашадағы
N 42/04 қаулысымен
бекітілген
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт
бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін
оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе оларға бағынысты жүйелер;
2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;
3) уәкілетті орган – "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет орта білім беретін ұйымдармен көрсетіледі (бұдан әрі – білім беру ұйымы), (байланыс мәліметтері осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген).
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнаулы білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы N 100 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 974 бұйрығы негізінде реттеледі.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.
9. Мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына жүгінеді және өтініш береді, білім беру ұйымының басшысына құжаттар пакетін ұсынады;
2) білім беру ұйымының басшысы құжаттарды тіркейді, мемлекеттік қызметті алушының қызметті алған күні көрсетілген тізімдемені береді;
3) білім беру ұйымының басшысы келіп түскен құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдейді, бұйрық не бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және мемлекеттік қызметті алушыға береді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжат қабылдауды іске асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер тәртібінің (өзара іс-қимылдардың) сипаттамасы
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) медициналық көрсеткіштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы қорытынды: жергілікті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрігерлік-консультациялық комиссия береді;
2) мүгедек баланы үйде оқыту үшін білім беру бағдарламасы түрінің қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация береді;
3) білім беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркін нысанда жазған өтініші;
4) мемлекеттік қызметті алушы ата-аналарының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
5) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;
6) мекенжай анықтамасы;
7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.
12. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 65 мекенжайы бойынша орналасқан "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде және www.obrazovanie.saran.kz. ресми сайтынан алуға болады.
13. Мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттары білім беру ұйымының басшысына тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға алатын күні белгіленген тізімдеме беріледі.
15. Қызмет көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілінің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
16. Білім беру ұйымы осы регламенттің 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):
білім беру ұйымының басшысы.
18. Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне жауапты тұлға білім беру ұйымының басшысы болып табылады (бұдан әрі – лауазымды тұлға).
Лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімдерде көрсетуді іске асыру мен сапасына жауапты болады.
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру
үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
1-қосымша
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызметін көрсету бойынша
байланыс деректері
Білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымының атауы |
Орналасқан орны, мекенжайы, электрондық мекенжайы |
Байланыс телефоны |
Жұмыс кестесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 1 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 50 |
8 (72137) 26111 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 2 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ушаков көшесі, 8/1 |
8 (72137) 27002 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 4 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 62 |
8 (72137) 23391 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 6 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, 1а ықшам ауданы, 26 үй |
8 (72137) 44421 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 7 орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, 2 ықшам ауданы, 15 б үйі |
8 (72137) 31245 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 13 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Ақтас кенті, Бородин қалтарысы, 7 |
8(72137) 55028 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 16 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Ақтас кенті, Космическая көшесі, 11 |
8(72137) 55027 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін |
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің N 17 орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай көшесі, 25а |
8(72137) 42027 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін |
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру
үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
2-қосымша
Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдеріс іс-әрекеттері (жұмыстар ағыны, барысы) |
|||
Іс-әрекет N (жұмыстардың барысы, ағыны) |
1 |
2 |
3 |
ҚФБ атауы |
Білім беру ұйымының басшысы |
Білім беру ұйымының басшысы |
Білім беру ұйымының басшысы |
Іс-әрекет (үрдістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу |
Құжаттарды қарау |
Бұйрықты тіркеу |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) |
Мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген тізімдемені беру |
Бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты шығару |
Бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру |
Орындау мерзімдері |
15 минут |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
1-топ ҚФБ Білім беру ұйымының басшысы |
2-топ ҚФБ Білім беру ұйымының басшысы |
3-топ ҚФБ Білім беру ұйымының басшысы |
N 1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген тізімдемені беру |
N 2 іс-әрекет Құжаттарды қарау |
N 4 іс-әрекет Бұйрықты тіркеу |
N 3 іс-әрекет Бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты шығару |
N 5 іс-әрекет Бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру |
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
1-топ ҚФБ Білім беру ұйымының басшысы |
2-топ ҚФБ Білім беру ұйымының басшысы |
3-топ ҚФБ Білім беру ұйымының басшысы |
N 1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау, өтінішті тіркеу, мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген тізімдемені беру |
N 2 іс-әрекет Құжаттарды қарау |
|
N 3 іс-әрекет Бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты шығару |
N 4 іс-әрекет Бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру |
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру
үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
3-қосымша