Мәслихаттың 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 112 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 19 ақпандағы № 120 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 наурызда № 4062 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № 182 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 25.10.2013 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 47-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 112 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3980 тіркелген, 2013 жылғы 17 қаңтарда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасынан:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            М. Талтақова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________ В. Гребенюк

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджет жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ Г. Айсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады