"Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару" электрондық мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 08 ақпандағы № 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8371 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 02.07.2014 № 298 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына және «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден шығару» электрондық мемлекеттiк қызметтiң регламентi бекiтiлсiн.
      2. «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден алу» мемлекеттiк қызметiнiң регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 628 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 қаңтарда № 7377 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 3, 2012 жыл).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (Н.Д. Үсенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуінен кейiн оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi А.М. Теңгебаевқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жәмішев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
көлік және коммуникация министрі
_____________А. Жұмағалиев
2013 жылғы 11 ақпан

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2013 жылғы 8 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен  
бекітілген    

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және
(немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару»
электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – электрондық мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1498 қаулысымен бекiтiлген «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тiркеу және оларды тiркеуден алу» мемлекеттiк қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
      4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
      5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
      2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе (бұдан әрi – АЖ);
      3) алушы – электронды мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жеке тұлға (жеке кәсіпкер);
      4) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырылған түрде қалыптастыратын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);
      5) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрi – ЖСН);
      6) «Жеке тұлға» мемлекеттiк деректер базасы – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бiрыңғай сәйкестендiрудi енгiзу мақсатында Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн құруға және олар туралы өзектi және нақты мәлiметтердi мемлекеттiк басқару органдарына және құзыреттерi шеңберiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге субъектiлерге де беруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрi – ЖТ МДБ);
      7) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi – халыққа (жеке тұлғаларға) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы қызмет көрсету үдерiсiн автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрi – ХҚКО АЖ);
      8) құрылымдық-функционалдық бірліктер – ақпараттық жүйелері қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – ҚФБ);
      9) мемлекеттiк электрондық қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет;
      10) пайдаланушы – оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;
      11) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;
      12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      13) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрi – ЭҮП);
      14) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметті іске асыру шеңберінде ақпараттық жүйелерін шоғырландыруға арналған ақпараттық жүйесі (бұдан әрi – ЭҮШ);
      15) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрi – ЭЦҚ).

2. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiнде қызмет
берушi әрекетiнiң тәртiбi

      6. Осы Регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттерi мен шешiмдерi (қызметтi көрсеткен кезде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) көрсетілген:
      1) алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен алушы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-үдерiс – алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, электрондық мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушының ЭҮП парольдi енгiзу үдерісі (авторландыру үдерiсi);
      3) 1-шарт – логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЭҮП тексеру;
      4) 2-үдеріс – алушыны деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП қалыптастыру;
      5) 3-үдерiс – алушының осы Регламентте көрсетiлген электрондық мемлекеттік қызметтi таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметтi көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, алушының нысанды толтыруы үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару (деректердi енгiзу);
      6) 4-үдерiс – алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      7) 2-шарт – ЭҮҚ-ның тіркеу куәлігін қолдану мерзімін ЭҮП-та тексеру және кері қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауы, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуі және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН;
      8) 5-үдерiс – алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
      9) 6-үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгiзiлген деректердiң) толтырылған нысанын алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7-үдерiс – электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ сұрау салуды өңдеу;
      11) 3-шарт – қызмет берушінің электрондық мемлекеттiк қызметі алу үшін қойылатын талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру;
      12) 8-үдерiс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      13) 9-үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      7. Осы Регламенттiң 1-қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО АЖ АЖО арқылы адымдық әрекеттерi мен шешiмдерi (қызметтi көрсеткен кезде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2-диаграммасы) көрсетілген:
      1) 1-үдерiс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін орталық операторының ХҚКО АЖ АЖО логин мен парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);
      2) 2-үдерiс – орталық оператордың осы Регламентте көрсетiлген электрондық мемлекеттік қызметтi таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметтi көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және орталық операторымен алушының деректерін енгізуі;
      3) 3-үдеріс – алушының деректері туралы ЖТ МДБ ЭҮШ сұрау салу жіберу;
      4) 1-шарт – ЖТ МДБ алушылар деректерінің болуын тексеру;
      5) 4-үдерiс – ЖТ МДБ алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
      6) 5-үдерiс – орталық операторымен алушымен ұсынылған сауал салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгiлеу бөлiгiнде толтыруы және құжаттарды сканерлеуi, оларды сауал салу нысанына бекiтуi және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сауал нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
      7) 6-үдерiс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ ЭҮШ арқылы орталық операторының ЭЦҚ куәландыралған (қол қойылған) электрондық құжатты (сұрау салуды) жіберу;
      8) 7-үдерiс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ сұрау салуды тіркеу;
      9) 8-үдерiс – АЖО қызмет берушінің сұрауын жіберу;
      10) 9-үдерiс – АЖО қызмет берушінің сұрауын тіркеу;
      11) 2-шарт – электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу және қызмет берушінің қызметтерді алу үшін алушының қойылатын талаптар мен шарттарға сәйкес келуін тексеруі;
      12) 10-үдерiс – қызмет берушінің АЖО алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      13) 11-үдерiс – қызмет берушінің АЖО қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін алушының алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      8. Электрондық мемлекеттік қызметті сауал салуды толтырудың және жауап беру экрандық нысандары және электрондық мемлекеттік қызмет өтінімінің нысаны «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталында ұсынылған.
      9. Алушымен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұраныстың орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: ЭҮП-те «Қызметтерді алу тарихы» бөлімде, сондай-ақ орталыққа жүгінген кезде.
      10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны call-орталығының (1414) нөмірі арқылы алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі өзара
байланыс тәртібін сипаттау

      11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
      1) ЭҮП;
      2) ЭҮШ;
      3) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;
      4) ЖТ МДБ;
      5) ХҚКО АЖ.
      12. Әрбiр әрекеттi орындау мерзiмi көрсетiлген әрекеттер реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы (функциялар, рәсімдер, операциялар) осы Регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.
      13. Сипаттамаларына сәйкес әрекеттерiнiң (электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде) логикалық реттiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететiн диаграмма осы Регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
      14. Осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаға тіркеу туралы растама, тіркеуден бас тарту туралы дәлелдi жауап, тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректерге өзгерiстер енгiзу, тіркеуден шығару туралы растама, тіркеуден шығарудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      15. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерi осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      16. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесiне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
      2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
      3) қолжетiмдiлiк (ақпарат пен ресурсты рұқсатсыз ұстаудан қорғау).
      17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудiң техникалық шарттары:
      1) Интернетке кiру;
      2) алушының ЖСН-iнiң болуы;
      3) ЭҮП-мен авторизация;
      4) алушыда ЭЦҚ-ның болуы.

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық     
басқарушылардың және (немесе) сырттай    
байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға  
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды   
тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 1-қосымша            

ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара
функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы

Электрондық мемлекеттік қызметтің ХҚКО АЖ арқылы көрсету
кезінде өзара функционалдық әрекет етудің № 2 диаграммасы 


 

Шартты белгілер:

 

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық     
басқарушылардың және (немесе) сырттай    
байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға  
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды   
тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 2-қосымша             

1-Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Iс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

ҚФБ атауы

Алушы

ЭҮП

Алушы

Алушы

ЭҮП

Алушы

«Е-лицензиялау» АЖ»

«Е-лицензиялау» АЖ»

«Е-лицензиялау» АЖ»

Iс-әрекет атауы (үдерiс, рәсiм, операциялар) және олардың сипаттамасы

Алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiту

Алушының деректерiндегi бұзушылықтармен байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастырады

Қажеттi құжаттарды электрондық түрде бекiтумен сауал деректерiн қалыптастырады және электрондық мемлекеттік қызметтi таңдайды

Куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ таңдауы

Алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ көмегiмен сауалды куәландыру (қол қою)

Электрондық құжатты (алушының сауалын) тiркеу және сауалды өңдеу

Куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ таңдауы

Электрондық құжат

Аяқтау пішіні (ұйымдастыру-өкімдік құжат шешімдердің мәліметтері)

Сауал салу сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны шығару

Сауал салынып жатқан электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сауал салу сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны шығару

Сауал салуды бағыттау

Сауал салынып жатқан электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сауал салуды бағыттау

Өтінімге нөмір берумен сауал салуды тіркеу

Сауал салынып жатқан электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаға тіркеу туралы растама, тіркеуден бас тарту туралы дәлелдi жауап, тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректерге өзгерiстер енгiзу, тіркеуден шығару туралы растама, тіркеуден шығарудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

Орындалу мерзімі

10-15 сек.

20 сек.

1,5 мин.

10-15 сек.

10-15 сек.

1,5 мин.

1,5 мин.

20 сек.

5 жұмыс күні

Келесі іс-әрекеттің орындалуы

2 – егер алушының деректерінде бұзушылықтар бар болса;
3 – егер авторизациялану сәтті өтсе.

4

7 – егер ЭЦҚ қате болса; 8 – егер ЭЦҚ қатесіз болса.

10 – қызмет берушінің қызметтерді алу үшін қойылатын талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру.

2-Кесте. ХҚКО арқылы ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы 

Iс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

ҚФБ атауы

ХҚКО АЖ АЖО

Орталықтың операторы

Орталықтың операторы

ЖТ МДБ

Орталықтың операторы

Орталықтың операторы

«Е-лицензиялау» МДБ

қызмет берушінің АЖО

қызмет берушінің АЖО

қызмет берушінің АЖО

қызмет берушінің АЖО

Iс-әрекет атауы (үдерiс, рәсiм, операциялар) және олардың сипаттамасы

Орталықтың операторы логині және паролі арқылы авторизацияланады

Электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды және сұрау салудың деректерін қалыптастырады

ЖТ МДҚ сұрау салуды жіберу

Алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастырады

Сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды тіркеу мен сұрау салуды толтыру және ЭЦҚ куәландыру

ЭЦҚ куәландырған (қол қойылған) құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ жолдау

Құжатты тіркеу

Сұрауды жіберу

Сұрауды тіркеу

АЖО-ғы алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы

Электрондық құжат

Аяқтау пішіні (ұйымдастыру-өкімдік құжат шешімдердің мәліметтері)

Өтінімге нөмір берумен сауал салуды жүйеде тіркеу

Сауал салу сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны шығару

Сауал салуды бағыттау

Дәйектендірілген бас тартуды қалыптастыру

Сауал салу сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны шығару

Сауал салуды бағыттау

Өтінімге нөмір берумен сауал салуды тіркеу

Сауал салуды бағыттау

Өтінімге нөмір берумен сауал салуды тіркеу

Дәйектендірілген бас тартуды қалыптастыру

Уәкілетті органның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаға тіркеу туралы растама, тіркеуден бас тарту туралы дәлелдi жауап, тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректерге өзгерiстер енгiзу, тіркеуден шығару туралы растама, тіркеуден шығарудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

Орындалу мерзімі

30 сек. - 1 мин.

30 сек.

1,5 мин.

1,5 мин.

30 сек. - 1 мин.

1 мин.

1 мин.

30 сек. - 1 мин.

1 мин.

1,5 мин.

5 жұмыс күні

Келесі іс-әрекеттің орындалуы

2

3

4 – егер алушының деректерінде бұзушылықтар болса;
5 – егер бұзушылықтар болмаса.

4 – егер бұзушылықтар болса;
5 – егер бұзушылықтар болмаса.





«Оңалтушы және (немесе) конкурстық     
басқарушылардың және (немесе) сырттай    
байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға  
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды   
тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 3-қосымша          

Нысан

Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаның тіркелуі туралы растама

20___ жыл __________________ № _____

       «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті __________________________________________________________________
                 (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасының________________________________________
                           (облыс, Астана, Алматы қаласы)

аумағында________________________________________________________
            (оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар
                және (немесе) сырттай байқау әкімшісі)

қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлға ретінде тіркелгендігіңізді растайды.
Ескерту: «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9-тармағына сәйкес тіркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректер өзгерген кезде, уәкiлеттi органда тiркеуде тұрған тұлға уәкiлеттi органға өзгерiстер туралы он жұмыс күнi iшiнде хабарлауға мiндеттi.

[Қол қоюшының лауазымы]              [Қол қоюшының тегі,
                             аты және әкесінің аты (бар болса)]

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей

Нысан

Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға тіркеуден бас тарту туралы дәлелдi жауап

20___ жыл __________________ № _____

       «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті

______________________________________________________________
         (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

______________________________________________________________
             (тіркеуден бас тарту негіздемесі)

байланысты ___________________________________________________
          (оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар
             және (немесе) сырттай байқау әкімшісі)

қызметін жүзеге асыруға тіркеуден бас тартады.

[Қол қоюшының лауазымы]              [Қол қоюшының тегі, аты және
                                     әкесінің аты (бар болса)]


Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей               

Нысан

Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе)
сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректерге өзгерiстер енгiзілгені туралы растама

20___ жыл __________________ № _____

       «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті

______________________________________________өтініш негізінде
              (өтініштің нөмірі және күні)

_____________________________________________________________
        (оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар
           және (немесе) сырттай байқау әкімшісі)

_____________________________________________________________
           (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

деректеріне өзгерістер енгізілгенін растайды.

[Қол қоюшының лауазымы]          [Қол қоюшының тегі, аты және
                                  әкесінің аты (бар болса)]

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей

 Нысан

Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаны тіркеуден шығару туралы растама

20___ жыл __________________ № _____

        «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті

____________________________________________________ негізінде

____________________________________________________
       (оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар
           және (немесе) сырттай байқау әкімшісі)

____________________________________________________
       (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

тіркеуден шығарылғанын растайды.

[Қол қоюшының лауазымы]      [Қол қоюшының тегі,
                              аты және әкесінің аты (бар болса)]

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей

 Нысан

Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаны тіркеуден шығарудан бас тарту туралы дәлелді жауап

20___ жыл __________________ № _____

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті

_____________________________________________________ негізінде
_______________________________________________________________
       (оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар
               және (немесе) сырттай байқау әкімшісі)
_______________________________________________________________
            (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

тіркеуден шығарудан бас тартады.

[Қол қоюшының лауазымы]        [Қол қоюшының тегі,
                                аты және әкесінің аты (бар болса)]

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей


«Оңалтушы және (немесе) конкурстық  
басқарушылардың және (немесе) сырттай 
байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды
тіркеуден шығару» электрондық мемлекеттік
қызметтің регламентіне 4-қосымша   

«Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және
(немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға
құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару»
электрондық мемлекеттiк қызметтiң «сапа» және «қолжетiмдiлiк»
көрсеткiштерiн анықтау үшiн сауалнама
 

      1. Сiз электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсi сапасымен және нәтижесiмен қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын;
      2) iшiнара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
      2. Сiз электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын;
      2) iшiнара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады