Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 12 ақпандағы № 75 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8385 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-139/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.10.2020 № ҚР ДСМ-139/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.05.2019 № ҚР ДСМ-61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.05.2019 № ҚР ДСМ-61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасы Д.С. Есімовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Е. Байжүнісов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен
бекітілген

Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.05.2019 № ҚР ДСМ-61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларды мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:

      1) өтініш беруші – медициналық мақсаттағы бұйымдар көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру туралы хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;

      2) қабылдайтын ұйым – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Ведомствоның аумақтық бөлімшелері);

      3) түпкілікті қабылдаушы – медициналық бұйымдарды көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізумен байланысты қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы (тоқтатылуы) туралы хабарлаған субъектілердің тізілімін жүргізетін ведомствоның аумақтық бөлімшелері.

2. Тізілімді қалыптастыру тәртібі

      3. Тізілімдер өтініш беруші хабарлама негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      Тізілімдер қазақ және орыс тілдерінде толтырылады және Exсel форматындағы электрондық түрде жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының сұрау салуы бойынша тізілімдерге енгізілген деректер ұсынылады.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ тіркеу деректерінің өзгеруі туралы хабарлама түскен жағдайда тізілімге хабарлама берілген күні тиісті өзгерістер енгізіледі.

      4. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында еркін қолжеткізу режимінде орналастырылады.

      5. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметі немесе қызметінің жекелеген түрлері сотпен тоқтата тұрған жағдайда тізілімге тиісті мәліметтер енгізіледі.

      6. Тізілімге хабарламада көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан орны, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын ақпараттың, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы деректер енгізіледі.

      7. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді және тоқсан сайын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-61 бұйрығына
қосымша
  Нысан

Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімі

Хабарламаның түскен күні мен уақыты

Заңды тұлғаның толық атауы, БСН / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайлары, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайлары

Қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы, қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың тоқтатылуы, хабарламада көрсетілген деректердің өзгеруі туралы мәліметтер

Өтініш берушінің байланыс деректері (электрондық почта, телефон, факс)

Қызметті (белгілі бір әрекетті) жүзеге асырудың басталу уақыты мен орны

Қызметті (белгілі бір әрекетті) жүзеге асырудың тоқтатылу уақыты мен орны (егер ол Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделсе)

1

2

3

4

5

6

7

8











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады