Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11564 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 26.01.2016 № 13 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тіркеу және есепке алуды одан әрі жетілдіру және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы және  «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы»Қазақтан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңдарының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау қағидасы бекітілсін.
      2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8518 санымен тіркеліп, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 216 (27490); «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 156 (28095) сандарында жарияланған);
      2) «Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9003 санымен тіркеліп, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 (27620); «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 284 (28223) сандарында жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                             А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы 
Бас Прокурорының    
2015 жылғы 29 мамырдағы 
№ 67 бұйрығымен бекітілген

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңын 18-бабы 2-тармағын (бұдан әрі - Заң), сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін орындау мақсатында әзірленген.
      2. Қағида:
      тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi (бұдан әрі – тексерудің тағайындалғаны туралы акті) (бұйрық, қаулы, нұсқама және т.б.) тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсынудың тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тексерулерді тіркеу және есепке алу – тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну бойынша іс-шаралар кешені;
      2) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – ЭАЕҚ) – электронды түрде белгіленген нысандағы құқықтық статистикалық ақпаратты тасымалдаушы, оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптастырылады;
      3) қауіп-қатерді бағалау жүйесі – тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
      4) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
      5) тексерілетін объектілер – бақылау мен қадағалауға жататын тексерілетін субъектінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізіндегі мүлкі;
      6) тіркеу және есепке алу субъектілері – жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметіне тексеруді және бақылау мен қадағалауды жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;
      7) уәкілетті орган – өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi жүзеге асыратын, тіркеу мен есепке алуды жүргізуге уәкілеттілігі бар мемлекеттiк орган.
      4. Тексерулерді тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін тексерулердің нәтижелері бойынша қалыптастырылатын айқын және дәйекті құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, есепке алу, талдау және мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну мақсатында жүзеге асырылады.
      5. Тексерулерді тіркеу және есепке алу рәсіміне:
      Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру тағайындау туралы актілерді (тексеру мерзімін ұзарту туралы актілерді) және Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талон-хабарламаның негізінде тексеру нәтижесін уәкілетті органда тіркеу;
      тексерулерді тоқтату, жаңғырту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды уәкілетті органда есепке алу;
      электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну;
      уәкілетті органның тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім шығаруы кіреді.

2. Тексерулерді тіркеу және есепке алу тәртібі

      6. Тексеру тағайындау туралы актіні Заңмен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру субъектісінің (объектісінің) орналасқан жері бойынша тексеру басталғанға дейін уәкілетті орган жүзеге асырады.
      7. Аймақта уәкілетті органның әскери немесе көліктік бөлімшелері болмаған жағдайда, тіркеу рәсімін уәкілетті органның аумақтық басқармасы есепке алуды және бақылауды жүргізу үшін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның тиісті әскери немесе көліктік бөлімшесін хабарлай отырып жүзеге асырады.
      8. Тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні уәкілетті органда тіркеу үшін оған тексеру тағайындау туралы актінің немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы актінің екі данасы (түпнұсқа және көшірме), ішінара және жоспардан тыс тексерулерді тіркеу кезінде – Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындауға негіз болған құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі ұсынылады.
      Уәкілетті органға бір мезгілде ұсынылатын ЭАЕҚ – тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органмен жүзеге асырылатын тексеру туралы мәліметтерді есепке алудың № 1-П нысанды толтырылған карточкасы (бұдан әрі – № 1-П карточкасы) немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеу кезінде талон-хабарлама ұсынылады.
      Заңның 19-бабының 1-тармағымен алдағы тексеру туралы хабарландыру көзделген жағдайларда, уәкілетті органда тіркеу кезінде хабарландыру дерегін растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру тағайындалған жағдайларда, тіркеу субъектісі Заңның 1220-баптарының, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік субъектісінің санатын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Құжаттардың тұпнұсқалары тіркеу субъектісіне қайтарылады, ал көшірмелері уәкілетті органда қалады.
      9. Тексерулерді есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйелерін жүргізу кезінде, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген, электрондық цифрлық қолтаңба қойылған құжаттарды осы Қағиданың 3-тарауына сәйкес электрондық форматта графикалық көшірмелерді тіркей отырып жолдайды.
      Тексерулерді есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйесі болмаған жағдайда, Қағиданың 10-тармағында көрсетілген құжаттар электрондық форматта рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңба қойылғаннан кейін, осы Қағиданың 3-тарауымен анықталған тәртіпте графикалық көшірмелерді тіркей отырып, уәкілетті органның веб-ресурсының көмегімен тіркелу үшін ұсынылады.
      10. Бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ уәкілетті органның тұрған жерінен елеулі қашықтықта орналасқан тексерілетін субъектілерге (объектілерге) жоспардан тыс тексеру жүргізілген жағдайда, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу тексеру басталғаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады.
      11. Заңның 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасымен көзделген негіз бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындау кезінде, тексеру тағайындаған мемлекеттік орган тіркеу барысында уәкілетті органға алдыңғы тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың басқа да нысанын жүргізудің нәтижесінде анықталған бұзушылық деректерін растайтын материалдарды ұсынады.
      Заңның 16-бабы 7 тармағының 2), 2-1), 2-2), 2-3), 2-4) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындау кезінде, тексеру тағайындаған мемлекеттік орган тіркеу барысында уәкілетті органға залал келтірудің нақты қаупі туындаған не залал келтірілген немесе құқықтардың бұзылған деректерін растайтын материалдарды ұсынады.
      Заңның 16-бабы 7 тармағының 2), 2-1), 2-2) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындау кезінде, мемлекеттік орган «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 5-баптары талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қолданады.
      Заңның 16-бабы 7 тармағының 3) тармақшасымен көзделген негіз бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындау кезінде, тексеру тағайындаған мемлекеттік орган тіркеу барысында уәкілетті органға тексеру мәселесі шеңберінде негізгі тексеру субъектісімен тексеру субъектісінің өзара қарым-қатынасы фактілерін растайтын материалдарды ұсынады.
      12. Уәкілетті органның қызметкері ЭАЕҚ-ны алған және тексеру тағайындау актісін, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні тіркеу рәсіміне ұсынған сәттен бастап жұмыс уақытын есепке ала отырып, үш сағаттан кешіктірмей:
      тексеру тағайындау туралы актінің, тексеру мерзімін ұзарту туралы актінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін және № 1-П карточкасын толтырудың толықтығын тексереді;
      сонымен қатар құжаттардың уақтылы тіркеуге ұсынылуын, тексеру жүргізуге құқықтық негіздердің бар болуын, тексеру мерзімі мен кезеңділігін, тексеруді тағайындау кезінде мемлекеттік органның аумақтылық принципін сақтауын тексереді;
      тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысанда тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеу туралы мөр басады;
      тіркеу туралы шешімді қабылдау үшін белгіленген мерзімнің аясында электрондық тіркеу аяқталғаннан кейін тіркеу субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба қойылған тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеу туралы тіркеу нөмірі көрсетілген хабарламаны жолдайды.
      Тіркеу жүргізілгеннен кейін тексеру тағайындау туралы актінің түпнұсқасы тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні тіркеу туралы мөр басылып мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына қайтарылады, ал көшірмесі уәкілетті органда тиісті номенклатуралық істе сақталу үшін қалады.
      13. Заңның 13-бабына сәйкес бекітілетін ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер жүргізудің графигі (бұдан әрі - график) Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді (Excel электрондық кестесі форматында) және Заңмен белгіленген тәртіпте қағаз және электрондық форматта ұсынылады.
      Егер бекітілген және уәкілетті органға жолданған график нысанға сәйкес келмеген жағдайда немесе оны әзірлеу кезінде уәкілетті орган график жобасына түзету енгізу үшін қайтарғаннан кейін Заңның 13-бабы 2-тармағы талаптарының бұзылуына жол берілсе немесе олар жойылмаса, уәкілетті орган графикті алған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде тіркеу субъектісіне бұзушылықты жою үшін қайтарады.
      Тіркеу субъектісі бұзушылықтарды жойғаннан кейін бекітілген графикті ол қайтарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға қайта жолдайды.
      14. Тіркеу субъектісінің тексеру тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны анықталған жағдайда, уәкілетті органның басшысы немесе оның міндеттерін атқарушы адам тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы тұжырым Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысанда, ЭАЕҚ уәкілетті органға келіп түскен сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде екі данада құрылады.
      Тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы заңнамаларының және осы Қағиданың талаптарының нақты бұзылғандығын көрсете отырып, дәлелді болады.
      Электрондық тіркеу кезінде бас тартылған жағдайда уәкілетті органның қызметкері тіркеу субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба қойылған тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны тіркеу туралы шешім қабылдауға белгіленген мерзімде жібереді.
      Сонымен бір мезгілде тіркеусіз қайтарылған тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіге Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «бас тартылды» мөртабаны қойылады және ЭАЕҚ-ң тиісті тармақтары толтырылады.
      15. Тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеуден бас тарту үшін келесі негіздердің біреуінің болуы жеткілікті:
      1) қауіп-қатерді бағалау жүйесін қолданбай немесе оны бұзып қолдану арқылы тексеру графигінде көрсетілмеген тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру тағайындау;
      2) тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру тағайындау барысында тексеру жүргізудің кезеңділігін бұзу;
      3) бақылау және қадағалау органдарының құзыретіне енбейтін мәселелер бойынша тексеру тағайындау, яғни тиісті өкілеттігі жоқ адамдарға тексеру жүргізуді тапсыру;
      4) тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген шектеулі мерзімдерден асырып тағайындау немесе оны ұзарту;
      5) иесi бүркемеленген өтiнiш бойынша тексеру тағайындау;
      6) мемлекеттік органның Заңның 23-бабы 6) тармақшасының талаптарын бұза отырып тексеру тағайындауы;
      7) егер алдыңғы тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталмаған болса, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның (қаулының, ұсыныстардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау мәселесі бойынша тексеру тағайындау;
      8) қауіп-қатерді бағалау жүйесін ескермей, ішінара тексеру жүргізудің кезеңділігін, еселігін бұзу арқылы немесе басқа да Заң бұзушылықтарға ішінара тексеруді тағайындау;
      9) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының талаптарын ескере отырып, жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болатын жазбаша растаудың болмауы (сұрау салу, тапсырма, өтініш, шағым, жүгіну, прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде жүгінулерді сенім телефондары бойынша есепке алу кітабында тіркеу туралы белгі, қарсы тексеру тағайындау кезіндегі актінің көшірмесі және заңнамада көзделген басқа да негіздер);
      10) белгілі бір кезеңге не белгілі уақыт аралығы шеңберінен тыс шығатын мәселелер бойынша немесе жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болған құжатта көрсетілген мәселелерге тексеру тағайындау;
      11) заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындау туралы бір актіде бірнеше тексеру субъектілерін (объектілерін) көрсету;
      12) тексеруі тоқтатылған және заңмен белгіленген мерзімдерде қайта жаңғыртылмаған тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруді қайта тағайындау;
      13) міндетті хабарлау туралы талап Заңмен көзделген болғанда, алдағы болатын тексеру туралы тексеру субъектісін хабардар ету жөніндегі деректердің болмауы немесе Заңның 19-бабының 1-тармағымен көзделген хабарлау тәртібін бұзу;
      14) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі мен шарттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу.
      16. Тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тартылғанда, уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды тұлғасына немесе сотқа шағымдануына болады.
      17. Тексеру тағайындау немесе тексеру мерзімін ұзарту кезінде тіркеу субъектісінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтау туралы мәселелерді шешу үшін ұсынылған құжаттарды қосымша қарау қажет болған жағдайда, актіні тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім ЭАЕҚ уәкілетті органға келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
      Заңның 18-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайларда, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу уәкілетті органда тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.
      18. Тексеру тоқтатылған, жаңғыртылған, қатысушылар құрамы өзгертілген жағдайларда, тіркеу субъектісі Заңның 19-бабының 4-тармағымен және 20-бабының 1-тармағымен көзделген тәртіпте уәкілетті органға талон-хабарлама жолдайды.
      19. Тіркеу субъектісі тексеру аяқталғаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға ЭАЕҚ – талон-хабарламаны ұсынады.
      Мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылау органдары уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 140-бабына сәйкес қаулы қабылданғаннан кейін ЭАЕҚ – талон-хабарламаны үш жұмыс күннің ішінде ұсынады.
      20. Тексеру жарамсыз (заңсыз) деп танылғанның салдарынан тексеруді тіркеуден бас тартылған, сондай-ақ тексеру тағайындау туралы актіні шығармай жүргізілген тексеру фактісі анықталған жағдайда, тексеруді жарамсыз (заңсыз) деп таныған немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығармай жүргізілген тексеру фактісін анықтаған мемлекеттік орган тиісті ақпаратты жолдайды, ал тіркеу субъектісі уәкілетті органға шешім қабылданғаннан кейінгі тәулік ішінде 1-П карточкасын және талон-хабарламаны жібереді.
      21. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің, оларды жүргізу, ұзарту, тоқтату мерзімдерінің, тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, ал мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулер Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8466 санымен тіркелген) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 235 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесімен айқындалады.
      22. Уәкілетті орган тексеруді тағайындаудың, ұзартудың, тоқтатудың, жаңғыртудың, қатысушылар құрамын өзгертудің негізділігін зерделеуге қажетті қосымша материалдарды сұратады.
      23. Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда, мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын жоспардан тыс тексерулерді, үстеме тексерулердi тағайындау туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер, жеке кәсiпкерлiк субъектiлер кесімінде Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысанда (Excel электрондық кестесі форматында), тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға жолданады.
      24. ЭАЕҚ - № 1-П карточкалары мен талон-хабарлама деректемелерін тексеруді жүзеге асыратын адам толтырады.
      ЭАЕҚ сандық ақпараттық көрсеткіштерінде, соның ішінде сөздік деректемелерді қамтитын көрсеткіштерінде уәкілетті орган беретін кодтық белгілеу нөмірлері көрсетіледі.
      Енгізілген мәліметтердің айқындылығын, толықтығын, объективтілігін және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мемлекеттік орган басшысына және ЭАЕҚ-н толтырған жауапты адамдарға, ал алқалы мемлекеттік органдарда – осы бағытқа жетекшілік ететін алқалы мемлекеттік органдардың мүшелеріне және ЭАЕҚ толтырған жауапты адамдарға жүктеледі.
      25. № 1-П карточкалары және талон-хабарлама мәліметтерінің негізінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес бірыңғай нысанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді, бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын тіркеу және есепке алу туралы» № 1-П нысанды есепті (бұдан әрі – № 1-П есеп) (Excel электрондық кестесі форматында) қалыптастырады.
      Әрбір аймақ және мемлекеттік органдар бойынша № 1-П есептері тоқсан сайын ұлғаю нәтижесімен қорытындымен қалыптастырылады және уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің басшысымен немесе оның міндеттерін атқаратын адаммен, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне, қағаз және электронды түрде бекітіледі.
      Уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің есептері мәліметтерінің негізінде уәкілетті органның орталық аппараты тіркеу субъектілері мен аймақтар кесімінде жиынтық есепті қалыптастырады.
      Республика бойынша № 1-П нысанды жиынтық есепті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

3. Тексерулерді тіркеуді және есепке алуды электрондық форматта жүргізу тәртібі және тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімін (ТСОБТ) қалыптастыру

      26. Тіркеу субъектілері тексерулерді тіркеуді және есепке алуды электрондық форматта қалыптастыру мен жүргізуге қатысады.
      Тексерулерді тіркеу және есепке алу ведомстволық автоматтандырылған жүйе болмаған жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органның веб-ресурстарын пайдаланады.
      Тексерулерді тіркеу мен есепке алу мәліметтерінің, қойылған ЭАЕҚ деректерінің негізінде уәкілетті орган орталықтандырылған мемлекеттік деректер қорын қалыптастырады және мемлекеттік органдарда электрондық есепке алу журналы қалыптастырылады.
      27. Бірлік және тұтастық принциптерин сақтау негізінде тексерулерді тіркеу мен есепке алудың электрондық форматын енгізуді, мемлекеттік органдардың қауіп-қатерді басқару процестерін автоматтандыруды, уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы немесе бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың ведомстволық жүйелерімен интеграциялау жолымен мемлекеттік органдардың тексерулерін тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылдарын ұйымдастыруды Тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімін (бұдан әрі – ТСОБТ) құрайды.
      ТСОБТ мәліметтері тексерулерді тіркеу мен есепке алу саласындағы ЭАЕҚ-н, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексеру мәселелері бойынша тіркеу субъектілерінің тексерілетін субъектілер (объектілер) туралы мәліметтерін, қауіп-қатерді бағалаудың ведомстволық жүйелерін, тексеру парақтарын және міндетті түрдегі ведомстволық есептілікті электрондық форматта ұсыну арқылы орталықтандырылған деректер қорының негізінде қалыптастырылады.
      ТСОБТ-ны қалыптастыру және жүйелердің өзара әрекеттесуі тексерілетін субъектілердің (объектілердің), сондай-ақ мемлекеттік органның орналасқан аумақтылық принципіне сәйкес, тиісті нормативтік базасының және техникалық дайындығының болуына қарай кезең-кезеңімен, уәкілетті орган айқындайтын электрондық форматта жүзеге асырылады.
      Келіп түскен мәліметтердің негізінде уәкілетті органмен құрылған тексеру субъектілерінің (объектілерінің) орталықтандырылған деректер қоры бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, тексеру графиктерін, профильдік есептерді қалыптастыру, процестерді автоматтандыру және басқа да ведомстволық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың жұмысы үшін қолданылады.
      ТСОБТ-ға енгізілген мәліметтердің айқындылығын, толықтығын, объективтілігін және уақытылығын қамтамасыз ету мемлекеттік орган басшысына және мәліметтерді енгізген жауапты адамдарға жүктеледі.

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның  
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк  
құжаттарды ұсыну қағидасының      
1-қосымшасы                

Нысан

Тексеруді тағайындау туралы актісі
(тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт)

№________                                  «____»__________20____ж.
________________ қаласы

1. Мемлекеттік органның атауы________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты,
әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы
_____________________________________________________________________
3. Тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және
сарапшылар туралы мәлімет
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Тексерілетін субъектінің, объектісінің атауы (өзіне қатысты
тексеру тағайындалған заңды тұлғаның немесе оның филиалы және
(немесе) өкілдігінің, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты), оның
орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН/БСН), аумағының учаскесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Тағайындалған тексерудің нысанасы_________________________________
_____________________________________________________________________
6. Тексеру түрі______________________________________________________
7. Тексеру жүргізудің мерзімі________________________________________
8. Тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Тексерілетін кезең________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Актіге қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болғанда) және қолы
_____________________________________________________________________
11. Мемлекеттік органның мөрі

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның   
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк    
құжаттарды ұсыну қағидасының        
2-қосымшасы                  

Нысан

Талон-хабарлама

1. Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы: [органның коды бойынша сөздік реквизит]
2. Тіркеу субъектісі актісінің нөмірі: [нөмір]
2.1. Актіні шығарған күні: [датасы]
3. Уәкілетті органда тіркеу реттік нөмірі: [нөмір]
3.1. Актіні тіркеу күні: [датасы]
4. Тексеру субъектісінің түрі: [1-жеке тұлға; 2-заңды тұлға; 3-жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 4-шағын кәсіпкерлік, 5-орта кәсіпкерлік, 6-ірі кәсіпкерлік; 7-мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде: 7-1-мемлекеттік орган; 7-2 - мемлекеттік кәсіпорындар; 8 - коммерциялық емес ұйымдар]
5. Тексеру субъектісінің атауы: [мәтін]
5.1. Тексеру субъектісінің орналасқан жері: [мәтін]
6. Тексерілетін объектісінің түрі: [қызмет саласы бойынша сөздік реквизит]
6.1. Тексеру объектісінің атауы: [мәтін]
6.2. Тексеру объектісінің орналасқан жері: [мәтін]
7. Хабарлама жолданды: [1 – тоқтату, 2 – жаңғырту, 3 – тексерушілер құрамын өзгерту]
7.1. Хабарлама жіберген күні: [датасы]
7.2. Ұзарту мерзімі – дан: [датасы]
7.3. дейін: [датасы]
7.4. Тексеру келесі себеп бойынша ұзартылды: [1-арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізілуіне байланысты; 2-тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты; 3-басқа]
8. Тексеру жүргізілмегеніне байланысты актінің тіркеуі келесі себеп бойынша жойылды: [1 – тексеруден бас тарту, 2 – қысқарту, 3 – жарамсыз деп тану, 4 - басқа]
8.1. Шешім қабылданды: [1 – мемлекеттік органмен, 2 – сотпен, 3 – прокурормен, 4 – уәкілетті органымен] 8.2. Шешімнің күні: [датасы]
9. Тексерудің нақты басталған күні: [датасы]
10. Тексерудің нақты аяқталған күні: [датасы]
11. Тексеру нәтижесі: [1 - бұзушылықтар анықталған жоқ; 2 - бұзушылықтар анықталды]
12. Бұзушылықтар келесі салада анықталды: [заңдылық саласы бойынша сөздік реквизит]
12.1. Тексеру барысында бұзылған нормативтік-құқықтық актілер нормалары талаптарының тізбесі (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 24 бабының 1 тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес): [тексеру парақтарының талаптары бойынша сөздік реквизит]
13. Тексерумен құқықтармен мүдделері қорғалды: [1–жеке тұлғаның; 2 – жеке кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-шағын кәсіпкерлік, 4-орта кәсіпкерлік, 5 – ірі кәсіпкерлік; 6-мемлекеттік мекеменің; 7 – мемлекеттік кәсіпорынның; 8 – коммерциялық емес ұйымның]
14. Тексеру барысында немесе нәтижесінде: [1-әкімшілік іс қозғалды, 2-ұйғарым енгізілді, 3-басқа да шара қолданды]
14.1. Әкімшілік істің нөмірі: [нөмір]
15. Тексеру қорытындысымен жауаптылыққа тартылды: [1-жеке тұлға; 2–жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 3-шағын кәсіпкерлік, 4-орта кәсіпкерлік, 5–ірі кәсіпкерлік; 6-мемлекеттік мекеме; 7-мемлекеттік кәсіпорын; 8-коммерциялық емес ұйым]
16. Анықталған нұқсан соммасы: [соммасы]
16.1. Оның ішінде тексеру нәтижесінде өндірілді: [соммасы]
16.2. Оның ішінде мемлекет пайдасына: [соммасы]
17. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен процедуралық бұзушылықтар соммасы анықталды: [соммасы]
18. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану соммасы анықталды: [соммасы]
19. Мемлекеттік қаржылық бақылау органымен басқа да бұзушылық соммасы анықталды: [соммасы]
20. Материалдар сотқа мәжбүрлеп: [1-қызметті тоқтату; 2-лицензияны тоқтату; 3-қызметке тиым салу] үшін жолданды
21. Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды: [органның коды бойынша сөздік реквизит]
21.1. Жолдану күні: [датасы]
21.2. Құқық қорғау органының АЕК (СТБТ) тіркелді: [нөмір]
21.3. Тіркеу күні: [датасы]
22. Тексеруді жүргізген тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, тегі (ол болғанда) лауазымы, қолы: [мәтін]

             Уәкілетті органның қызметкері толтырады
23. Талон-хабарламаның уәкілетті органына келіп түскен күні:[датасы]
24. Талон-хабарламаны қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің аты-жөні, тегі (ол болғанда) лауазымы, қолы: [мәтін]
25. Тағы басқа белгілер: [мәтін]

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның  
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк  
құжаттарды ұсыну қағидасының    
3-қосымшасы            

Нысан

№ 1-П нысанды мемлекеттік органмен жүзеге асырылатын тексеру туралы мәліметтерді есепке алу карточкасы

1. Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган атауы: [органның коды бойынша сөздік реквизит]
2. Мемлекеттік органның деңгейі: [республикалық - 1, облыстық - 2, қалалық - 3, аудандық-4, ауылдық-5]
3. Тексеру субъектісінің түрі: [1-жеке тұлға; 2-заңды тұлға; 3-жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде: 3-1 – микрокәсіпкерлік, 4-шағын кәсіпкерлік, 5-орта кәсіпкерлік, 6-ірі кәсіпкерлік; 7-мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде: 7-1-мемлекеттік орган; 7-2 - мемлекеттік кәсіпорындар; 8 - коммерциялық емес ұйымдар]
3.1. Ұйымдық – құқықтық нысан: [сөздік реквизит]
3.2. Тексеру объектісі қызметінің түрі (негізгі): [қызмет саласы бойынша сөздік реквизит]
3.3. Тексеру субъектісінің ЖСН/БСН: [номер]
3.4. Тексеру субъектісінің атауы: [мәтін]
3.5. Тексеру субъектісінің орналасқан жері: [мәтін]
4. Тексерілетін объектісінің түрі: [қызмет саласы бойынша сөздік реквизит]
4.1. Тексеру объектісінің атауы: [мәтін]
4.2. Тексеру объектісінің орналасқан жері: [мәтін]
4.3. Объектінің орналасқан аумағының учаскесі: [мәтін]
5. Тексеру субъектісінің (объектісінің) тәуекел дәрежесі: [тәуекел тобы бойынша сөздік реквизит]
6. Тексеру түрі (ХХХ): [1ХХ-тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша, 2ХХ – ішінара, 3ХХ – жоспардан тыс, 4ХХ- бюджеттік заңнамаға сәйкес кезеңділік, 5ХХ – жоспарлы]
6.1. оның ішінде: [01 - кешенді, 02 – тақырыптық, 03 – хронометражды тексеру ]
7. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес жоспардан тыс тексерулердің негізі: [1 – Заңның 7 тармағының 1) тармақшасы, 2 - Заңның 7 тармағының 2) тармақшасы, 2-1-Заңның 7 тармағының 2-1) тармақшасы, 2-2-Заңның 7 тармағының 2-2) тармақшасы, 2-3-Заңның 7 тармағының 2-3) тармақшасы, 2-4 - Заңның 7 тармағының 2-4) тармақшасы, 3 – Заңның 7 тармағының 3) тармақшасы, 6 – Заңның 7 тармағының 6) тармақшасы, 7 – Заңның 7 тармағының 7) тармақшасы, 8 – Заңның 7 тармағының 8) тармақшасы, 9 – Заңның 7 тармағының 9) тармақшасы]
8. Тексеру сұрағы: [заңдылық саласы бойынша сөздік реквизиті]
8.1. Тексеруге жататын нормативтік-құқықтық актілер нормалары талаптарының тізбесі: [тексеру парақтарының талаптары бойынша сөздік реквизит]
9. Тіркеу субъектісінің актісінің нөмірі: [нөмір]
9.1. Актінің шығарған күні: [датасы]
10. Тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні, лауазымы, қолы: [мәтін]
10.1. Тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлімет [мәтін]
11. Тексеру мерзімі – дан: [датасы]
11.1. дейін: [датасы]
12. Тексерілетін кезең – дан: [датасы]
12.1. дейін: [датасы]

Уәкілетті органының қызметкері толтырады
13. Қағиданың 21 тармағының келесі тармақшасы негізінде актіні тіркеуден бас тартылды: [тармақшаның нөмірі бойынша сөздік реквизит]
14. Жүргізілген тексеру есепке алынды: 1(2) есептік кезеңде тіркелусіз (өткен мерзімде); 3 (4)-есептік кезеңде өткізілгендер қатарынан тексеру тағайындау туралы актіні шығарусыз (өткен мерзімдер).
15. Заңсыз тексеру анықталды: [1 – прокуратурамен, 1-1-уәкілетті органымен, 2 – мемлекеттік органымен]
16. Шешім кабылдау күні: [датасы]
17. Уәкілетті органның бөлімшесі: [органның коды бойынша сөздік реквизит]
18. Актіні тіркеу күні: [датасы]
19. Тіркеу реттік нөмірі: [нөмір]
20. Карточканы тіркеуге қабылдаған уәкілетті органы қызметкерінің аты-жөні: [мәтін]
21. Карточканы тіркеуге қабылдаған уәкілетті органы қызметкерінің лауазымы, қолы: [мәтін]
22. ТСОБТ нөмірі: [нөмір]
22.1. Тіркеу күні: [датасы]
22.2. Мемлекеттік органның атауы: [органның коды бойынша сөздік реквизит]
23. Тағы басқа белгілер: [мәтін]

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның 
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк 
құжаттарды ұсыну қағидасының     
4-қосымшасы             

Нысан

Тексеруді тағайындау актісін, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актісін тіркеу туралы мөр

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитеттің ________________________________облысы
___________________________________ ауданы (қаласы)
бойынша басқармасы

Тексеру тағайындау туралы акті
тіркелген

20__жылдың "_____" ___________________
№__________________
қойган қолы___________________________

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның  
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк  
құжаттарды ұсыну қағидасының      
5-қосымшасы             

Нысан

Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер графиктері
20__жылдың жартыжылдығына
(мемлекеттік органның және мемлекеттік бақылау
және қадағалау жүзеге асырылатын қызмет саласының атауы)

реттік №

Тексеру субъектісінің атауы

ЖСН/БСН

Тексеру объектісінің атауы

Тексеру объектісінің орналасқан жері

Тәуекел тобы

Тексеру субъектісінің кәсіпкерлік санаты

Тексеру субъектісінің мемлекеттік тіркеу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

































Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның 
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк 
құжаттарды ұсыну қағидасының    
6-қосымшасы            

Нысан

Тексеруді тағайындау актісін, тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы тұжырым

____________________________________________________________________,
         (тексерілетін субъектінің, объектінің атауы)
тексеру субъектісіне, объектісіне
_____________________________________________________________________
                   (қадағалаушы органның атауы)
ұсынылған 20 ____ жылғы «___»____________ №________ тексеру
тағайындау актісін (тексеру мерзімін ұзарту туралы актіні) қарап,
жоғарыда көрсетілген тексеру тағайындау туралы актісін (тексеру
мерзімін ұзарту туралы актіні) тіркеуден Тексерудiң тағайындалғаны
туралы актiлердi тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның
мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру
мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну
Қағидасының 15-тармағы _____ тармақшаларының негізінде бас тартылсын:
_____________________________________________________________________
            (бас тарту негізі, заңнамаға сілтеме)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (аты-жөні, тегі (ол болғанда), лауазымы)
                _____________________________________
                             (қойған қолы)
                   «___»________________20 ____ г.

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның  
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк  
құжаттарды ұсыну қағидасының      
7-қосымшасы               

Нысан

Тексеруді тағайындау актісін, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актісін тіркеуден бас тарту туралы мөр

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитеттің______________________________облысы
_______________________________ ауданы (қаласы)
бойынша басқармасы

Тексеру актісін тіркеуден бас тартылған

негізі: Қағиданың 15-тармағының ________ тармақшасы
20__жылдың "_____" _____________________
қолы _________________

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның  
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк  
құжаттарды ұсыну қағидасының      
8-қосымшасы               

Нысан

Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда
мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша
жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары жүзеге
асыратын үстеме тексерулердi тағайындау туралы актiлер
жөніндегі жалпы мәлiметтер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлінісінде
20___жылдың ____ тоқсанына
(мемлекеттік органның атауы)

Реттік №

Тексеру субъектісінің атауы

ЖСН/БСН

Тексеру объектісінің атауы

Тексерудің басталу күні

Тексерудің аяқталу күні

Тексеру нәтижесі

1

2

3

4

5

6

7








Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi
тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау,
оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар
құрамын өзгерту және тексеру мен оның  
нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк  
құжаттарды ұсыну қағидасының       
9-қосымшасы                

Нысан

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді, бақылау мен қадағалаудың өзге де
нысандарын тіркеу және есепке алу туралы» № 1-П нысанды есеп



Тіркелген тексерулердің барлығы

жеке кәсіпкерлік субъектілерін

2-бағаннан

жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар

мемлекеттік кәсіпорындар

мемлекеттік мекемелер

оның ішінде мемлекеттік органдар (9-бағаннан)

коммерциялық емес ұйымдар

Тексеру түрі

соның ішінде, шағын кәсіпкерлік объектілері

соның ішінде, микрокәсіпкерлік объектілері (3 бағаннан)

соның ішінде, орта кәсіпкерлік объектілері

соның ішінде, ірі кәсіпкерлік объектілері

ерекше тәртіп бойынша

Ішінара

Жоспардан тыс



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Есептік кезеңнің аяғындағы аяқталмаған тексерулердің қалдығы

1















Тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің саны

2















Тексеруге жататын субъектілердің саны (қойылған есепке алу карточкалары)

3















Тексеруге жататын объектілердің саны (қойылған есепке алу карточкалары)

4















Аяқталған тексерулердің саны (талон-қосымша бар болғанда)

5















Тексеруді жүргізуден бас тартылуына немесе оның аяқталуына дейін қысқартылғанына байланысты актінің тіркелуі жойылған тексерулердің саны

6















Тексеруді жарамсыз (заңсыз) деп тануына байланысты актінің тіркелуі жойылған, сонымен қатар актіні шығарусыз немесе оны тіркеусіз жүргізілген тексерулердің саны

7















Оның ішінде:

прокуратурамен

8















құқықтық статистика органымен

9















мемлекеттік органның бастамасымен

10















Нәтижелері бойынша бұзушылықтары анықталған тексерулердің саны

11















Тіркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы актілердің саны

12















Оның ішінде:

Қағиданың 15-тармағының 1) тармақшасыбойынша

13















Қағиданың 15-тармағының 2) тармақшасыбойынша

14















Қағиданың 15-тармағының 3) тармақшасыбойынша

15















Қағиданың 15-тармағының 4) тармақшасы бойынша

16















Қағиданың 15-тармағының 5) тармақшасы бойынша

17















Қағиданың 15-тармағының 6) тармақшасы бойынша

18















Қағиданың 15-тармағының 7) тармақшасы бойынша

19















Қағиданың 15-тармағының 8) тармақшасы бойынша

20















Қағиданың 15-тармағының 9) тармақшасы бойынша

21















Қағиданың 15-тармағының 10) тармақшасы бойынша

22















Қағиданың 15-тармағының 11) тармақшасы бойынша

23















Қағиданың 15-тармағының 12) тармақшасы бойынша

24















Қағиданың 15-тармағының 13) тармақшасы бойынша

25















Қағиданың 15-тармағының 14) тармақшасы бойынша

26















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады