Кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 738 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қазанда № 8848 тіркелді

      «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-3) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):
      1)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралында жариялауға жіберу туралы және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                     А. Жұмағалиев

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      төрағасы
      ______________ A. Смайылов
      2013 жылғы________________

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 23 қыркүйектегі  
№ 738 бұйрығымен      
бекітілген        

Кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы
есептілікті жасау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме қатынайтын су жолдарымен жүзуі туралы есептілікті жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің тәртібін және мерзімдерін, сондай-ақ кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысанын (бұдан әрі - Нысан) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес белгілейді.
      2. Нысан тасымал шарттары негізінде жүктерді, жолаушыларды және олардың багаждарын тасымалдайтын әрбір кеменің жұмысын есепке алу мен пайдалану үшін, сондай-ақ кеме қатынасы су жолдарының қызмет көрсететін техникалық флоттан басқа, кеменің меншік иесінің (кеме иесінің) мұқтаждығы үшін тасымалданатын алғашқы құжат болып табылады.
      3. Нысанды жүргізу міндетті болып табылады және кеме капитаны жүзеге асырады.
      4. Нысан есепті айдан кейінгі әр айдың 10-ші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның кәсіпорнына тапсырылады.
      5. Жазулар Нысанда шарикті қаламмен, анық және мұқият толтырылады.
      6. Нысан кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау үшін негіз болады.
      7. Уақтылы ұсынылмауын және Нысандағы дәйексіз әкімшілік деректердің ұсынылуына жол берілмейді.

2. Нысанды жүргізу тәртібі

      8. Нысандағы 1-бағанда кеменің аты және түрі көрсетіледі.
      9. Нысандағы 2-бағанда Нысанның 3-бағанында көрсетілген, кеменің пункттен кету және келу уақыты (күні, сағаты, минуты) көрсетіледі.
      Серуен теплоходы және паромдар үшін жұмыс кезеңі көрсетіледі.
      10. Нысанның 3-бағанында дәйекті түрде кету пунктінен бастап кеменің барлық бағыттағы пункттері көрсетіледі.
      11. Нысанның 4-бағанында, Нысанның 3-бағанында көрсетілген барлық пункттер арасындағы километрдегі маршруттың ұзақтығы көрсетіледі.
      12. Нысанның 5-бағанында кеменің көлік құжаттарында көрсетілген немесе кеме журналындағы жазулар негізінде, егер көлік құжаттары жоқ болған жағдайда, тасымалданған жүктің аты көрсетіледі. Бос рейстер кезінде бағанда «бос» деген белгі қойылады.
      13. Нысанның 6-бағанында көлік құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес тоннадағы тасымалданған жүктің көлемі көрсетіледі.
      14. Нысанның 7-бағанында тасымалданған жолаушылар саны көрсетіледі. Бос рейс кезінде Нысанның 6 және 7-бағандарында сызық қойылады.
      15. Нысанның 8-бағанында бөлшек арқылы барлық сол кезеңдегі километрден өткен, нысандағы 2-бағанда көрсетілген жұмыс кезеңі серуен теплоходтарымен және паромдарымен орындалған рейстер саны көрсетіледі.
      16. Нысанның 9-бағанында кеме капитанының қолы қойылады.
      17. Нысан мекеменің атауы, мекенжайы, кеме меншік иесінің (кеме иесінің) тегі, аты, әкесінің аты, телефон, электрондық почта мекенжайы, орындаушының аты-жөні және телефоны, басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолын, мөрі және күнін қамтиды.

Кеме қатынайтын су жолдарымен
кемелердің жүзуі туралы есептілікті
жасау қағидаларға қосымша  

Нысан

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Форма, предназначенная для сбора административных данных Кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы
есептілігі Отчетность о плавании судов по судоходным водным путям

20__ ж._______________ есептік кезеңі
Отчетный период «_______________» 20__г.

Индексі: 1-КҚСЖКЖЕН
Индекс: 1-ФОПССВП

Кезеңділігі: ай сайын
Периодичность: ежемесячно

Ұсынатын тұлғалар тобы: Кеменің меншік иесі (кеме иесі)
Круг лиц представляющих: Собственник судна (судовладелец)

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің республикалық мемлекеттік қазынашылық су жолдары кәсіпорнына.
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің республикалық мемлекеттік қазынашылық су жолдары кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне ұсынады.
      Куда представляется: Республиканское государственное казенное предприятие водных путей Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      Республиканские государственные казенные предприятия водных путей представляют в Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

      Тапсыру мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі әр айдың 10-ші күнінен кешіктірмей
      Срок предоставления: ежемесячно, не позднее 10 числа каждого месяца, следующего за отчетным.

Кеменің атауы және түрі
Наименование и тип судна

Күні,уақыты
Дата,время

Маршрут пункті Пункты маршрута

Маршруттың ұзақтығы (км)
Протяженность маршрута (км)

Жүктің атауы
Наименование груза

Жүктің саны (тонн)
Количество груза (тонн)

Жолаушылардың саны (адам)
Количество пассажиров (чел)

Паромдарға және серуен теплоходтарға (рейс саны/км)
Для прогулочных теплоходов и паромов (колво рейсов/км)

Капитанның қолы
Подпись капитана


1

2

3

4

5

6

7

8

9

1










2










Мекеменің атауы                           Мекенжайы
Наименование организации _______________  Адрес _____________________
                         _______________        _____________________

Кеменің меншік иесінің (кеме иесінің) Т.А.Ә.
Ф.И.О. собственника судна (судовладельца) ___________ Телефон: ______

Электрондық почта мекенжайы
Адрес электронной почты _____________________________________________

Орындаушының аты-жөні және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя ________________ Телефон ______________

Басшы (Т. А. Ә. қолы)
Руководитель ___________________________ (Ф.И.О. подпись) ___________

20 жылғы күні « » ___________________
Дата « » ______________ 20 года

М.О.
М.П.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады