Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 228 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қазанда № 8860 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 211 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 211 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мына:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктері есептілігінің тізбесі;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел валютасындағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп;

      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп;

      5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есеп;

      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкі есептілікті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің төрағасы

      Ә. Смайылов ____________________

      2013 жылғы 25 қыркүйек

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 228 қаулысына
1-қосымша

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының
кастодиан-банктері есептілігінің тізбесі

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктері есептілігіне мыналар кіреді:

      1) ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп;

      2) шетел валютасындағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп;

      3) зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп;

      4) есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есеп.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 228 қаулысына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы __________

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Индекс: 1- CUST_PA_KZT

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкі

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

_______________________________ (кастодиан-банктің атауы) ___________________ (шоттың нөмірі) _____________________________________________________________ (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

  (теңгемен)

жылы күні айы

Күн басындағы қалдығы

Түсімдер

Басқа зейнетақы қорларынан аударымдар

Ерікті зейнетақы жарналары

Бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер мен сыйақы

Бағалы қағаздарды сатудан және өтеуден түскен түсімдер

Барлығы

оның ішінде, жеке зейнетақы шоттарына бөлінгендер

Барлығы

оның ішінде, жеке зейнетақы шоттарына бөлінгендер

1

2

3

4

5

6

7

8








      кестенің жалғасы:

Түсімдер

Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар бойынша қайтару сомасы

Зейнетақы төлемдерінің шотынан қайтарулар

Алынған өсімпұлдар/айыппұлдар

Шетел валютасын сатудан түскен түсімдер

Қате есептелген сомалар

Басқа да түсімдер

Түсімдердің барлығы

Салым сомасы

Салымдар бойынша алынған сыйақы (мүдде) сомасы

9

10

11

12

13

14

15

16








      кестенің жалғасы:

Шығынға жазулар

Күннің соңындағы қалдық ((2)+(16)-(25))

Бағалы қағаздарды сатып алу шығыстары

Банктерге салымды орналастыру

Зейнетақы төлемдері шотына аударымдар

Комиссиялық сыйақы

Қате есептелген сомаларды қайтару

Шетел валютасын сатып алу шығыстары

Басқа да шығыстар

Барлық шығынға жазу

Зейнет ақы активтерінен

Инвестициялық кірістен

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26










      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Орындаушы _________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Телефон нөмірі:_________________________

      Есепке қол қою күні 20_____ жылғы "_____"__________

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Ұлттық валютадағы
инвестициялық шот бойынша
зейнетақы активтерінің
қозғалысы туралы есеп
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банкі ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы әрбір жеке жұмыс күні үшін толтырады. Нысандағы деректер теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-баған "жжжж.кк.аа" форматында көрсетіледі.

      6. Көрсетілуге жатпайтын сомалар түсіндірмелер енгізіле отырып 15 және 24-бағандарға енгізіледі.

      7. 3 және 4-бағандарда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдардың сомасы көрсетіледі.

      8. 15-бағанды толтыру кезінде есептің нысанына алынған басқа да түсім көздерінің тізбесі қоса беріледі.

      9. 16-бағанда есепті кезеңнің әрбір жеке жұмыс күніндегі түсімдердің жиынтық сомалары көрсетіледі.

      10. 20 және 21-бағандарда ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленген комиссиялық сыйақы сомалары көрсетіледі.

      11. 24-бағанды толтыру кезінде есептің нысанына зейнетақы активтерінің құнына қосылған басқа да шығыстар туралы мәліметтер қоса беріледі.

      12. 25-бағанда есепті кезеңнің әрбір жеке жұмыс күніндегі шығыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.

      13. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 228 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Шетел валютасындағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы __________

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Индекс: 2- CUST_PA_FC

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкі

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

_____________________________ (кастодиан-банктің атауы) ______________ (шоттың нөмірі) _____________________________________________________________ (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) _________________________________ (шетел валютасының атауы)

  (теңгемен)

жылы күні айы

Түсімдер

Күн басындағы қалдығы

Бағалы қағаздарды сатудан және өтеуден түскен түсімдер

Бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер және сыйақы (мүдде)

Банктердегі салымдар бойынша қайтару сомасы

Салымдар сомасы

Банктердегі салымдар бойынша алынған сыйақы (мүдде) сомасы

шетел валютасымен

теңгемен

шетел валютасымен

теңгемен

шетел валютасымен

теңгемен

шетел валютасымен

теңгемен

шетел валютасымен

теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кестенің жалғасы:

Түсімдер

Сатып алынған шетел валютасы

Басқа да түсімдер

Түсімдердің барлығы

шетел валютасымен

теңгемен, шетел валютасын сатып алу бағамы бойынша

шетел валютасымен

теңгемен

шетел валютасымен

теңгемен

12

13

14

15

16

17







      кестенің жалғасы:

Шығынға жазулар

Күннің соңындағы қалдық

бағалы қағаздарды сатып алу шығыстары

банктердегі салымға орналастыру

сатылған шетел валютасы

басқа да шығыстар

барлық шығынға жазулар

шетел валютасымен

теңгемен

шетел валютасымен

теңгемен

шетел валютасымен

теңгемен, шетел валютасын сатып алу бағамы бойынша

шетел валюта-сымен

теңгемен

шетел валютасымен

теңгемен

шетел валютасымен

тең-ге-мен

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29













      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Орындаушы _________________________________________ _________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Телефон нөмірі:_________________________

      Есепке қол қою күні 20_____ жылғы "_____"__________

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Шетел валютасындағы
инвестициялық шот бойынша
зейнетақы активтерінің
қозғалысы туралы есеп
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Шетел валютасындағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Шетел валютасындағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкі ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы әрбір жұмыс күні үшін толтырады. Нысандағы деректер теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан шетел валютасындағы инвестициялық шот бойынша ақша бар болған және қозғалысы кезінде есепті кезеңдегі барлық позициялар бойынша жиынтық сомаларды көрсете отырып, өткен айдың әрбір жекелеген жұмыс күні үшін толтырылып, ұсынылады.

      6. 1-баған "жылы.күні.айы." форматында көрсетіледі.

      7. Көрсетілуге жатпайтын сомалар түсіндірмелер енгізіле отырып 14, 15, 24 және 25-бағандарға қосылады.

      8. Бірнеше шетел валюталары бар болған және қозғалысы кезінде Нысан әрбір шетел валютасы бойынша бөлек ұсынылады.

      9. 14 және 15-бағандарды толтыру кезінде алынған басқа да түсім көздерінің тізбесі қоса беріледі.

      10. 16 және 17-бағандар бойынша есепті кезеңнің әрбір жеке жұмыс күніндегі түсімдердің жиынтық сомалары толтырылады.

      11. 24 және 25-бағандарды толтыру кезінде зейнетақы активтерінің құнына қосылған басқа да шығыстар туралы мәліметтер қоса беріледі.

      12. 26 және 27-бағандар бойынша есепті кезеңнің әрбір жеке жұмыс күніндегі шығыстардың жиынтық сомасы толтырылады.

      13. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 228 қаулысына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы __________

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Индекс: 3- CUST_SPPA

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкі

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

_______________________________ (кастодиан-банктің атауы) _____________________________________________________ (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

      1-кесте. Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар

  (теңгемен)

Р/с №

Эмитенттің атауы

Экономикалық қызмет түрі

Эмитенттің елі

Бағалы қағаздың түрі

Сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары





1.1.


x





x




2

Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары





2.1.

Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары





2.1.1.











2.2.

Екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, заңды тұлғалардың бағалы қағаздары





2.2.1.











3.

Шетелдік мемлекеттердің бағалы қағаздары





3.1.


x





x




4.

Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары





4.1.


x





x




5.

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары





5.1.


x





x




6

Инвестициялық қорлардың пайлары





6.1.












Жиынтығы:





      кестенің жалғасы:

Бағалы қағаздар саны (дана)

Номиналдық құны

Төлем валютасы

Бір бағалы қағазды сату құны

Кезең

Бағалы қағазды сатып алу құны

Бағалы қағаздардың ағымдағы құны

Бағалы қағаздадың санаты

Портфельдегі ағымдағы купондық мөлшерлеме

валюта

бір бағалы қағаздың құны

барлығы (теңгемен)

номиналдық құнның валютасымен

есепке қою күні

өтеу күні

Барлығы (теңгемен)

номиналдық құнның валютасымен

оның ішінде есептелген сыйақы, теңгемен

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20














      2-кесте. кері репо операциялары бойынша сатып алынған бағалы қағаздар

  (теңгемен)

Р/с №

Эмитенттің атауы

Эмитенттің елі

Бағалы қағаздың түрі

Сәйкестендіру нөмірі

Бағалы қағаздар саны (дана)

Номиналдық құнның валютасы

Мәміле валютасы

Бір бағалы қағаз үшін ашу бағасы

барлығы (теңгемен)

номиналдық құнның валютасымен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Жиынтығы:









      кестенің жалғасы:

Бір бағалы қағаз үшін жабу бағасы

Кезең

Бағалы қағаздардың ағымдағы құны

Операция бойынша кірістілік мөлшерлемесі

барлығы (теңгемен)

номиналды құнның валютасымен

Операцияны ашу күні

Операцияны жабу күні

11

12

13

14

15

16






      3-кесте. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар

  (теңгемен)

Р/с №

Банктің атауы

Салым валютасы

Банктік салым шартын жасау күні және нөмірі

Салым мерзімі (күнмен)

Сыйақы төлеу кезеңі

Сыйақы мөлшерлемесі (жылдық пайызбен)

күні

нөмірі

кезеңділігі

күні

номиналдық

тиімді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Жиынтығы:









      кестенің жалғасы:

Салым бойынша негізгі борыш сомасы

Ағымдағы құны

Барлығы (теңгемен)

шетел валютасымен

Барлығы (теңгемен)

оның ішінде, есептелген сыйақы

теңгемен

шетел валютасымен

11

12

13

14

15





      4-кесте. Тазартылған бағалы металдар

  (теңгемен)

Тазартылған бағалы металдың атауы

Трой унцияларының саны

Төлем валютасы

Бір трой унциясын сатып алу бағасы

Жиынтық сатып алу құны

Ағымдағы құны

теңгемен

валютамен

теңгемен

валютамен

теңгемен

валютамен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Жиынтығы:









      5-кесте. Шартты талаптар (міндеттемелер)

  (теңгемен)

Туынды қаржы құралының түрінің атауы

Базалық актив

Валюта

Сәйкестендіру нөмірі

Туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыру күнгі талаптардың (міндеттемелердің) сомасы

Есепті күнгі ағымдағы құны

1

2

3

4

5

6

7

1

Туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптар






1.1







1.1.1







1.1.n







2

Туынды қаржы құралдары бойынша шартты міндеттемелер






2.1







2.1.1







2.1.n







      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Орындаушы _________________________________________ __________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Телефон нөмірі:_________________________

      Есепке қол қою күні 20_____ жылғы "_____"__________

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Зейнетақы активтерінің
инвестициялық портфелінің
құрылымы туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкі ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы әрбір жұмыс күні үшін толтырады. Нысандағы деректер теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-кесте бойынша:

      1) Нысанда бағалы қағаздар және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары бойынша деректер көрсетіледі;

      2) 2-бағанда бағалы қағаз эмитентінің атауы көрсетіледі;

      3) 3-бағанда ҚР МЖ 03-2007 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіне сәйкес экономикалық қызмет түрі көрсетіледі. Бұл баған Қазақстан Республикасының резидент эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары бойынша толтырылады;

      4) 5-бағанда бағалы қағаздың типі көрсетіле отырып оның түрі көрсетіледі;

      5) 6-бағанда бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі, эмитенттің айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарына қатысты – талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      6) 7-бағанда сатып алынған бағалы қағаздардың саны көрсетіледі;

      7) 8 және 10-бағандарда валюта кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      8) 9-бағанда облигациялар бойынша купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілген сыйақы есептелетін облигацияның құнының оны шығару кезінде айқындалған ақшалай көрсеткіші, сондай-ақ облигацияны өтеу кезінде құстаушыға төленетін сома көрсетіледі. Сома шығарылымының валютасымен көрсетіледі;

      9) 11 және 12-бағандарда бастапқы құжатта көрсетілген баға көрсетіледі, ол мәміленің жүзеге асырылғанын растайды (биржалық куәлік, брокердің (дилердің) есебі, Халықаралық банкаралық ақпарат аудару және төлемдер жүргізу жүйесі (SWIFT жүйесі) бойынша алынған растама). Сатып алынған бағалы қағаздарға шетел валютасымен ақы төлеген жағдайда бірмезгілде ұлттық валюта – теңгедегі баламасы 12-бағанда көрсетіле отырып, 11-баған толтырылады, сатып алынған бағалы қағаздар ұлттық валютамен төлеген жағдайда 11-баған толтырылады;

      10) 13-бағанда бастапқы тану күні бухгалтерлік есепте көрсетіледі;

      11) 14-бағанда борыштық бағалы қағаздарды өтеу мерзімі көрсетіледі;

      12) 15-бағанда қаржы құралдарының сатып алуға тікелей байланысты шығыстарды қоса алғанда, агенттерге, консультанттарға, брокерлерге (дилерлерге) төленген сыйақыны және комиссияны, қор биржаларының алымдарын, сондай-ақ аудару бойынша банктік қызметті қоса алғанда және сатып алушының сатушыға төлеген пайыздың шамасына азайтылған (мұндай болған кезде) сатып алу құны көрсетіледі;

      13) 16-бағанда бағалы қағаздардың бухгалтерлік есепте көрсетілген құны көрсетіледі;

      14) 19-бағанда "әділ құны бойынша бағаланатын", "амортизацияланған құны бойынша бағаланатын" бағалы қағаздың санаты көрсетіледі;

      15) 20-бағанда борыштық қаржы құралдары бойынша Нысан ұсынылған күнгі купондық мөлшерлеме көрсетіледі.

      6. 2-кесте бойынша:

      1) 4-бағанда бағалы қағаздың типі көрсетіле отырып оның түрі көрсетіледі;

      2) 6-бағанда сатып алынған бағалы қағаздардың саны көрсетіледі;

      3) 7 және 8-бағандарда валюта кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      4) 9 және 10-бағандарда кері репо операцияларын жүзеге асыруды растайтын бастапқы құжатта көрсетілген баға үтірден кейін төрт белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Сатып алынған бағалы қағаздар шетел валютасымен төлеген жағдайда, бір мезгілде ұлттық валюта - теңгедегі баламасын 9 және 11-бағандарда көрсете отырып, 10 және 12-бағандар толтырылады, сатып алынған бағалы қағаздар ұлттық валюта - теңгемен төлеген жағдайда, 9 және 11-бағандар толтырылады;

      5) 15-бағанда бухгалтерлік есепте көрсетілген ағымдағы құн көрсетіледі.

      7. 3-кесте бойынша:

      1) 3-бағанда валюта кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      2) 6-бағанда банктік салым шарты бойынша салым мерзімі көрсетіледі, салымның мерзімі ұзартылған кезде мерзім ұзарту ескеріле отырып көрсетіледі;

      3) 7 және 8-бағандарда жинақталған сыйақы төлеу мерзімділігі және күні банктік салым шартының талаптарына сәйкес көрсетіледі;

      4) 11 және 12-бағандарда зейнетақы активтерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымға орналастыру сомасы көрсетіледі. Зейнетақы активтерін ұлттық валютадағы салымға орналастырған жағдайда 11-баған толтырылады;

      5) кесте салымдар сомасын көрсете отырып, әрбір банк бойынша және салымның әрбір валютасы бойынша жеке толтырылады.

      8. 4-кесте бойынша:

      1) 4-бағанда валюта кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      2) 5 және 7-бағандарда баға және сатып алу құны мәміле жасалған күні қалыптасқан валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша көрсетіледі, 10-бағанда сома есепті күні қалыптасқан валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша көрсетіледі. Ұлттық валютадағы тазартылған бағалы металдар сатып алынған жағдайда 5, 7 және 9-бағандар толтырылады;

      3) 9-бағанда бухгалтерлік есепте көрсетілген ағымдағы құн көрсетіледі.

      9. 5-кесте:

      1) 3-бағанда туынды қаржы құралының базалық активі (бағалы қағаздардың және оның эмитентінің атауы, валюта, пайыздық мөлшерлеме, тауар және басқа да базалық активтер) көрсетіледі;

      2) 4-бағанда мәміле валютасы көрсетіледі. Валюта кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;

      3) 5-баған туынды қаржы құралының базалық активі бағалы қағаз болып табылған жағдайда толтырылады;

      4) 6-бағанда шартты талаптар мен міндеттемелердің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу кезінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылған сомасы көрсетіледі;

      5) 7-бағанда туынды қаржы құралының нарықтық құны (алмастыру құны) көрсетіледі, ол:

      сатып алуға мәмілелер бойынша – туынды қаржы құралының ағымды нарықтық құнының осы туынды қаржы құралының (шартты талаптар) номиналды келісімшарттық құнынан асып түсу мәнін, туынды қаржы құралының номиналды келісімшарттық құнының осы туынды қаржы құралының (шартты міндеттемелер) ағымдағы нарықтық құнынан асып түсу мәнін;

      сатуға мәмілелер бойынша – туынды қаржы құралының номиналды келісімшарттық құнының осы туынды қаржы құралының (шартты талаптар) ағымдағы нарықтық құнынан асып түсу мәнін, туынды қаржы құралының ағымды нарықтық құнының осы туынды қаржы құралының (шартты міндеттемелер) номиналды келісімшарттық құнынан асып түсу мәнін білдіреді.

      10. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 228 қаулысына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы __________

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Индекс: 4- CUST_REWARD

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкі

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

_______________________________ (кастодиан-банктің атауы) _____________________________________________________________ (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

  (теңгемен)

Жылы күні айы

Есептелгені

Төленгені

зейнетақы активтерінен

инвестициялық кірістен

зейнетақы активтерінен

инвестициялық кірістен

1

2

3

4

5

...





Жиынтығы:





      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Орындаушы _________________________________________ _________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Телефон нөмірі:_________________________

      Есепке қол қою күні 20_____ жылғы "_____"__________

      Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Есептелген және төленген
комиссиялық сыйақылар туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банкі нысанды ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы әрбір жұмыс күні үшін толтырады. Нысанның деректері теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-бағанда есепті айдың жеке жұмыс күні "жылы.күні.айы." форматында көрсетіледі.

      6. 2 және 3-бағандарда есептелген комиссиялық сыйақы сомасы көрсетіледі.

      7. 4 және 5-бағандарда төленген комиссиялық сыйақы сомасы көрсетіледі.

      8. "Жиынтығы:" жолында есепті айдағы барлық позиция бойынша жиынтық сомалар көрсетіледі.

      9. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 228 қаулысына
6-қосымша

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің
есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есептілікті ұсыну қағидалары "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктері (бұдан әрі – кастодиан-банк) есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Кастодиан-банк зейнетақы активтерін сақтауға қабылдаған әрбір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысты есептілікті ұсынады. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органмен жасалған активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарған жағдайда, кастодиан-банк осы ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және шарт жасаған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының активтері бойынша бөлек есептілікті ұсынады.

      3. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкінің бірінші басшысы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкінің бас бухгалтері немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкінің есебіне қол қоюға уәкілетті адамдар мен орындаушы қол қояды және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкінде сақталады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Есептілік ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ете отырып криптографиялық қорғау құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін қолдана отырып электрондық форматта ұсынылады.

      5. Электрондық форматта берілетін деректердің қағаз тасымалдауыштағы деректерге сәйкестігін кастодиан-банктің бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және кастодиан-банктің бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

      6. Есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда, кастодиан-банк уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып, жазбаша түсіндірмені ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2014 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

      8. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген, "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта санауда көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады