Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 21.10.2015 № 5С-42-7 (қабылданған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында ортақ су пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Н.Ысқақов
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Н.Дьячек
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысының табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Ш.Әубәкіров
«Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі Су ресурстары
комитеті Есіл су ресурстарын
пайдалану мен қорғауды
реттеу жөніндегі бассейіндік
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы У.Т.Аймен
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Ақмола
облысы бойынша басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы К.К.Баймұхамбетов
«Ақмола облысының төтенше
жағдайлар департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Т.Әбдіхалықов
Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 5С-20-8 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары
1. Осы Ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, 65-бабына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1215 қаулысына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгiлеу тәртiбiн анықтайды әрi меншiк нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Мынадай:
1) техникалық құралдарды қолданбай жер үстi көздерiнен су алу кезiнде;
2) ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
3) кеме қатынасы және шағын кемелердi пайдалану үшiн;
4) мал суару үшiн су объектiлерiн пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.
Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектiлерiнде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектiлерiнде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейдi.
3. Халықтың экологиялық, техникалық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында, мынадай жерлерде тиым салынады:
1) халықтың шомылуы:
ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;
шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;
температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;
судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;
сазбалшықты учаскелерде;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы облыстың уәкілетті органы тыйым салған жерлердегі жер үсті және жер асты су объектілерінен ішуге және тұрмыста қолдануға су алуға;
3) ортақ су пайдалану тәртібінде су объектілерінің ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшін суату алаңдары мен басқа да құрылғылары болмаған жағдайда ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймағында мал суаруға жол берілмейді. Олай болмаған жағдайда аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары суату алаңдарын орналастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
4. «Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 273-ө бұйрығымен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізіміне енетін су объектілерінде, атап айтқанда – Теңіз-Қорғалжын көлдері жүйесінде, Жаркөл көлдер тобында, Жұмай-Майшұқыр көлдер тобында, Құмдыкөл-Жарлыкөл көлдер тобында, Тұзащы және Қарасор көлдерінде, Ұялышалқар көлдер тобында, «Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесіне енгізілген су объектілері, соның ішінде: Қорғалжын көлдерінде (ұсақ көлдерде), Керей көлінде, Қожакөл көлінде, Алакөл көлінде, Итенген көлінде, Теңіз көлінде, Есей көлінде, Сұлтанкелді көлінде, Қоқай көлінде, Асаубалық көлінде, Сарыгүл көлінде, Жаманкөл көлінде, Қаракөл көлінде, Бурабай көлінде, Шортанды көлінде, Қотыркөл көлінде, Қопа көлінде, Кіші Шабақты көлінде, Үлкен Шабақты көлінде, Болпаш Сор көлінде, Майбалық көлінде суда жүзетiн жабайы құстар мен жүнi бағалы аңдардың, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтiн жерi болып танылған су объектiлерiнде ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалану құқығына шектеу қойылсын.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендейтін жері болып танылатын су объектілеріне ұя салу және уылдырық шашатын кезеңде ортақ су пайдалануға шектеу «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына сәйкес орнатылады.
5. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салуды белгілеу үшін дербес немесе бірлесе су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Ақмола облысының жергілікті өкілетті органына ортақ су пайдалану шарттарын белгілеу немесе тыйым салу қажеттілігін негіздейтін ұсыныс енгізеді.
6. Ортақ су пайдаланудың шарттары немесе тыйым салуды белгілеу негізсіз болған жағдайда, Ақмола облысының жергілікті өкілетті органы ұсынылған ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салуды белгілеуден бас тарту себептерін түсіндіре отырып, су пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.
7. Ақмола облысының жергілікті өкілетті органы шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдаланудың басқа да шарттары туралы арнайы ақпараттық белгілермен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар етеді.
8. Бекiтiлмеген су объектiлерiнде осы Қағидаларды бұзғаны үшiн айыппұл мөлшерi туралы ескертулер бар тыйым салатын белгiлер мен плакаттар орнатуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары қамтамасыз етедi.
9. Кеме қатынасы қауіпсіздігі, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жүктердің сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кеме қозғалысын шектеу немесе тыйым салу, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.