Степногорск қаласы және кенттерде бір жолғы талондардың құнын және тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/8 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 мамырда № 1-2-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 5С-13/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 28.02.2013 № 5С-13/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2011.11.04 № 4С-45/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы” Заңының 36 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 7) тармақшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Базар аумағындағы дүңгіршектерде, стационарлық үй-жайларда (оқшауланған блок) сатуды қоспағанда базарда тауарларды сату, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау бойынша қызметті іске асыратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін бір жолғы талонның құны осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қызметі эпизодты сипаттағы жеке тұлғалар үшін бір жолғы талонның құны осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Объект бірлігіне бір айда салынатын салықтың салық мөлшерлемесінің құн көлемі осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      4. Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 03 ақпандағы № 4С-15/5 “Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” шешімінің күші жойылсын.
      5. Осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қаланың коммуналдық инфрақұрылымын дамыту, бюджеттік саясат және қаржы жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      7. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Е.Тарасова

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                    Ғ.Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Степногорск қаласының
      әкімі                                      А.Никишов

Степногорск
қалалық мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 4С-18/8 шешіміне
1 қосымша

Базар аумағындағы дүңгіршектерде, стационарлық
үй-жайларда (оқшауланған блок) сатуды қоспағанда
базарда тауарларды сату, қызмет көрсету, жұмыстарды
орындау бойынша бір жолғы талонның құны

Р/с

Атауы

Бір күндегі бір сауда орны үшін бір жолғы талонның құны (теңге)

Степногорск қаласы үшін

1

Азық-түлік тауарлары

100

2

Сүт және сүт өнімдері

50

3

Ет

200

4

Өнеркәсіп тауарлары

110

5

Көкөністер, жемістер

150

6

Шекілдеуік (бөлшек саудада)

25

7

Бұрын тұтынылған тауарлар (өнеркәсіп тауарлары және қосалқы бөлшектер)

20

Бестөбе, Шаңтөбе, Заводской кенттері үшін

1

Азық-түлік тауарлары

68

2

Сүт және сүт өнімдері

40

3

Ет

72

4

Өнеркәсіп тауарлары

60

      Ескерту: Бұрын тұтынылған тауарларды жаңа тауарлармен бірге сатқан жағдайда өнеркәсіп тауарлары сияқты талон құны - 110 теңге

Степногорск
қалалық мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 4С-18/8 шешіміне
2 қосымша

Қызметі эпизодты сипаттағы жеке тұлғалар үшін
бір жолғы талонның құны

Р/с

Атауы

Бір күндегі бір жолғы талонның құны (теңге)

1.

(Стационарлық үй-жайлардағы қызметті қоспағанда) сату:

1)жергілікті баспа газеттері

2)басқа баспа өнімдері үшін

3)тұқымдар, сонымен қатар отырғызу материалдары (көшеттер)

4) бақша өнімдері

5) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдер

6) қосалқы ауыл шаруашылығының, бақшалықтың және саяжай учаскелерінің өнімдері


5

20
 
35

80
 

35
 
 
20

2

Жер телімдерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызметі

90

Степногорск
қалалық мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 4С-18/8 шешіміне
3 қосымша

      Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2011.11.04 № 4С-45/4

Объект бірлігіне бір айда салынатын
салық мөлшерлемесінің құн көлемі

р/с

Салық салу объектісінің атауы

Айында (айлық есептік көрсеткішімен) салынатын тіркелген салық ставкасының мөлшері

1

Бильярд үстелі

5

2

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

3

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

4

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

5

Ойын жолы

15

6

Карт

2

Степногорск
қалалық мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 4С-18/8 шешіміне
4 қосымша

Степногорск қалалық мәслихатының күші жойылды деп
танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1006 тіркелген, № 15 “Подшипник плюс” газетінде 2002 жылғы 11 сәуірде жарияланған);
      2. Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2002 жылғы 15 наурызда № 1006 тіркелген 2002 жылғы 09 шілдедегі № С-20/6 “Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1267 тіркелген, № 37 “Подшипник плюс” газетінде 2002 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған);
      3. Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2002 жылғы 15 наурызда № 1006 тіркелген 2002 жылғы 28 қарашадағы № С-22/6 “Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1500 тіркелген, № 8 “Подшипник плюс” газетінде 2003 жылғы 20 ақпанда жарияланған);
      4. 2004 жылғы 16 наурыздағы № С-5/3 “Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2379 тіркелген, № 15 “Подшипник плюс” газетінде 2004 жылғы 08 сәуірде жарияланған);
      5. 2005 жылғы 05 сәуірдегі № 3С-15/16 “Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-2-4 тіркелген, № 18 “Престиж” газетінде 2005 жылғы 05 мамырда жарияланған);
      6. 2005 жылғы 09 қарашадағы № 3С-23/4 “Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-2-27 тіркелген, № 49 “Престиж” газетінде 2005 жылғы 05 мамырда жарияланған);
      7. 2006 жылғы 3 мамырдағы № 3С-29/3 “Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-2-45 тіркелген, № 16 “Вечерний Степногорск” газетінде 2006 жылғы 17  мамырда жарияланған);
      8. 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 3С-34/4 “Степногорск қалалық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № С-16/5 “Степногорск қаласы мен кенттердегі шағын кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне бір жолғы талон мен тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесінің құн көлемін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-2-59 тіркелген, № 3 “Престиж” газетінде 2007 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) шешімдері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады