Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 382 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 желтоқсанда № 3718 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 04.07.2019 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңы 5-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Мұхамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 382 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы", 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" бұйрықтарына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө "Учаскелiк комиссиялар туралы үлгiлiк ереженi бекiту туралы" Бұйрығына сәйкес әзiрлендi және учаскелiк комиссиялардың мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындайды.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 31.12.2015 № 489 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Уәкiлеттi орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – атаулы әлеуметтiк көмек), 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы) тағайындауды және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) сәйкес әлеуметтiк көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органы.

      3. Учаскелiк комиссия – атаулы әлеуметтiк көмек, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алуға, Қағидаларына сәйкес әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiрген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнайы комиссия.

      4. Учаскілік комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялық, алқалық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.

      5. Комиссиялар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

      6. Комиссиялардың негiзгi мiндетi аудандық, қалалық уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiне халыққа атаулы әлеуметтiк көмек, балаларға арналған жәрдемақы және аудандық, қалалық мәслихаттарымен бекітетін әлеуметтiк көмек көрсетудің Қағидаларына сәйкес көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөнiндегi қызметiне жәрдемдесу болып табылады.

      7. Комиссияның негiзгi функцияларына:

      1) атаулы әлеуметтiк көмек, балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға және Қағидаларға сәйкес көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу (бұдан әрі – тексеру);

      2) қажетiне қарай тексеру жүргiзу үшiн қажеттi жетiспейтiн мәлiметтердi алу үшiн тиiстi органдарға сұрату жіберу;

      3) атаулы әлеуметтiк көмек, балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамның (бұдан әрi – өтiнiш берушi) материалдық жағдайын тексеру актiсiн жасау;

      4) ұсынылған құжаттардың немесе тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде атаулы әлеуметтiк көмек, балаларға арналған жәрдемақы немесе Қағидаларға сәйкес көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек берудiң қажеттiлiгi немесе қажеттiлiктiң жоқтығы туралы қорытынды дайындау жатады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссия өз қызметiн өтеусiз негiзде жүзеге асырады.

      9. Аудандық, қалалық уәкiлеттi орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмi учаскелiк комиссияның қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар (отырыс өткiзуге арналған жеке бөлме беру, нормативтiк құқықтық актiлермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.

      10. Комиссияның құрамына жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, кооперативтердiң, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi, халықтың, ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдарының өкiлдерiнен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi кіреді.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссияның жалпы саны бес адамнан кем болмауы тиiс.

      11. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген мiндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      12. Комиссия отырысының өткізілетін күні мен орны туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      13. Өтiнiш берушi Комиссияның отырысына қатыса алады.

      14. Комиссия:
      уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексерудiң нәтижелерi негiзiнде осы Ережедегi 1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қорытынды дайындайды және оны уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне бередi;

      құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күн iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Ережедегi 1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiрген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне жiбередi;

      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 31.12.2015 № 489 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Комиссиялардың отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      16. Комиссияның шешiмдерi оның құрамы жалпы санының үштен екiсi болған кезде заңды болады.

      17. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешушi болып саналады.

      18. Комиссияның қабылдаған шешiмi қорытынды түрiнде ресiмделедi, өтiнiш берушi онымен танысып, қол қояды.

      19. Өтiнiш берушi Комиссияның қорытындысына уәкiлеттi органға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағымдануына болады.

  Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік
көмек, он сегiз жасқа дейiнгi
балаларға арналған мемлекеттiк
жәрдемақы алуға және
әлеуметтік көмек көрсетуге
өтiнiш берген адамның
(отбасының) материалдық
жағдайына тексеру жүргiзу
жөнiндегi учаскелiк комиссиялар
туралы Ережеге 1- қосымша

Өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
АКТIСI

      20__ж. "___" _______
      ____________________________
(елдi мекен)

      1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.___________________________________
      2. Тұратын мекен-жайы________________________________________
      _____________________________________________________________
      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай _________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) ______ адам, оның iшiнде:

Т.А.Ә.

Туған күнi

Өтiнiш берушiге туыстық қатысы

Бiлiмi

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Өзiн-өз жұмыспен қамтуы





























      кестенің жалғасы

Жұмыс пен қамтылмауы ның себебi

Жұмыс пен қамту орган дарында жұмыссыз ретiнде тiркелуi туралы деректер

Қоғамдық жұмыстарға, кәсiптiк даярлауға (қайта даярлауға, бiлiктiгiн арттыруға) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу дiң белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер

Өмірлік қиын жағдай

















      Барлық еңбекке қабiлеттiлерi_______адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi _____ адам.
      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңның 2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша жұмыспен қамтылмағандары _____адам.
      Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептерi (iздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында) ______ адам.
      Кәмiлетке толмаған балалардың саны _____ адам, оның iшiнде:
      толықтай мемлекеттiк қамсыздандырудағы оқитындар ________ адам;
      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ____ адам, жылына оқу құны ______ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) __________________________________________________________________________
      5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзге де - көрсету керек) _____________________________
      Бөлме саны___________________________________________________
      Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар __________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә.

Табыс түрi

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер

бiр айда

бiр тоқсанда

























      6. Мыналардың:
      автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түсетiн табыс)
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түсетiн табыс) ____________________
      7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi)
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
      9. Ата-аналардың балалар тәрбиесiне қатысуы:
      мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлу _____________________________________________________________
      10. Тұратын санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы _____________
      _____________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
      ________________________ _____________________
      Комиссия мүшелері:
      ________________________ _____________________
      ________________________ _____________________
      ________________________ _____________________
      ________________________ _____________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)
      Жасалған актiмен таныстым:
      _____________________________________________________________
      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы
      Тексеру жүргiзуден бас тартамын___________Т.А.Ә. және өтiнiш берушiнiң (немесе отбасының мүшелерiнiң бiрiнiң) қолы, күнi
      _____________________________________________________________
      (өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек, он сегiз жасқа дейiнгi
балаларға арналған
мемлекеттiк жәрдемақы алуға
және әлеуметтік көмек
көрсетуге өтiнiш берген
адамның (отбасының)
материалдық жағдайына тексеру
жүргiзу жөнiндегi учаскелiк
комиссиялар туралы Ережеге
2-қосымша

Учаскелiк комиссияның №____қорытындысы

      20__ж. ___ ______

      Учаскелiк комиссия Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 3-бабына сәйкес отбасының (өтiнiш берушiнiң)
      ____________________________________________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты)
      өтiнiш және оған қоса берiлген құжаттарды қарап,
      ____________________________________________________________
      (ұсынылған құжаттар және (немесе) өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң)
      негiзiнде отбасына (тұлғаға) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы алуға және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек берудiң _____________________________________________________ туралы
      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
      қорытынды шығарады.
      Комиссия төрағасы: __________________ _____________________
      Комиссия мүшелері: __________________ _____________________
      __________________ _____________________
      __________________ _____________________
      __________________ _____________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)
      ______ дана қоса берілген құжаттармен қорытынды
      20__ж. "__" ________ қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады