Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 03.07.2024 № 165 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына,"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-154 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы N 064 (970) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), оған Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған ХV сессиясының 2013 жылғы 20 ақпандағы "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 138 шешімімен өзгертулер енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2230 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы N 035 (1105) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған ХVІІ сессиясының 2013 жылғы 24 сәуірдегі "V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 153 шешімімен өзгертулер енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2333 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 мамырдағы N 064 (1135) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
3 тармақтың екінші абзацындағы "8" саны "6" санына ауыстырылсын, "10" саны "8" санына ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Мұқтаров Жанділ Ахуанұлы).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
V шақырылған Қарағанды қалалық | |
мәслихатының кезекті XХІІ | |
сессиясының төрайымы | Т. Баширова |
Қарағанды қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Оспанов |
Келісілді: | |
"Қарағанды қаласының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысының м.а. | А. Бағжанова |
7 тамыз 2013 жыл