Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 13.12.2017 № 262 қаулысымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 147 "Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негіздегі үй-жайларды беру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2275 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2013 жылғы 25 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 219 "Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 147 "Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негіздегі үй-жайларды беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3138 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Таубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Бековке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ә. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарақия аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Атагараев Дуйсенбай Айткалиевич
"21".11.2016 жыл.
Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 313 қаулысына қосымша |
Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар
Ауыл, ауылдық округтердің атауы | Кездесу өткізілетін орын | Мекен-жайы, телефоны |
Құрық ауылы | Құрық ауылындағы №1 орта мектебі | Құрық ауылы, 1 шағын аудан, 1 үй 8(72937) 2-15-00 |
Мұнайшы ауылы | Мұнайшы ауылының мәдениет үйі | Мұнайшы ауылы, Салтанат шағын ауданы, 8 үй 8(72937) 28-37-3 |
Жетібай ауылы | Жетібай орталық кітапханасы | Жетібай ауылы, Жаңақұрылыс көшесі, 8(72937) 26-0-23 |
Сенек ауылы | Күржіманұлы атындағы орта мектебі |
Сенек ауылы, С.Мәтіков көшесі, 9 үй |
Бостан ауылдық округі | Қарақұдық орта мектебі | Бостан ауылы, 106 үй 8(72937) 61-1-07 |
Құланды ауылдық округі | Құланды орта мектебі | Құланды ауылы, М.Өскімбайұлы көшесі, 54 үй 8(72937) 71-0-10 |
Болашақ ауылдық округі | Теміржол вокзалы | Болашақ ауылы, 8(72959) 42-1-20 |