Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.03.2018 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
"Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-122 тіркелген, 2009 жылдың 9 сәуірінде № 29 "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
реттік нөмірі 4 жолда:
"41" деген сандар "25" деген сандарға ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 11 сайлау округі бойынша депутаты |
С. Сотников |
Қалалық мәслихат хатшысы |
Н. Халыков |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігі Салық
комитетінің Қостанай облысы
бойынша салық департаментінің
Қостанай қаласы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ С. Дөненбае
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Н. Дорошок
Мәслихаттың 2013 жылғы 15 ақпандағы № 112 шешіміне қосымша |
|
Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешіміне қосымша |
Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айына тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіштерде) |
1 | бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3 | ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | ойын жолы | 25 |
5 | карт | 2 |
6 | бильярд үстелі | 12 |