Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығымен бекітілген |
Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заннамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары
Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 13.04.2023 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Аттестаттауға жатқызылған Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің осы қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) аттесттауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі – тестілеу) айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тестілеуді өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілеттілігін әділ бағалау.
3. Аттестатталатын адамдарды тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура) Бас прокуратураның тестілеу залында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі" ақпараттық жүйесінде "Он-лайн" режимінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тестілеу процесі Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының қорғалатын арналары бойынша аудио – бейне хаттамамен бейнеконференцбайланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Компьютерлік тестілеудің әділдігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандартты болуымен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметтері):
1) міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін, туылған кезін, білімін, мамандығын, аттестаттау кезіндегі қызметін, сыныптық шенін (әскери атағын) көрсете отырып, тестілеуге жататын аттестатталушы қызметкерлердің тізімін әзірлейді. Жеке мәліметтер Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады (құжат тілінде);
2) аттестатталушы қызметкерлерді тестілеуді өткізудің орны, мерзімі және уақыты туралы хабардар етеді;
3) аттестатталушы қызметкердің тестілеуге уақтылы келуін және жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелік әкімшілеуді жөнге келтіру және орнату аясында арнайы білімі бар техникалық маманның болуын қамтамасыз етеді.
Кадр қызметтері "Он-лайн" режимінде тестілеуге жататын аттестатталатын қызметкерлердің адамдардың тізбесін тестілеуге дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын Бас прокуратураның кадр қызметіне тапсырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Тестілеуді өткізу
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Тестілеу өткізетін жай аттестатталушылардың ыңғайлы отыруына сәйкес, ал компьютерлер бейнеконференц байланысының тура көрінетін аумағына орналастырылуы қажет.
7. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Тестілеуді жүргізу кезінде бөлмеде тек қана аттестатталатын адамдар болады. Бұл ретте кадр қызметінің өкілі, сондай-ақ техникалық маман міндетті түрде қатысады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Тестілеу сәтінде өзін-өзі дұрыс сезінбеген аттестатталатын адам бұл туралы тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкіліне хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай адамдарды тестілеу басқа уақытта жүргізіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Аттестатталушы қызметкерлерде жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары болуы шарт. Өздерінде Қазақстан Республикасының азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары жоқ аттестатталушы қызметкерлер тестілеуге жіберілмейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Тестілеу басталғанға дейін аттестатталушылар жүйенің пайдаланушысының басшылығымен қолдарын қойып таныстырылады.
12. Тестілеу келесі тәртіпте жүргізіледі: заңнаманы білуге арналған тестілеу (100 сұрақ), логикалық ойлау (10 сұрақ).
13. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған және логикалық тестілеуді орындауға берілетін жалпы уақыт 110 минутты құрайды. Оның ішінде 90 минут Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді орындауға және 20 минут логикалық тестілеуді орындауға бөлінеді.
14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тест бойынша шекті мәндер прокуратура жүйесі органдарының қызметкерлері лауазымдарының барлық санаттары үшін нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% болатын дұрыс жауаптарды құрайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 13.04.2023 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Логикалық тестілеу бойынша төменгі шекті мәні белгіленбейді.
16. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тесттер, осы Қағидаларға қоса берілген қосымшаға (бұдан әрі - Мамандандыру) сәйкес, № 4 блокты қоспағанда, прокурорлық қадағалаудың бағыттары бойынша, ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі бойынша прокурорлық қадағалаудың мамандануына сәйкес әр блокқа міндетті 40 сұрақ және арнайы 60 сұрақты енгізе отырып, 7 блок бойынша орналастырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Мамандандыру № 1-3 блоктарының тестілеу сұрақтары бойынша келесі қызметкерлер Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтеді:
Бас прокуратураның басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, аға прокурорлары, инспекторлары;
облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;
аудан және оларға теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастықтары;
аудандардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорлары, аға прокурорлары;
құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына жеткен, сондай-ақ оған келесі үш жылда жететін (құқық қорғау қызметіндегі өтілі 20 жылдан және одан асқан адамдарды қоспағанда) аттестатталуға жататын қызметкерлер;
прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарында немесе мемлекеттік қызметтегі) қызмет өтілі 1 жылдан аспайтын аттестатталушы қызметкерлер.
Бұл ретте, бұл қызметкерлер өз қалаулары бойынша тестілеуден өту үшін үш блоктың (№ 1 блок, № 2 блок, № 3 блок) біреуін таңдайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Мамандандыру № 5 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, аға прокурорлары;
ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының басқарма/бөлім прокурорлары, аға прокурорлары;
ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің құқық қорғау қызметін оған жеткен, сондай-ақ соңғы үш жылда қызмет өткерудің шекті жасына жететін (құқық қорғау қызметіндегі өтілі 20 жылдан және одан асқан қызметкерлерді қоспағанда) аттестатталушы қызметкерлері;
ҚСжАЕАЖК-нің облыстық органдарының және ҚСжАЕЖК-нің прокуратура органдарындағы (құқық қорғау органдарындағы немесе мемлекеттік қызметтегі) қызмет өтілі аспайтын 1 жылдан аттестатталушы қызметкерлері.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 13.04.2023 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.19. Мамандандыру № 6 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:
Бас әскери прокуратураның басқармаларының/бөлімдерінің бастықтары, олардың орынбасарлары;
Бас әскери прокурордың көмекшілері мен аға көмекшілерін;
Бас әскери прокуратураның басқарма/бөлім прокурорлары мен аға прокурорларын;
аймақтардың/гарнизондардың әскери прокурорлардың орынбасарларын;
аймақтардың/гарнизондардың әскери прокуратуралардың бөлім бастықтарын;
аймақтардың/гарнизондардың әскери прокуратураларының прокурорлары, аға прокурорлары.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.19-1. Мамандандыру № 7 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:
Академияның ректоры, бірінші ректоры және проректорлары;
Академия институттарының директорлары мен олардың орынбасарлары;
Академия факультеттерінің профессорлары, декандары;
орталықтардың бастықтары, кафедралардың меңгерушілері, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарманың бастығы, бас ғылыми қызметкерлер, Ғылыми кеңестің хатшысы;
жетекші ғылыми қызметкерлер, аға ғылыми қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар.
Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.20. Мамандандыру № 4 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша мыналар Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеуден өтуге жатады:
Бас Прокурордың Аппаратының басшысы;
Бас прокуратура Департаменттерінің бастықтары, олардың орынбасарлары;
Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар бойынша аға көмекшілері;
облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары;
ҚСжАЕАЖК төрағасы, оның орынбасарлары;
Бас прокуратураның дербес басқармаларының бастықтары, олардың орынбасарлары;
Бас прокуратураның басқармаларының бастықтары, олардың орынбасарлары, Бас Прокурордың аға көмекшілері;
Бас прокуратураның бөлім бастықтары, Бас Прокурордың көмекшілері;
ҚСжАЕЖК-нің облыстық органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары;
ҚСжАЕЖК-тің басқарма/бөлім бастықтары, олардың орынбасарлары;
ҚСжАЕЖК-тің облыстық органдарының бөлім бастықтары;
Академияның басқармаларының/бөлімдерінің бастықтары, кезекшілік бөлімінің бастығы, ректордың көмекшісі;
облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың басқарма/бөлім бастықтары, олардың орынбасарлары;
облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың көмекшілері, аға көмекшілері;
аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар;
аудан прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары;
басқа аттестатталушы тұлғалар (өз қалауы бойынша).
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Логикалық тестілеу текст үзінділерінен тұрады және оның артында мақұлдау бар. Аттестатталушы қызметкер төменде көрсетілген үш жауаптың бір нұсқасын таңдауы тиіс:
1) мақұлдау үзіндінің мазмұнына немесе одан туындайтынлогикалық салдарға "ҚАРАМА ҚАРСЫ";
2) мақұлдау мәні бойынша үзіндінің мазмұнына "ҰҚСАС" немесе логикалық түрде осы ақпараттан немесе пікірден туындауы мүмкін;
3) қосымша ақпаратқа ие болмай осы мақұлдау үзіндінің мазмұнына немесе одан туындайтын логикалық салдарға ұқсаса немесе қарама-қарсы деп "АЙТА АЛМАЙМЫН".
22. Тестілеуге бөлінген уақыт аяқталған соң компьютерлік жүйе автоматтандырылған түрде тестілеуді тоқтатады және қорытындысын береді.
23. Тестілеу кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету немесе компьютерлік техника ақауға ұшыраған жағдайда жүйе аттестатталушы қызметкерге берілген есептік жазбаға қайталап кіруді жүзеге асырады.
Сонымен бірге қайталап кірген кезде жүйе тестілеуді ол үзіліп қалған жерден жалғастырады.
Уақыт және қорытындылар ақау орын алған сәттегі мәнге қалпына келтіріледі.
Бір есептік жазба бойынша қосымша тестілеуге жол берілмейді.
24. Жүйенің негізгі серверіне кіру мүмкін болмаған жағдайда техникалық маман резервтік серверге қосуды жүзеге асыруы тиіс.
25. Тестілеу кезінде аттетстатталушы қызметкерлерге тестілеу өткізіліп жатқан жайдан шығуға, алатын-беретін электрондық қондырғыларды (соның ішінде ұялы телефондарды, дербес портативтік компьютерлерді немесе басқа электрондық құралдарын), қағаз тасымалдағыштарын пайдалануға тыйым салынады.
26. Аталған тыйым салынған құралдарды қолдану фактілерін анықталған кезде кадр қызметінің өкілі тиісті акті жасайды. Аттестатталатын адам тестілеу залынан шығарылады.
Тестілеуден одан әрі өткізу тоқтатылады және аттестатталушы қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға арналған компьютерлік тестілеуден өтпеген деп саналады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Тестілеу процесі бейнеконференцбайланысымен хаттамалынады және ақпараттық тасымалдағыштарында мұрағатталынып, аттестаттау аяқталғанға дейін Бас прокуратурада сақталынады.
28. Тестілеу нәтижелерін санауды жүйе автоматты түрде жүргізеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 29.09.2017 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Тестілеу аяқталғаннан кейін кадр қызметінің өкілі аттестатталатын адамды тестілеудің нәтижесімен қол қоя отырып таныстырады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.04.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Прокурорлық қадағалаудың бағыттары, ұйымдастыру-кадр және талдау қызметі бойынша мамандандыру
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 13.04.2023 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. № 1 БЛОК (азаматтық-құқықтық)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын,
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттің қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі) (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі) (4 сұрақ),
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Қызметкерлердің әдеп кодексі) (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (10 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (5 сұрақ),
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" (4 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (4 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының үйлестіру кеңесі туралы ережені (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
2. № 2 БЛОК (қылмыстық-құқықтық)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),
Қызметкерлердің әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (15 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (15 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ),
"Жедел іздестіру қызметі туралы" (10 сұрақ), "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" (6 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын,
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының үйлестіру кеңесі туралы ережені (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
3. № 3 БЛОК (ұйымдастырушылық-кадрлық)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),
Қызметкерлердің әдеп кодексін (4сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (4 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (4 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (10 сұрақ),
"Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының үйлестіру кеңесі туралы ережені (5 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
4. № 4 БЛОК (арнайы)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),
Қызметкерлердің әдеп кодексін (4сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін (2 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (3 сұрақ),
"Құқықтық актілер туралы" (3 сұрақ), "Жедел іздестіру қызметі туралы" (3 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (4 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының үйлестіру кеңесі туралы ережені (3 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
5. № 5 БЛОК (ҚСжАЕК)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),
Қызметкерлердің әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (10 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (10 сұрақ),
"Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережені (5 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
6. № 6 БЛОК (әскери прокуратура)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын,
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),
Қызметкерлердің әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (6 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (2 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (2 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (3 сұрақ),
"Жедел іздестіру қызметі туралы" (2 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" (4 сұрақ), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" (7 сұрақ), "Ұлттық қауіпсіздік туралы" (4 сұрақ), "Төтенше жағдайлар туралы" (4 сұрақ), "Әскери жағдай туралы" (4 сұрақ), "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы" (7 сұрақ), "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысын (3 сұрақ),
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысын (3 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
7. № 7 БЛОК (Академия)
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (12 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (5 сұрақ),
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасы Заңын,
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін (4 сұрақ),
Қызметкерлердің әдеп кодексін (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (3 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (2 сұрақ),
"Білім туралы" (5 сұрақ), "Ғылым туралы" (5 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (3 сұрақ), "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" (2 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (4 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" (3 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (2 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (2 сұрақ),
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру қағидаларын (2 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.