"Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 ақпанда № 10200 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.09.2018 № ҚР ДСМ-17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6744 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2011 жылғы 28 сәуірде № 141 (26562) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережеде:

      6-7 – тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қойылған міндеттерге сәйкес наркологиялық ұйымдар мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

      1) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар сұраныстарына сәйкес наркологиялық көмек көрсетуді (ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігі, қол жетімділігі, көлемі мен сапалық сипаттамалары бойынша) қамтамасыз ету;

      2) халықтың әртүрлі топтарының арасында алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелділікке құмартушылықтың тиімді түрдегі алғашқы профилактикасы (алькогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға құмарлықтың қауіптілігі жоғары топтарына диагностика және қауіптілігі асқынған түріне тиімді түзету жасауды бірге қоса);

      3) халықтың әртүрлі топтарының арасында алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдармен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар ауруларының алғашқы білінуі мен кең таралған клиникалық сипатына диагностика жүргізу, наркологиялық көмек бағдарламасына қатысуға уәждемелеу;

      4) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалту уәждемесімен қоса, алғашқы наркологиялық көмек бағдарламаларымен толыққанды қамтуға қол жеткізу;

      5) ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан жеткізілген пациенттерді емдеуге жатқызу қажеттігі немесе жатқызуға қарсылық білдіру мәселесін шешу мақсатында алкоголь және (немесе) басқа да ПАЗ-дан мас болу (уыттану) деңгейіне диагностика жасау;

      6) ұзақ әрі тұрақты ремиссияға және рецидивке қарсы әрі қолдаушы терапия уәждемесіне қол жеткізе отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайда алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды тиімді түрде емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту;

      7) наркологиялық көмектің соңғы кезеңіндегі ремиссия жағдайында тұрған алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар арасында рецидивтердің тиімді профилактикасы (рецидивке қарсы және қолдаушы терапия);

      8) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды үнемі пайдаланудың мейлінше ауыр асқынулары мен салдарын тиімді профилактикалау (медициналық-коморбидті патологияның дамуы, АИТВ-ны қоса алғанда, мерзімінен бұрын мүгедектену, өлім-жітімділік, әлеуметтік тәртіп нысандарына қарсы әлеуметтік тәртіп үлгісі, қылмыстық белсенділік, күшпен басып алулар, аутоагрессиялар);

      9) наркологиялық ұйымның қызмет көрсету аумағындағы алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға наркологиялық көмек көрсету жағдайына талдау жүргізу және медициналық көмек сапасының индикаторларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген есептік және өзге де құжаттардың статистикалық өңделуінің негізінде баға беру;

      10) наркологиялық көмекті ұйымдастыру мәселесі бойынша консультациялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;

      11) апиындық есірткілерден тәуелді адамдарға алмастырушы қолдаушы терапия түріндегі есірткіге тәуелділікті емдеуді ұсыну.

      7. Өзіне жүктелген қызметтерге байланысты наркологиялық ұйымдардың құрылымында мыналар ұйымдастырылуы мүмкін:

      1) диспансерлік (емханалық) наркологиялық бөлімше;

      2) балаларға арналған наркологиялық бөлімше (кабинет);

      3) жасырын емдеу жөніндегі наркологиялық бөлімше (кабинет);

      4) алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастардың жіті және жітілеу абстинентті жағдайларын дәрі-дәрмек арқылы емдеуге және уәждемелі терапия жүргізуге арналған стационарлы наркологиялық бөлімшелер, оның ішінде алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған бөлімшелер;

      5) медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі);

      6) уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы;

      7) күндізгі наркологиялық стационар;

      8) ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі;

      9) алмастырушы қолдаушы терапияны ұсыну пункті.";

      3-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Диспансерлік (емханалық) наркологиялық бөлімше";

      3-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Балаларға арналған наркологиялық бөлімше (кабинет)";

      3-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Жасырын емдеу бойынша наркологиялық бөлімше (кабинет)";

      3-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Жіті және жітілеу абстинентті жағдайларды дәрі-дәрмек арқылы емдеуге, алкогольге және (немесе) ПАЗ-ға тәуелді науқастарға уәждемелі терапия жүргізуге арналған стационарлық наркологиялық бөлімшелер, оның ішінде алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды мәжбүрлі түрде тексеруге және емдеуге арналған бөлімшелер";

      3-тараудың 5-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі (психотерапия және оңалту бөлімшесі, әлеуметтік оңалту бөлімшесі)";

      3-тараудың 6-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы";

      3-тараудың 7-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Күндізгі наркологиялық стационар";

      3-тараудың 8-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім";

      3-тараудың 9-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Аудандық немесе қалалық емханаларда наркологиялық кабинет";

      мынадай мазмұндағы 10-параграфпен толықтырылсын:

      "10-параграф. Алмастырушы қолдаушы терапияны ұсыну пункті

      47. Алмастырушы қолдаушы терапияны ұсынудың негізгі міндеттері:

      1) апиындық тәуелділігі бар пациенттердің өмір сапасын және әлеуметтік бейімделуін арттыру;

      2) заңсыз есірткі құралдарын тұтыну жиілігі мен көлемін төмендету;

      3) инъекциялық есірткіні тұтынышылардың арасында АИТВ-инфекциясының және басқа да қосалқы аурулардың берілу қаупін төмендету;

      4) апиыннан тәуелді АИТВ жұқтырған адамдардың ретровирусқа қарсы терапияға бейімділігін ұлғайту болып табылады.

      48. Алмастырушы қолдаушы терапияны ұсыну пункті денсаулық сақтау ұйымының ғимаратында үй-жайға жеке кіретін есігімен орналастырылады.

      49. Алмастырушы қолдаушы терапияны тағайындауға арналған көрсетілімдер:

      1) апиындық тәуелділік диагнозы (F 11.2);

      2) хабардар етілген келісім беру қабілеттілігі;

      3) 18 жастан жоғары;

      4) АИТВ-инфекциясының белгіленген диагнозы;

      5) жүктілік болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Г.Ө. Құлқаева):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Р.Мусиновқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады