"Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 мамырда № 13676 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10594 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларда Субъекті:

      1) көтеру себептерін растайтын құжаттармен (шикізат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті (жасалған) шарттардың көшірмелерін) қоса, бағаны көтерудің орындылығын негіздейтін түсіндірме жазбаны;

      2) әрбір қызмет түрі бойынша бағалар жобасын немесе босату бағасын;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 тіркелген, "Жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен (бұдан әрі – № 143 Бұйрық) бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік теңгерімді;

      4) № 143 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша пайдалар мен залалдар туралы есепті;

      5) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 тiркелген, "Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есепті;

      6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12227 тiркелген, "Кәсіпорындардың қаржысы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті;

      7) № 143 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ақшалай қаражаттың және материалдық емес активтердің қозғалысы туралы есепті;

      8) шығындар баптары бойынша таратып жазылған жалпы кәсіпорын және әрбір түрі бойынша жекелеген, бағалар жобасын (босату бағаларын) есептеу үшін қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректерді;

      9) қолданылып отырған еңбекақы төлеу жүйесі туралы деректерді;

      10) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, қызметкерлердің нормативтік саны туралы деректерді;

      11) ол болған жағдайда, есепке алу саясатын;

      12) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) (бар болса);

      13) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

      14) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

      15) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген амортизациялық аударымдардың есептерін;

      16) өткізудің жоспарланған көлемін растайтын құжаттар-ниет хаттамаларын, шарттарды, өндіру (жеткізу) көлемдерінің есептемелерін, жобалық қуат және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ өндіру (жеткізу) көлемдері төмендеген кезде Субъектілер негіздемені ұсынады;

      17) таратылып жазылған дебиторлық және кредиторлық берешекті ұсынады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) және басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлiк есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына Субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қолдарын қояды және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) расталады.

      Бұл ретте, негіздейтін материалдар ретінде өтінім беру алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтізбелік жыл ішіндегі шығындар туралы нақты деректер ұсынылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Субъектінің шекті бағаны көтеру туралы хабарламасын қараудан бас тарту себептері:

      1) Субъектінің хабарламаны ұсыну мерзімін бұзуы;

      2) Субъектінің Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

      3) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келмеуі болып табылады.";

      19-тармақ алып тасталсын;

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Инвестицияға жұмсалған шығыстарды шекті бағаға енгізу үшін Субъекті инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге уәкілетті органның ведомствосына мынадай материалдарды:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттелетін нарық субъектісінің жоспарланған инвестициялық бағдарламасын (жобасын);

      2) баға деңгейін салыстырмалы талдауды қоса, сатып алынатын негізгі құралдардың, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны көрсетілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған инвестициялық шығындар туралы ақпаратты;

      3) қаржыландырудың, оның ішінде қарыз ресурстарының (қарыз қаражаты бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, қарыз қаражатын қайтару мерзімдері мен шарттары) болжамды мөлшерін және алдын ала шарттарын растайтын құжаттарды;

      4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылған жағдайда, оны қаржыландыру мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттармен қоса, еркін нысанда өтінім береді.

      Субъекті жоспарлаған инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъектінің мөрімен (ол болған кезде) және басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) расталады.

      Субъектінің жоспарланған инвестициялық бағдарламасы (жобасы) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламамен немесе босату бағалары туралы жазбаша нысандағы ақпаратпен бір мезгілде беріледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсынысқа:

      1) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізуді негіздейтін материалдармен (бизнес-жоспар, прайс-парақтар, шарттардың көшірмелері, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама) қоса, түзетулер ескеріле отырып, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы;

      2) субъектінің негіздейтін материалдармен қоса, инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізу қажеттілігі туралы бағалауы;

      3) қаржыландыру мен қарыз қаражатын қайтарудың ықтимал шарттары;

      4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) және басшысының не оны ауыстыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлiк есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшысы орынбасарының қолымен расталады. Қаржы құжаттарына субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды ауыстыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен (ол болған кезде) расталады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тартылған жағдайда, оның ішінде түзетулерді ескере отырып, уәкілетті органның ведомствосы, оның ішінде түзетуді ескере отырып, Субъектіге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы дәлелді қорытынды жолдайды.

      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қараудан немесе бекітуден бас тартуға негіз Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және (немесе) толық көлемде ұсынбау және 26-тармағының екінші және үшінші бөлігіне сәйкес келмеу болып табылады.

      Бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзетуден бас тарту үшін Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және (немесе) толық көлемде ұсынбау және 29-тармағының екінші бөлігіне сәйкес келмеу болып табылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, реттелетін нарық субъектісі уәкілетті органның ведомствосына шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау не орындамау туралы жартыжылдық ақпаратты уәкілетті орган "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-3-бабы 1) тармақшасына сәйкес бекіткен нысан бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________________Ә.Исекешев

      2016 жылғы 6 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________________В.Школьник

      2016 жылғы 18 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 бұйрығына 1-қосымша
  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Бағаны көтеруге тыйым салу туралы дәлелді қорытынды

      Уәкілетті орган _______________________________(реттелетін нарық субъектісінің атауы) _____________________________көрсетілетін қызметтерге (көрсетілетін қызметтердің түрлері) бағаларды алдағы көтеру туралы хабарламасын қарап, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 3-тармағына және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10594 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығымен бекітілген, Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (субъектінің атауы, көрсетілетін қызметтер) бағаны көтеруге тыйым

      салатыны туралы хабарлайды.

      Негіздеме____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Басшы А.Ә.Т. (болған жағдайда)

       Мөр орны (ол болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 95 бұйрығына 2-қосымша
  Реттелетін нарықтардағы бағаны
белгілеу, реттелетін нарық
субъектісінің инвестициялық
бағдарламасын (жобасын) бекіту
және түзету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Электрмен жабдықтау қызметтерін көрсетуге шығыстар сметасы/жабдықтау үстемеақысы

р/с

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Келісілді

I

Қызметтер ұсынуға шығындар, барлығы

мың теңге



оның ішінде

мың теңге


1

Материалдық шығындар, барлығы

мың теңге



оның ішінде

мың теңге


1.1

Өзге материалдар

мың теңге


1.2

ЖЖМ

мың теңге


2

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге



оның ішінде

мың теңге


2.1

Жалақы

мың теңге


2.2

Әлеуметтік салық

мың теңге


3

Амортизация

мың теңге


4

Өзге шығындар, барлығы

мың теңге



оның ішінде



4.1

қосалқы бөлшектер

мың теңге


4.2

автокөлікті ұстау шығыстары

мың теңге


4.3

қызметкерлерді сақтандыру

мың теңге


4.4

автокөлікті сақтандыру

мың теңге


4.5

кеңсе тауарларына шығыстар

мың теңге


4.6

баспахана көрсететін қызметтерге шығыстар

мың теңге


4.7

жылжымайтын мүлікті жалдау шығыстары

мың теңге


4.8

коммуналдық көрсетілетін қызметтер

мың теңге


4.9

объектіні күзету шығыстары

мың теңге


4.10

өрт сөндіру құралдарына шығыстар

мың теңге


4.11

жол жүру билеттері

мың теңге


4.12

медициналық тексеру

мың теңге


4.13

негізгі құралдарды жөндеу

мың теңге


4.14

кадрларды оқыту

мың теңге


II

Кезең шығыстары

мың теңге


5

жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы

мың теңге



оның ішінде



5.1

еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге


5.2

ӘБП жалақысы

мың теңге


5.3

әлеуметтік салық

мың теңге


5.4

амортизация

мың теңге


5.5

салық төлемдері мен алымдар

мың теңге


5.6

іссапар шығыстары

мың теңге


5.7

байланыстың көрсетілетін қызметтері

мың теңге


5.8

аудиторлық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

мың теңге


5.9

банктің көрсетілетін қызметтері

мың теңге


5.10

басқа да шығыстар, барлығы

мың теңге



оның ішінде



5.10.1

ЖЖМ

мың теңге


5.10.2

қосалқы бөлшектер

мың теңге


5.10.3

автокөлікті ұстау шығыстары

мың теңге


5.10.4

автокөлікті сақтандыру

мың теңге


5.10.5

нотариалдық көрсетілетін қызметтердің шығыстары

мың теңге


5.10.6

қызметкерлерді сақтандыру шығыстары

мың теңге


5.10.7

баспахана көрсететін қызметтерге шығыстар

мың теңге


5.10.8

мерзімді басылым шығыстары

мың теңге


5.10.9

кеңсе тауарларына шығыстар

мың теңге


5.10.10

1С қызмет көрсету шығыстары

мың теңге


5.10.11

оргтехникаға қызмет көрсетуг шығыстары

мың теңге


5.10.12

пошта көрсететін қызметтерге шығыстар

мың теңге


5.10.13

өзге материалдарға шығыстар

мың теңге


5.10.14

хабарландыруларға шығыстар

мың теңге


5.10.15

автокөлікті жалдау және оған қызмет көрсету

мың теңге


5.10.16

ақпараттық көрсетілетін қызметтер

мың теңге


5.10.17

күзет көрсететін қызметтер

мың теңге


5.10.18

заңгерлік көрсетілетін қызметтер

мың теңге


5.10.19

негізгі құралдарды жөндеу

мың теңге


5.10.20

консультациялық көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар

мың теңге


5.10.21

бағдарламалық қамсыздандыруды қолдау бойынша шығыстар

мың теңге


5.10.22

жабдықты техникалық сүйемелдеу бойынша шығыстар

мың теңге


5.10.23

компьютерлерді/жабдықты жалдау

мың теңге


5.10.24

бейнебақылау көрсететін қызметтер

мың теңге


5.10.25

"кол-орталық" жабдығын сүйемелдеу

мың теңге


5.10.26

"электрондық кезекке" қызмет көрсету бойынша шығыстар

мың теңге


6

Қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге шығыстар

мың теңге


III

Жабдықтау үстемеақы бойынша барлық шығын

мың теңге


IV

Пайда

мың теңге


V

Барлық кіріс

мың теңге


VI

Өткізу көлемі

мың кВтсағ.


VII

ҚҚС есепке алынбай өткізу құрамдас

теңге/кВтсағ.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады