Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 наурызда № 22326 болып тіркелді

      БҰЙЫРAМЫН:
      1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Aудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
     Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері аумақтарды дамыту бағдарламалары және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін Кодекстің 65-1-бабына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен жүзеге асырылады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
     Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
     2) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:
     бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
мыналар:
     есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;
орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасы;
     жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;
     бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарды ұсынады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен жүзеге асырылады.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
     Aуданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
     2) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:
     бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
мыналар:
     есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;
орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасы;
     жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;
     бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарды ұсынады.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстарды ұлғайту жөніндегі жаңа бастамаларына арналған шығыстарды жоспарлау алдыңғы жоспарлы кезеңде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатының шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен жүзеге асырылады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Aудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 10 қазанынан кешіктірмей аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатқа енгізеді.
     Aуданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
     2) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:
     бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
мыналар:
     есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;
орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасы;
     жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;
     бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарды ұсынады.».
2. «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
     1) бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ЖБИ тізбесін қарайды;
2) № 129 бұйрыққа сәйкес ЖБИ қарайды және экономикалық қорытынды дайындайды;
     3) бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде ЖБИ тізбесін жасайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық маңызы бар қаланың аудандық (облыстық маңызы бар қаланың), ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органы нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық маңызы бар қаланың бюджеттерінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға:
     1) объектілер бөлінісінде ЖБИ тізбесі және олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімді;
2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысымен (бар болған жағдайда) техникалық-экономикалық негіздемені;
     3) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысымен (бар болған жағдайда) жобалау-сметалық құжаттаманы;
4) ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға мемлекеттік орган-бағдарламалар әкімшісінің немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығын (бар болған жағдайда);
     5) жергілікті мемлекеттік бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысты;
6) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған жергілікті бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемесiн;
     7) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларды, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыларды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялар бойынша, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындыларын;
8) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет есебінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органның салалық қорытындысын ұсынады;
     9) Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу шеңберінде іске асыруға жоспарланып отырған пилоттық инвестициялық бюджеттік жобалар бойынша объектінің сметалық құнының лимитін есептеу нәтижелері туралы келісу-хатын, құрылыс құнының есебін ұсынады.».
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі        Е. Жамаубаев

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Ұлттық экономика министрлігі

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
     Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады