Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі N 214 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 тамызда N 4743 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 18.03.2015 N 262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының 29-сессиясының
      төрағасы А. Ералиев
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы Б. Еламанов
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитеті
      Қызылорда облыстық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      __________________ Е. Нурумбетов
      2014 жылғы "30" шілде
      "Қазақстан Республикасы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау Агенттігінің Қызылорда
      облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Р. Нұртаев
      2014 жылғы "30" шілде
      "Қызылорда облысының ішкі
      істер департаменті" мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы,
      полиция полковнигі
      __________________ Н. Анарбаев
      2014 жылғы "30" шілде

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2014 жылғы "30" шілдедегі
№ 214 шешімімен бекітілген

Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қызылорда облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін белгілейді.
      2. Қағида, меншiктiк нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-иелер) қолданылады.
      3. Қағида "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрленді.
      4. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ветеринариялық паспорт - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
      2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
      3) ветеринариялық ұйымдар - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, облыстық маңызы бар қалада, кентте орналасқан мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме;
      4) ит - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары;
      5) қаңғыбас ит – қараусыз қалған, еш жерде тіркелмеген, иесі жоқ, сүтқоректі қасқыр тұқымдас үй жануары.
      6) мысық - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, мысық тұқымдас үй жануары.

2. Иттер мен мысықтарды асырау шарттары

      5. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелерiне санитариялық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды ұстану керек.
      6. Көп пәтерлі тұрғын үйлердiң және жатақханалардың ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, шатырлар, төбелер, подвалдар), сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттер мен мысықтарды ұстауға жол берілмейді.
      7. Меншігінде, иелігінде, пайдалануында жеке тұрғын үйі бар тұлғалар иттерін жеке ауласы аумағында ұстау керек, сондай-ақ жеке ауласының кіреберісіндегі дарбазада ит бар екендігі туралы ескерту белгісі болуы қажет.
      8. Үш айлық иттер мен екі айлық мысықтар құтырма індетіне қарсы егіліп, ветеринариялық мекемелер беретін ветеринариялық паспорттардың болуы міндетті.
      1) Тіркелген ит пен мысықтардың мекенжайы ауысса (сатып алынса, сыйлыққа берілсе) 15 күн ішінде оларды өзгерген мекенжайы бойынша қайта тіркелуі тиіс.
      2) Дене күші жағдайы бойынша маңындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын және 16 жасқа толмаған тұлғаларға, иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін итті серуендетуге жол берілмейді.

3. Иттер мен мысықтарды асырау тәртiбi

      9. Иттер мен мысықтардың иелерi:
      1) иттер мен мысықтарды ауруға күдікті болуына байланысты кенеттен құлауы жағдайында ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландыру;
      2) иттер мен мысықтар өлекселерін жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріксіз шаралар қолдануы;
      3) ветеринариялық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу, вакцинация жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсетулері қажет.
      10. Иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекiтiлген фактiлерге күдiктенгенде, бұған дейін көрсетiлген инфекцияға қарсы иммунизация (вакцинация) процедураларын өтпегендер, заңнамамен белгіленген тәртіппен алып қоюға, қажет болғанда кейiн жойылуға жатады.

4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртiбi

      11. Иттер мен мысықтардың иелерi келесілерді:
      1) иттер мен мысықтарды балалар алаңдарында, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң телiмдерінде, мектеп аулаларында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерiнiң аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, гүлзарларда серуендетуге жол бермеуді;
      2) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, қоғамдық шомылу жерлерінде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су тарту құрылысында жануарларды шомылдыруға және жуындыруға жол бермеуді;
      3) иттер мен мысықтарды арнайы бекітілген, қоршалған жерлерде немесе ашық алаңдарда серуендетуді;
      4) иттер мен мысықтардың иелері серуендету кезінде өздерінің жануарларымен қалдырған барлық табиғи шығарылымдарын (экскременттерін) тазартуды;
      5) адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлiктерде (автобустағы жинақтау алаңшаларында) және басқа да қоғамдық орындарда иттердi қысқа тiзгiнде, тұмылдырықпен ұстауға және иттер мен мысықтардың декоративтiк түрлерiн сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), немесе қолда алып тасымалдауды;
      6) иттердi түнгi уақытта серуендеткен кезде олардың иелерi тыныштықты сақтау шараларын қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      12. Кәсiпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде иелері байлап кеткеннен басқалары, қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар, қараусыз (қаңғыбас) деп есептеледi және қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен мiндеттi аулауға жатады.
      Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылып жүргiзiледi.
      13. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарының сақталуымен бірге ұйымдастырылады және өткізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғаларға рұқсат етіледі.

6. Қорытынды ережелер

      14. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн иттер мен мысықтардың иелері "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 311-бабына сәйкес жауапкершілікте болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады