"2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі N 640 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 14 тамыздағы N 684 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 тамызда N 4755 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2014 жылғы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 640 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4725 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдеде "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының әкімі

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

_____________А. Мамытбеков

2014 жылғы "14" тамыз

Қ. Көшербаев









  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2014 жылғы "14" тамыздағы
  № 684 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2014 жылғы "10" шілдедегі
  № 640 қаулысына
  қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі және басым дақылдарды өндіруді субсидилау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

р/с

Басым дақылдардың тізбесі

Бір гектарға субсидия нормасы, теңге

1

Күріш

25000

2

Дәндік жүгері

45686

3

Майлы дақылдар

44010

4

Картоп

159161

5

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсіретін картоп

219560

6

Көкөністер

120746

7

Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсіретін көкөністер

181910

8

Бақша

65396

9

Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары

3000000

10

Сүрлемдік жүгері

45964

11

Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

24179

12

Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

25800


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады