Арал қаласындағы "Южная" көшесін Мәлік Сәрсеновтың есімімен қайта атау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Арал аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 05 қарашадағы N 451-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы N 194 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда N 4814 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 11 шілде 2014 жылғы № 6 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе бөлігіне өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.04.2024 № 52-қ бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.04.2024 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Арал қаласындағы "Южная" көшесі Мәлік Сәрсеновтың есімімен қайта аталсын.

      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Арал ауданының әкімі А.С.Мұхимов
      Арал аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс отыз екінші
      сессиясының төрағасы М.Жулдасбаев
      Арал аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін
      уақытша атқарушы А.Асанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады