Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаков ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 223 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 тамызда № 4983 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 285 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 16.01.2020 № 285 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаков ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен


тыс сессиясының төрағасы

Қ. Әбікеев

Алтынсарин аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Есмұханов

КЕЛІСІЛГЕН


Қостанай облысы Алтынсарин


ауданының Щербаков ауылдық


округінің әкімі


_____________ Т. Мұстафин



  Мәслихаттың
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 223 шешіміне қосымша

Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің Щербаков ауылының тұрғындары үшін

28

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің Сатай ауылының тұрғындары үшін

4

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің Қосқұдық ауылының тұрғындары үшін

4

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің Басбек ауылының тұрғындары үшін

1

  Мәслихаттың
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 223 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Щербаков ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Щербаков ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Щербаков ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Алтынсарин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Щербаков ауылдық округінің аулдарың шегінде бөлек жиынды өткізуді Щербаков ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Щербаков ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Щербаков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Щербаков ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Щербаков ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Алтынсарин аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Щербаков ауылдық округі өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Щербаков ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады