Әкімдіктің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 315 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қарашада № 5154 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 04.06.2015 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Таран ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-67 тіркелген, 2008 жылғы 29 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, аудандық бюджет қаражаты есебiнен белгiленетін мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, аудандық бюджет қаражаты есебiнен белгiленетін мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";
      көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, аудандық бюджет қаражаты есебiнен белгiленетін мамандар лауазымдарының тізбесі":
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринарлық дәрігер;
      2) ветеринарлық фельдшер.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданының әкімі                      Б. Өтеулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады