Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 17/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 4239 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” № 504 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 сәуірінде № 3748 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 14 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      осы аталған шешіммен бекітілген Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      8-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттері, жетім балалар және ата-анасының қорғауынсыз қалған балалар;";

      9-тармақтың 2)тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацында (тек қана 1, 2 топтағы мүгедектер) көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі депутаттық тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Ботабай

Аудандық мәслихатының
хатшысы

Ғ. Арынов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады