Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы № 417 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 3047 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 09.11.2015 № 337 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. " Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 417 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүлік атауы
Шығарылған (салынған) жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
Toyota Land Cruiser автокөлігі, тіркеу нөмірі 044RK06
2000
"Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
2
Балабақша жылу қазандығының ғимараты, жалпы ауданы 107,2 шаршы метр
1980
"Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады