«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Түлкібас ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жанесенге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 5 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Қ. Абдуалиев |
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 567 қаулысына қосымша |
2014 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Түлкібас ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Дақылдар түрі | Оңтайлы себу мерзімдері | Ескертпе | |
басталуы | аяқталуы | |||
1 | Бидай | 5.10.2014 ж. | 5.11.2014 ж. | Егістік және суармалы жерлер |