Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы Ж.Келденов және Достық көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте № 3491 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімінің 22.07.2015 № 1 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 506 ұсынысы негізінде, Қалбатау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ

      1. Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы Ж. Келденов және Достық көшелеріне, ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы (Д.Данабаев, келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жарма аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (Г.Құлжанбекова, келісім бойынша) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалбатау ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы Е. Аубакиров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
      бақылау және қадағалау комитетінің
      Жарма аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы Д. Данабаев

      " 15 " 08 2014 жыл

      "Қазақстан Республикасы
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаментінің Жарма аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасы" республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Г. Құлжанбекова

      " 15 "08 2014 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады