Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10502 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.01.2018 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 88 бұйрығымен
бекітілген

Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі - Декларациялар) табыс ету тәртібін айқындайды.

      2. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым көлемін декларациялау этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы туралы мәліметтер көрсетілетін декларацияларды табыс ету арқылы жүргізіледі.

      3. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды жеке және заңды тұлғалар электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.10.2018 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген табыс ету мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, Декларацияларды табыс ету мерзімі аяқталуға дейін үш жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) нысан бойынша, мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.

      Мемлекеттік кірістер органы өтінішті алған кезде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзартады, бірақ ол күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс.

      5. Осы Қағидаларға сәйкес табыс ететін Декларацияларға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.

      6. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен олардың өндіру және айналым көлемін декларациялау кезінде қолданатын өлшеуіш бірлігі 1 дал 10 литрге тең келетін декалитр болып табылады.

      7. Декларация өзіне мыналарды:

      1) Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру мен олардың айналымы бойынша декларацияны;

      2) Алкоголь өнімін өндіру және айналымы бойынша декларацияны;

      3) Алкоголь өнімінің айналымы бойынша декларацияны қамтиды.

2-тарау. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі - 1-декларация) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына этил спиртін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның және (немесе) шарап материалын өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде этил спирті және (немесе) шарап материалының өндірісін және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.

      9. "СОК" жолында 1-декларацияны табыс ететін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.

      10. "ЖСН/БСН" жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      11. "Субъектінің атауы" жолында 1-декларацияны табыс ететін этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндірушінің толық атауы көрсетіледі.

      12. "Есепті кезең" жолында этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіруші 1-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.

      13. "Есептілік түрі" жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.

      Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде "Негізгі" ұяшығы белгіленеді.

      Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда "қосымша" ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.

      14. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      15. 2-бағанда этил спирті немесе шарап материалын өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.

      1-декларацияның 2-бағандары лицензияда немесе лицензияның қосымшасында көрсетілген этил спирті немесе шарап материалын өндіру жөніндегі қызметті жеке және заңды тұлғалардың жүзеге асыратын әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.

      16. 3-бағанда өнімнің түрі: этил спирті немесе шарап материалы көрсетіледі.

      17. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде этил спирті немесе шарап материалының сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі - СЭҚ ТН) көрсетіледі.

      18. 5-бағанда есепті кезеңнің басында өндірушіде қалған этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

      Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі.

      Этил спирті және (немесе) шарап материалын өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, этил спирті мен шарап материалының нөлдік қалдығын көрсетеді.

      19. 6-бағанда өндірілген этил спирті немесе шарап материалының және басқа жеткізушілерден сатып алған немесе алған жалпы саны көрсетіледі (6-бағанның мәні 7, 8, 9, 10, 11-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

      20. 7-бағанда өндірген этил спирті немесе шарап материалының салық төлеушінің деректері бойынша көлемі көрсетіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.10.2018 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-1. 7-1-бағанда өндірген этил спирті есепке алатын бақылау аспаптарының деректері бойынша көлемі көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 30.10.2018 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. 8-бағанда Қазақстан Республикасының басқа да жеткізушілерден сатып алған немесе алған этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

      22. 9-бағанда бұрын өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген этил спирті немесе шарап материалының қайтарылған көлемі көрсетіледі.

      23. 10-бағанда үшінші елдерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

      24. 11-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. 12-бағанда жұмсалған этил спирті немесе шарап материалының жалпы көлемі көрсетіледі (12-бағанның мәні 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

      26. 13-бағанда өз өндірісі үшін жұмсалған этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

      27. 14-бағанда алкоголь өнімін өндіру үшін басқа өндірушілерге өткізілген этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

      28. 15-бағанда экспортқа өткізілген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

      29. 16-бағанда алкоголь өнімін өндірумен байланысты емес техникалық қажеттілікке өткізілген этил спиртінің көлемі көрсетіледі.

      30. 17-бағанда алушыларға медициналық мақсаттар үшін өткізілген этил спиртінің көлемі көрсетіледі.

      31. 18-бағанда өндіру процесінде этил спиртінің немесе шарап материалы шығындарының көлемі көрсетіледі.

      32. 19-бағанда бұрын сатып алынған қайтару этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.

      33. 20-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде этил спиртінің немесе шарап материалының өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

      34. 21-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде этил спиртінің немесе шарап материалының өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

      35. 22-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған этил спиртінің немесе шарап материалының қалдығы көрсетіледі (22-бағанның мәні 12-бағанның мәнін шегеруімен, 5 және 6-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

3-тарау. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларын табыс ету тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияны (бұдан әрі - 2-декларация) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.

      37. "СОК" жолында 2-декларацияны табыс ететін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.

      38. "ЖСН/БСН" жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      39. "Субъектінің атауы" жолында алкоголь өнімін өндірушінің толық атауы көрсетіледі.

      40. "Есепті кезең" жолында алкоголь өнімін өндіруші 2-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.

      41. "Есептілік түрі" жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.

      Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде "Негізгі" ұяшығы белгіленеді.

      Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда "қосымша" ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.

      42. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      43. 2-бағанда алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.

      2-декларацияның 2-бағандары лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.

      44. 3-бағанда алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі.

      45. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде алкоголь өнімінің СЭҚ ТН көрсетіледі.

      46. 5-бағанда алкоголь өнімінің (сырадан басқа) түрлері бойынша сусыз спирттің пайыздық құрамы көрсетіледі.

      47. 6-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі.

      Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Алкоголь өнімін өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, алкоголь өнімінің нөлдік қалдығын көрсетеді.

      48. 7-бағанда алкоголь өнімінің келіп түскен жалпы көлемі көрсетіледі (7-бағанның мәні 8, 9, 10, 11, 12-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

      49. 8-бағанда алкоголь өнімін өндіру түрлері бойынша көлемі көрсетіледі.

      50. 9-бағанда Қазақстан Республикасының басқа да жеткізушілерден алған алкоголь өнімінің түрлері бойынша көлемі көрсетіледі.

      51. 10-бағанда бұрын өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген алкоголь өнімінің қайтарылған көлемі көрсетіледі.

      52. 11-бағанда үшінші елдерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      53. 12-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. 13-бағанда алкоголь өнімінің жалпы шығыны көрсетіледі (13-бағанның мәні 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

      55. 14-бағанда ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.

      56. 15-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      57. 16-бағанда экспортқа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      58. 17-бағанда өндіріс процесінде алкоголь өнімінің шығыны көрсетіледі.

      59. 18-бағанда сатып алынған алкоголь өнімінің қайтару көрсетіледі.

      60. 19-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

      61. 20-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

      62. 21-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі (21-бағанның мәні 13-бағанның мәнін шегеруімен, 6 және 7-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

      63. Алкоголь өнімінің өндірісінде шикізат балансын жеке немесе заңды тұлғалар есепті кезең үшін этил спирті немесе шарап материалынан өндірілген алкоголь өнімі өндірісінің көлемдері бар болған жағдайда 2-декларацияға қосымшаға сәйкес нысаны бойынша (бұдан әрі - Шикізат балансы) жасайды.

      64. "СОК" жолында Шикізат балансы табыс етілетін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.

      65. "ЖСН/БСН" жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      66. "Субъектінің атауы" жолында Шикізат балансын табыс ететін алкоголь өнімін өндірушінің толық атауы көрсетіледі.

      67. "Есепті кезең" жолында Шикізат балансы табыс етілетін есепті кезең (ай) көрсетіледі.

      68. "Есептілік түрі" жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.

      Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде "Негізгі" ұяшығы белгіленеді.

      Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда "қосымша" ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.

      69. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      70. 2-бағанда алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі.

      2-бағанда Шикізат балансын лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.

      71. 3-бағанда шикізаттың атауы (этил спирті немесе шарап материалы) көрсетіледі.

      72. 4-бағанда Қазақстан Республикасына шикізатты импорттау кезінде СЭҚ ТН коды көрсетіледі.

      73. 5-бағанда шикізатты жеткізушінің атауы көрсетіледі.

      74. 6-бағанда шикізат жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      75. 7-бағанда электроэнергия құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің басына көрсетіледі.

      76. 8-бағанда электроэнергия құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің соңына көрсетіледі.

      77. 9-бағанда су құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің басына көрсетіледі.

      78. 10-бағанда су құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің соңына көрсетіледі.

      79. 11-бағанда есепті кезеңнің басында шикізаттың жалпы қалдығы көрсетіледі.

      80. 12-бағанда келіп түскен шикізаттың жалпы көлемі көрсетіледі.

      81. 13-бағанда алкоголь өнімінің өндірісіне жұмсалған шикізаттың көлемі көрсетіледі.

      82. 14-бағанда өндіріс паспорты бойынша 1 дал алкоголь өнімінің өндірісіне жұмсалатын шикізаттың мөлшері көрсетіледі.

      83. 15-бағанда өндіріс процесінде шикізаттың шығындары көрсетіледі.

      84. 16-бағанда алкоголь өнімнің өндірілген түрі көрсетіледі.

      85. 17-бағанда өндірілген алкоголь өнімдегі (сырадан басқа) сусыз спирттің пайыздық құрамы көрсетіледі.

      86. 18-бағанда өндірілген алкоголь өнімнің көлемі көрсетіледі.

      87. 19-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде шикізаттың өзге де шығындарының көлемі көрсетіледі.

      88. 20-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде шикізаттың өзге де шығындарының көлемі көрсетіледі.

      89. 21-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған шикізаттың қалдығы көрсетіледі (21-бағанның мәні 13, 15, 19, 20-бағандардың мәндерін шегеруімен, 11 және 12-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

      90. 22-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің өндіру кезендегі шикізаттың көлемі көрсетіледі.

      91. 23-бағанда есепті кезеңнің соңындағы алкоголь өнімінің өндіру кезеңдегі шикізаттың көлемі көрсетіледі.

4-тарау. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияны (бұдан әрі - 3-декларация) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуға арналған лицензияның негізінде алкоголь өнімінің айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар табыс етеді.

      93. "СОК" жолында 3-декларацияны табыс ететін салық органының коды көрсетіледі.

      94. "ЖСН/БСН" жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      95. "Субъектінің атауы" жолында 3-декларацияны табыс ететін алкоголь өнімін сақтайтын және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.

      96. "Есепті кезең" жолында этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіруші 3-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.

      97. "Есептілік түрі" жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді.

      Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде "Негізгі" ұяшығы белгіленеді.

      Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда "қосымша" ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.

      98. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      99. 2-бағанда жеке немесе заңды тұлғаның қойма ғимаратының орналасқан мекенжайы көрсетіледі.

      3-декларацияның 2-бағандары лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асырудың әрбір мекенжайы бойынша жеке және заңды тұлғалар бөлек толтырылады.

      100. 3-бағанда алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі.

      101. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде алкоголь өнімінің СЭҚ ТН көрсетіледі.

      102. 5-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі.

      Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Алкоголь өнімін өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, алкоголь өнімінің нөлдік қалдығын көрсетеді.

      103. 6-бағанда алкоголь өнімінің келіп түскен жалпы көлемі көрсетіледі (6-бағанның мәні 7, 8, 9, 10-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

      104. 7-бағанда Қазақстан Республикасының жеткізушілерінен түскен алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      105. 8-бағанда бұрын өткізілген алкоголь өнімдерінің қайтарылғандарының көлемдері көрсетіледі.

      106. 9-бағанда үшінші елдерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      107. 10-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.02.2021 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      108. 11-бағанда есепті кезең үшін алкоголь өнімі шығынының жалпы көлемі көрсетіледі (11-бағанның мәні 12, 13, 14, 15, 16, 17-бағандардың мәндерінің қосындысымен теңдеседі).

      109. 12-бағанда ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.

      110. 13-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      111. 14-бағанда экспортқа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.

      112. 15-бағанда бұрын сатып алынған алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

      113. 16-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

      114. 17-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.

      115. 18-бағанда есепті кезеңнің соңына, шикізаттың жалпы қалдығы көрсетіледі (18-бағанның мәні 11-бағанның мәнін шегеруімен, 5 және 6-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).

  Этил спирті мен алкоголь өнімін
өндіру және айналымы
жөніндегі декларацияларды
табыс ету қағидаларына
1-қосымша

Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияның, алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияның, алкоголь өнімнің айналымы жөніндегі декларацияның табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 07.10.2019 № 1100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Салық төлеушінің атауы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _________________________________________________________________

      Табыс ету мерзімін ұзартуды сұраймын (декларацияның атауын көрсетіңіз)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Нысанның коды:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының коды: _______________________________

      Есепті кезең:

      Айы Жылы

      Басшының қолы ______________________

  Этил спирті және алкоголь
  өнімін өндіру және айналымы
  жөніндегі декларацияларды
  табыс ету қағидаларына
  2-қосымша
  әкімшілік деректерді жинауға
  арналған нысан

Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларация есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.10.2018 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индексі: өндірушінің ЭСШМӨАД* 1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: этил спиртін және (немесе) шарап материалының өндірісін және

      айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей

      *Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі

      декларация

      Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларында келтірілген.

      Салық органының коді

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Есеп беру түрі

№ р/с

Немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Өнімнің түрі (этил спирті немесе шарап материалы)

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды (этил спиртін немесе шарап материалын импорттағанда немесе экспорттағанда)

Есепті кезеңнің басындағы этил спирті немесе шарап материалының қалдығы, дал

Этил спиртін немесе шарап материалдың кірісі, оның ішінде:

Барлығы

Өз өндірісінің көлемі

Басқа жеткізушілерден алынды (оның ішінде импорт бойынша бұрын өткізілгенді қайтару)

салық төлеушінің деректері бойынша

есепке алатын бақылау аспаптарының деректері бойынша

Қазақстан Республикасында жеткізушілерден алынды
Қазақстан Республикасында жеткізушілерден алынды

бұрын өткізілгенді қайтару
бұрын өткізілгенді қайтару

үшінші елдерден алынды
үшінші елдерден алынды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерден алынды
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерден алынды

1

2

3

4

5

6

7

7-1

8

9

10

11













      Кестенің жалғасы

Этил спиртінің немесе шарап материалының шығыстар,

Есепті кезең соңындағы қалдық

Барлығы

Алкоголь өнімін өз өндірісі үшін

Басқа тұлғаларға алкоголь өнімін өндіру үшін этил спирті мен шарап материалы өткізілді

Экспортқа өткізілді

Техниқалық қажеттіліктерге өткізілді (этил спирті үшін)

медициналық мақсаттар үшін өткізілді (этил спирті үшін

Өндіру процесіндегі шығыстар

Өзге де шығыстар

бұрын алынғадығы қайтару

бүлінуі, жоғалуы, тәркілеу

бүлінуі, жоғалуы төтенше жағдайлар кезіңде

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22












  Этил спирті мен алкоголь
өнімін өндіру және айналымы
жөніндегі декларацияларды
табыс ету қағидаларына
3-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.01.2018 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларация

      есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Индексі: өндірушінің АӨӨАД* 2

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей

      *Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларация

      Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету осы қағидаларында келтірілген.

      Салық органының коді

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

№ р/с

Немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Өнімнің түрі (этил спирті немесе шарап материалы)

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды (этил спиртін немесе шарап материалын импорттағанда немесе экспорттағанда)

Алкоголь өніміндегі (сырадан басқа) сусыз спирттің пайыздық құрамы

Есепті кезеңнің басындағы этил спирті немесе шарап материалының қалдығы, дал

Алкоголь өнімінің көлімі, оның ішінде:

Барлығы

өндірісінің көлемі

Алынды (оның ішінде импорт бойынша бұрын өткізілген немесе тиеп жөнелтілген өнімді қайтару)

Қазақстан Республикасында жеткізушілерден алынды

бұрын өткізілгенді қайтару

үшінші елдерден алынды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерден алынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Продолжение таблицы:

Алкоголь өнімінің шығыны, оның ішінде:

Есепті кезең соңындағы қалдық

Барлығы

Ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі

өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі

Экспортқа өткізілді

Өндіру процесіндегі шығыстар

Өзге де шығыстар

бұрын алынғадығы қайтару

бүлінуі, жоғалуы, тәркілеу

бүлінуі, жоғалуы төтенше жағдайлар кезіңде

13

14

15

16

17

18

19

20

21










  Алкоголь өнімін өндіру
мен айналымы жөніндегі
декларацияға қосымша

Алкоголь өнімінің өндірісіне шикізат балансы

      Салық органының коді

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

№ р/с

Лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Шикізаттың атауы

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды (этил спиртін немесе шарап материалын импорттағанда)

Шикізат жеткізуші туралы мәлімет

Электроэнергия құрылғыларының есептік көрсеткіштері

Су құрылғыларының есептік көрсеткіштері

атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Есеп беру кедеңінің басына

Есеп беру кедеңінің соңына

Есеп беру кедеңінің басына

Есеп беру кедеңінің соңына

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Продолжение таблицы:

Шикізаттың қозғалысы, дал

Алкоголь өнімінің өндіру сатысындағы шикізаттың көлемі, дал

Есепті кезеңнің басындағы қалдық

Келіп түскен шикізаттың жалпы көлемі

Купажға пайдаланылған шикізат

1 дал алкоголь өніміне шығыс нормасы

Өндірістік шығындар

Шығарылған алкоголь өнімінің түрі

Өндірілген алкоголь өніміндегі сусыз спирттің пайыздық құрамы

Шығарылған өнімнің көлемі

Басқа шығындар

Есепті кезең соңындағы қалдық

Есепті кезең басындағы қалдық

Есепті кезең соңындағы қалдық

бұзылған, жоғалған, тәркіленген

төтенше жағдайлар кезіңде бұзылған, жоғалған




11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23














 
  Этил спирті мен алкоголь
өнімін өндіру және айналымы
жөніндегі декларацияларды
табыс ету қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.01.2018 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация

      есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Индексі: көтерме сатушының АӨАД* 3

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: алкоголь өнімінің айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей

      *Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация

      Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету осы қағидаларында келтірілген.

      Салық органының коді

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

№ р/с

Қойма үй-жайының орналасқан жерінің мекенжайы

Алкоголь өнімінің түрі

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды (алкоголь өнімін импорты немесе экспорты кезінде)

Есепті кезеңнің басындағы қалдық, дал

Алкоголь өнімінің кірісі оның ішінде:

Барлығы

Алынды (оның ішінде импорт, алдында сатылған немесе тиеліп жөнелтілген өнімнің қайтарылуы)

Қазақстан Республикасы жеткізушілерінен алынған

алдында сатылған немесе тиеліп жөнелтілгеннің қайтарылуы

үшінші елдерден алынған

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерден алынған

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Продолжение таблицы:

Алкоголь өнімінің шығысы, дал, оның ішінде:

Есепті кезең соңындағы қалдық

Барлығы

Ішкі нарыққа сатылу

өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген

Экспортқа сатылған

Өзге де шығындар, дал

бұрын алынғадығы қайтару

бүлінуі, жоғалуы, тәркілеу

бүлінуі, жоғалуы төтенше жағдайлар кезіңде

11

12

13

14

15

16

17

18










     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады