БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысанын, ұсыну қағидаларын және мерзімін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын айналымы бойынша декларация нысаны бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларында:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына 1-қосымша"; |
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Биоотын айналымының теңгерімі" (бұдан әрі – Декларация) биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша аталған қызметті жүзеге асыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органына декларация тапсырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініштің (бұдан әрі – өтініш) негізінде декларацияны ұсыну мерзімін ұзатады.";
1-қосымша алып тасталсын;
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі"; |
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органына
Әкімшілік деректер нысаны: https://kgd.gov.kz/ru/section/akcizy-0
интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-цифрлық қысқаша мәні): БАД 1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: ай
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей
"Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация
ЖСН/БСН __________________________
Атауы ______________________________
Есепті кезең ________ жылғы _____ ай ______
Мемлекеттік кірістер органының коды ______
№ | Био отын түрі | Қызметін жүзеге асыру мекенжайы | Өнім беруші/ алушы | Өнім беруші/ алушының атауы | Өнім берушінің/алушының ЖСН/БСН | Есепті кезең басына қалдығы | Келіп түскен биоотын | ||||
Барлығы | өз өндірісінен | жеке және заңды тұлғадан | ішкі өткізу бойынша | импорт бойынша | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жиыны |
кестенің жалғасы
Алушылардан қайтарылған өнімдер | Өткізілді (тиеп жөнелтілді) | Тауарларға ілеспе жүкқұжат | Жеткізушілерге өнімді қайтару | Бүлінгені, жоғалғаны | Нормалар шегіндегі шығыны | Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы | ||||||
Барлығы | жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін | жеке және заңды тұлғаларға, олардың өз қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға) | өз қажеттіліктеріне пайдаланылды | ішкі өткізу бойынша | экспортқа | нөмірі | күні | |||||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
Дара кәсіпкер/Заңды тұлғаның басшысы
_________________________________________________/_______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Бас бухгалтер
_____________________________________________________/_______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Декларация қабылданған күн 20___ жылғы "___" ____________
_____________________________________________ / ______________
(Декларацияны қабылдаған (қолы)
лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
Пошта штемпелінің күні _________________ (декларация поштамен
ұсынылған жағдайда толтырылады)
Ескертпе:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН –жеке сәйкестендіру нөмірі.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Нысан мынадай үлгіде толтырылады:
"ЖСН/БСН" жолында "Биоотын айналымының балансы" биоотын айналымы туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) ұсынатын тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі;
"Атауы" жолында декларацияны тапсырушы тұлғаның атауы көрсетіледі;
"Есептік кезең" жолында декларация ұсынылатын кезеңнің айы мен жылы көрсетіледі;
"Мемлекеттік кірістер органының коды" деген жолда декларацияны ұсынатын тұлғаның биоотын айналымы бойынша қызметті жүзеге асыратын жердегі мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
кестеде:
1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда биоотын түрі көрсетіледі;
3-бағанда қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі;
4-бағанда биоотынды жеткізуші немесе биоотынды алушы көрсетіледі;
5-бағанда биоотынды жеткізушінің немесе биоотынды алушының атауы көрсетіледі;
6-бағанда биоотынды жеткізушінің немесе биоотынды алушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі;
7-бағанда биоотынның есепті кезеңнің басындағы қалдығы (тоннамен) көрсетіледі;
8-бағанда барлық түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
9-бағанда өз өндірісінен түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
10-бағанда жеке және заңды тұлғалардан түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
11-бағанда ішкі өткізу бойынша түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
12-бағанда импорт бойынша түскен биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
13-бағанда алушыдан қайтарылған өнімдер (биоотын) (тоннамен) көрсетіледі;
14-бағанда барлық өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
15-бағанда жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
16-бағанда жеке және заңды тұлғаларға, олардың өз қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға) өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
17-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін тиеп жөнелтілген биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
18-бағанда ішкі өткізу бойынша тиеп жөнелтілген биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
19-бағанда экспортқа өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннамен) көрсетіледі;
20-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі;
21-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі;
22-бағанда жеткізушілерге өнімді (биоотынды) қайтару (тоннамен) көрсетіледі;
23-бағанда биоотынның бүлінгені, жоғалғаны (тоннамен) көрсетіледі;
24-бағанда биоотынның нормалар шегіндегі шығыны (тоннамен) көрсетіледі;
25-бағанда биоотынның есепті кезеңнің соңындағы қалдығы (тоннамен) көрсетіледі.