"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 қазанадағы № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 желтоқсанда № 12334 болып тіркелді

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспарларын бекіткеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және алушы өңірлер бөлінісінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне айлар бойынша бөлінген жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттердің сомаларын жеткізеді.»;
      25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген айлар бойынша бөлiнген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларын және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi. Жеке қаржыландыру жоспарларын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі ведомстволық бағынысты барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бір мезгілде:
      республикалық бюджет бойынша – «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Қазынашылық-клиент» АЖ) бойынша қызмет көрсеткен кезде өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге осы Ережеге 2, 5-қосымшаларға сәйкес қағаз және магнит тасығыштарында – осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Ережеге 3, 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін;
      жергiлiктi бюджет бойынша – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
      «35-1. Төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға алушы өңірлер бөлінісінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу анықтама ұсынады.»;
      36-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен осы Ереженің және пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресімделмеген жоспарлардың/анықтамалардың тізілімі мен электрондық үлгілерін аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтару себептерін көрсете отырып қайтаруға жатады.»;
      40-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы және алдағы азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамайды. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында теріс сальдо болған немесе ағымдағы қолма-қол ақша тапшылығы құрылған жағдайда алдағы айлардың төлемдер бойынша жоспарларын ағымдағы айға және азайтылатын айға қатысты алдындағы айларға көшіруге жол берілмейді.»;
      61-тармақта:
      төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарын және нысаналы даму трансфеттерінің жергілікті инвестициялық жобалардың тізілімін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын 10 жұмыс күн ішінде қарайды және берілген өзгерістер аталған Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіпте тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.»;
      оныншы және он бірінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныстарды жергілікті инвестициялық жобалар бойынша нысаналы даму трансферттері бойынша ұсыныстарын тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын 10 жұмыс күн ішінде қарайды және берілген өзгертулер аталған Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне түзету енгізу туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен сәйкес жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.»;
      66-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Барлық құжаттама болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шарттарды тіркеу және төлемдер жүргізу рұқсат етілетін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде кейінге қалдыру шарты бар және бекітілген құжаттамаға сәйкес жобалардың атауларын көрсете отырып, жобалардың тізбесі бар хабарлама хат жібереді.»;
      98-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «100. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағын қалыптастырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктегі/анықтамадағы және мөр бедерiнде (ММ үшiн – елтаңбалы) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi атауының сәйкестігін, сондай-ақ бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтардың, қол қою құқықтарын және мөр бедері үлгілерін қоюды жүктеу туралы бұйрықтардың сәйкестігін тексередi. Алшақтықтар анықталған жағдайда сәйкестендiру үшiн мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiне қайтарады.»;
      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «105. Қайта құрылған мемлекеттiк мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдiң атауы өзгерген, ескiрген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтiнiшiнiң негiзiнде жаңа мөр дайындауға және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елдi мекенде орналасқан бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсiз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ұсынуға уақыт (күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын) бередi. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi мөрдiң (ММ үшін – елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзiмi көрсетiлiп, «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр табанының үлігісі» ашық жолағында «уақытша мөрсіз» деген белгімен елтаңбалы мөрдiң бедерiнсiз (ММ үшін – елтаңбалы) ресiмделедi.»;
      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «110. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызметтерінің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды /квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жүзеге асырады. Аудандық (облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы аудандарында) аумақтық қазынашылық бөлімшелері болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген рәсімдерді жүргізу аумақтық тиістілігіне қарай тиісті облыстардың, Астана, Алматы қалаларының аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.»;
      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «117. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі тиісті ҚБШ-ның немесе шоттың қолданылуы қажеттігі туралы хатты хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда бұл ҚБШ немесе шот жабылмайды.
      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылуы не қолданылуын ұзарту жөнінде хабарлама бере отырып, өзі жабады.»;
      120-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi болып табылған мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалы мөрді жою себебі бойынша кодты жабуға өтінім беру мүмкіндігі болмаған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдар болмаған жағдайда өтінімді құқық мирасқоры, ал ол таратылған жағдайда – тарату комиссиясы ұсынады.»;
      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «121. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада өтініш береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы жазбаша өтінішін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жапқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.
      Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалы мөрді жою және қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк мекеменің қаржылық құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдар болмауы себебі бойынша осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінімді құқық мирасқоры, ол таратылған жағдайда - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi, ал бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi таратылған жағдайда - тарату комиссиясы ұсынады.»;
      139-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түсімдердің жинақ төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың шотына есептеу үшін төлем құжатының банктік деректемелерін мемлекеттік кірістер органдармен ҚР ҰБ арқылы жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаперіне жеткізеді.»;
      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «149. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 данада жасайды.
      Бір данасын түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мемлекеттік кірістер органына мынадай мерзімдерде:
      төлеушiден есепке жатқызуға өтiнiм түскен күннен бастап 4 жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      төлеушiден қайтаруға өтiнiм түскен күннен бастап 8 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.
      Қорытындының екінші данасы төлеушіге тапсырылады, үшінші данасы уәкілетті органда қалады.
      Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, қорытындыда қамтылған деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақталмағаны/сәйкессіздігі үшін жауап береді.
      Қорытындыларды уәкілетті орган осы Ереженің 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем құжаттарын тіркеу журналына тіркейді.»;
      мынадай мазмұндағы 149-1-тармақпен толықтырылсын:
      «149-1. 66-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсімдердің сомасын қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға қорытынды мынадай тәртіппен толтырылады:
      оң жақтағы жоғарғы бұрышында қолдардың үлгілерінде көрсетілгендерге сәйкес келетін, бюджетке түсетін түсімдерді алу үшін жауапты уәкілетті органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның орнындағы адам қол қояды;
      «Берілген күні» деген жолда күнді аумақтық мемлекеттік кірістер органы қояды;
      «жасалған күні» және «жасалған жері» деген жолдарды уәкілетті орган толтырады;
      «Уәкілетті органның атауы, БСН» деген жолда есепке жатқызуды немесе қайтаруды жүргізетін уәкілетті органның атауы, БСН-і;
      «өтініш бойынша» деген жолда – есепке жатқызуды немесе қайтаруды жүргізуге өтініш берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе төлеушінің атауы және олардың БСН/ЖСН-дері;
      «қайтару/есепке жатқызу туралы» деген жолда – бюджетке артық немесе қате төленген сома көрсетіледі»;
      «сомасы» деген жолда - есепке жатқызуға немесе қайтаруға жататын сома, цифрлармен және жақша ішінде таратып жазылады;
      «Көрсетілген сома шотта қалыптасты» деген жолда - бюджеттің кіріс шоты, бюджеттік сыныптама коды мен түсімнің атауы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының атауы мен БСН-і;
      «Аударуға жатады» деген жолда есепке жатқызуды жүзеге асыру кезінде - бюджеттің кіріс шоты, сома есепке жатқызылатын бюджеттік сыныптама коды мен КБК-ның толық атауы, мемлекеттік кірістер органдарының атауы және оның БСН-і, қайтаруды жүзеге асыру кезінде – салық төлеушінің қайтару жүргізілетін банктік шоты, ЖСН/БСН-і, салық төлеушінің атауы, артық (қате) төленген соманы жеке тұлғаға қайтаруды жүзеге асыру кезінде банктің ЖСК-сі, банктің атауы, банктің БСН-і, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, оның БСН-і және шот нөмірі көрсетіледі;
      «бенефициар-банктің, қазынашылық органының атауы» деген жолда қайтару кезінде – салық төлеушіге қызмет көрсететін бенефициар-банктің атауы, есепке жатқызуды жүргізу кезінде қазынашылық органының атауы;
      «КТС» деген жолда төлем мақсатының коды мен оның толық атауы;
      «БСК, Кбе» деген жолда банктік шотқа – банктік сәйкестендіру коды және Кбе коды көрсетіледі, мұнда бірінші цифр салық төлеушінің резиденттік белгісін, ал екіншісі - салық төлеушінің экономика секторын білдіреді, сомаларды есепке жатқызу кезінде – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды мен Кбе коды көрсетіледі, мұнда бірінші цифр мемлекеттік кірістер органының резиденттік белгісін, ал екіншісі - мемлекеттік кірістер органының экономика секторын білдіреді.»;
      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «152. Қайтаруға және/немесе есептеуге құжаттар аудан (облыстық маңызы бар қала) түсімдерінің бюджет сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және/немесе есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдері қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе есептеу тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы кіші сыныбы бойынша дебеттік қалдықтар жіберіледі.
      Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген түсімдерін жекелеген КБК бойынша дебет сальдосына жол беріледі.»
      159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «159. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған төлеуге берілетін шоттың негізінде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттің түсімдерінің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегінде жоғары тұрған бюджет түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күніне дейін аударады.
      Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыны төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Тиісті бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың функцияларын мемлекеттiк басқарудың төмен тұрған деңгейiнен жоғары тұрған деңгейіне беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде нысаналы трансферттер сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнiң және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, аударады.
      Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жалақы және басқа да ақша төлемдерiн, оның iшiнде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақыны төлеудi, салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi, жәрдемақыларды, алименттердi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, банк қызметтерiне ақы төлеудi қоспағанда, түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейiн тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «165. Қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шартты жасасуға мынадай:
      мемлекеттік мекеме шартты қарыз/грант туралы шарт (келісім-шарт) шеңберінде жасасқан;
      мемлекеттік мекеме бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;
      мемлекеттік мекеме технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (одан да кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;
      мемлекеттік мекеме аяқталу мерзiмi келесi (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) басталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын қызметтерді ұсыну шеңберiнде шарттар жасасқан;
      мемлекеттік мекеме іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан аспайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар жүргізу шеңберінде шарттар жасасқан;
      мемлекеттік мекеме автокөлік құралдарын иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға және мерзімді баспасөзді сатып алуға шарттар жасасқан жағдайларда жол беріледі.»;
      182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «182. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жасалған шартта ақша алушы тарапынан шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда, міндетті түрде аталған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін ақша алушының жауапкершілігі, сондай-ақ сондай-ақ мемлекеттік мекеменің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті көзделеді.»;
      185-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу сол шарт жасалған ерекшелік бойынша жүргізіледі.»;
      187-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер кейінге қалдыру шарты бар жобалардың жалпы сомасы тиісті сараптамалардан кейін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сомадан асып кеткен жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу ағымдағы қаржы жылына көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.»;
      199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «199. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде мыналарға:
      1) мемлекеттік мекеме атауының көрсетілу дұрыстығына;
      2) ҚР ББС сәйкес бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер кодының және атауының болуына және дұрыстығына;
      3) шарт мәнінің Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкестігіне;
      4) аванстық төлем пайызының осы Ережеде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;
      5) жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;
      6) қағаз жеткізгіштегі шартта (қосымша келісімде) қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылуы тиіс. Мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің бедері дәл және анық болуы тиіс. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін оқылатын және айқын болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде ЭЦҚ түпнұсқалығы және мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің бедері анықтығы тексеріледі;
      7) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асуы мүмкін шарттарды қоспағанда, шарттың қолданылу мерзімін ағымдағы қаржы жылының шегінен асып кетпеуіне;
      8) шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;
      9) қолданылу мерзімі тек осы Ережеде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;
      10) осы Ереженің 167-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі шарттарды тіркеуге ұсынуға;
      11) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың және жұмыстар көлемдерінің жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады;
      12) шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді;
      13) егер жаңа объектілерді және қолда бар объектілерді реконструкциялау, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға, сондай-ақ дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды қоспағанда, ағымдағы шығындар бойынша, астықтың мемлекеттік ресурстарын басқару бойынша агентке қаражат төлеу, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау бойынша қызметтерді төлеу, шетелде ауруларды емдеуді төлеу, ауылда ұйымдармен бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметін көрсетуге байланысты қабылданған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төленген авансты тепе-тең ұстау туралы шарттың болуы;
      14) жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, жолдарды салуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын, жолдарды күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан кейін шарттың сомасынан бес пайызды тапсырыс берушінің түпкілікті төлеуі жөніндегі шарттардың жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, жолдарды салуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын, жолдарды күрделі жөндеуге және тапсырыс берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясының бекітілген актісін беруге қоятын талаптарының болуы;
      15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жасалған шартта ақша алушының орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеме мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алу туралы талаптың, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің шарттың толық сомасынан не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасынан осындай тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз ету міндеті туралы талаптың болуы;
      16) егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, шарт талаптарында сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы, егер ақша алушы ҚҚС төлеуші болмаған жағдайда ҚҚС болмауы;
      17) шарттың, оны аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркегеннен кейін күшіне ену талаптарының шартта болуы;
      18) заңнамада белгіленген мөлшерде жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру міндетті талаптарының нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын шартта болуы.»;
      211-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «211. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының резидент емесімен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бұдан әрі шетел немесе ұлттық валютасында төлеуді көздейтін шарттар бойынша хабарламалардан басқа «түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлімшесіне аты-жөні (бар болған жағдайда) көрсетілген, ақша алушының қойылған қолдары және мөр бедерлері бар осы Ережеге 82-сәйкес нысан бойынша хабарламаны ұсынады.»;
      213-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзедi (жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, жалақыдан барлық ұстауларды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақыны, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жәрдемақыларды, стипендияларды төлеу, банктік қызмет ақысын төлеу, ҚР Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік аударымдар, бюджет субвенциялары, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтерді сатып алуға, атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындауға, іссапар және қызметтік сапарларға шығыстар), қалған төлемдер төлем шоттарының түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi. Бұл ретте, ақша болмаған жағдайда немесе қағаз тасығышта не «Қазынашылық-Клиент» АЖ арқылы электронды түрде түсіп, ҚБАЖ жүйесіне енгізілген төлем шотын орындауға ақша жеткіліксіз болған жағдайда, төлем шоты келесі күні мемлекеттік мекемеге қайтару себебін негіздей отырып, орындаусыз қайтарылады.
      Тиiстi ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салықтың (оның ішінде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың) және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң, мемлекеттік кірістер органдары және (немесе) уәкiлеттi органдардың құзыретi шегiндегi салықтық емес төлемдердiң артық төленген сомаларын салық төлеушiлерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлiмшесi орындауға қабылдамайды.»;
      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «220. Аумақтық қазынашылық бөлiмшенiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берiлген төлеуге берiлетін шоттар және қағаз жеткізгіштегі құжаттармен бiрге төлеуге берiлетін шоттармен тiзiлiмiнiң екi данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны төлеуге берiлетін шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санына және осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң 2 данасына және тiзiлiмге қоса берiлген төлеуге берілетін шоттар тізіліміне қолын, күнiн және мөртабан бедерiн қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөртаңба қойылған данасы мемлекеттiк мекемеге қайтарылады, төлеуге берiлген шоттарға және құжаттарға қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң екiншi данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
      Мемлекеттік мекемеге «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған жапсырылған сканерленген құжаттардың түрінің осы Ереженің 6-тарауының 8-13-параграфтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.
      Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелуiн талап етпейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттiк мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге арналған өтiнiмдi қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 64, 73-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген үлгісін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):
      1) заңды тұлға үшін:
      заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн/салық төлеуші ретінде резидент еместі тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесін;
      оның нөмiрiн (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банк құжатын;
      2) жеке тұлға үшін:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін/ шетелдіктің тұру ықтиярхатын немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікті, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктерін;
      нөмiрiн көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банктiң құжатын;
      3) делдал банк үшін (делдал банк арқылы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде ұлттық валютада төлемдер жүргізу кезінде):
      делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжаттар;
      4) шетел валютасында ақша алу үшін:
      бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің (ол болған кезде) деректемелерін ресми растайтын құжаттар;
      ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хатын қоса бере отырып ұсынады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ-де тыйым салынған және тәркіленген мүлікті сату жөніндегі аукцион қатысушыларына кепілдікті жарнаны қайтару туралы өтінімді ресімдеу кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілмейді, аукцион қатысушысынан соманың түсу фактісін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі қоса беріледі.
      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) шарт жасаспай не ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде жасалған шартты тiркеу талап етiлмейтiн БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, сатып алған жағдайда, ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттiк мекеме нөмiрi көрсетiлген банк шотының болуы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 65, 75-қосымшаларына сәйкес осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген, олар бойынша өзгерістер енгізілген деректемелерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып), ақша алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiмді қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде бередi.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынылатын төлеуге берілетін шотты ашу кезінде мемлекеттік мекемеде Ақша алушы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-дан ақша алушылар анықтамалығында ақша алушының бар болуын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-дан Ақша алушылар анықтамалығында қажетті ақша алушы бар болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 65, 75-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.
      Өтінімді толтырған кезде осы Ережеге 64, 65, 73, 75-қосымшаларға сәйкес жеке тұлға үшін «Ақша алушының атауы» жолында жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің дәйекті, дұрыс ресімделуіне және жасалуына жауапкершілік мемлекеттік мекемеде болады.»;
      222-тармақтың 5), 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде магниттiк (электрондық) тасығыштарда қосымшасыз немесе мемлекеттік мекеме басшысының немесе уәкілеттік берілген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылмаған қосымшамен (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;
      13) банктік деректемелерді қоспағанда, төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерi мен төлеу кезеңінің төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрi жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелерiне және төлеу кезеңіне сәйкес келмеген;
      14) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен, сондай-ақ төлем сомасы растайтын құжаттардың сомасынан асып кеткен;»;
      224-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) «Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: төлемнiң мақсаты, құжаттың атауы, нөмiрi мен күнi (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттардың күні төлеуге берілетін шотты қалыптастыру күнінен кеш болмауға тиіс. Және қосымша:
      тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi;
      жасасқан аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатпайтын шарттар жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша – шарттың нөмiрi мен күнi; банк қызметтерiн төлеу кезiнде – жасалған шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнiң мөлшерi;
      сот актілерн орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша ҚБШ ақшаны уақытша орналастыру – ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімі не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақ, сот бұйрығы;
      төлем жүзеге асырылатын кезең (коммуналдық қызметтерді, жалға беру төлемін (тіркелген шарттар бойынша), мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне жалақы төлеу бойынша төлемдер мен басқа да ақшалай төлемдерді, жеке тұлғаларға стипендияларды және ақшалай төлемдерді, салықтарды, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде көрсетiледi);
      осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеменiң заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы мен БСН-i;
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент еместердің шотына ұлттық валютада төлемдер жүргізген кезде – ақшаны соңғы алушы – резидент еместің атауы және деректемелері;»;
      228-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;
      230231232-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «230. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді және өзге төлемдерді аударуды ұйымдастыру үшін мемлекеттік мекеме банкпен (банктермен) қызметкерлердің жалақылары мен өзге де төлемдерін банк шоттарына аударуға банктік қызмет көрсету шартын жасасады.
      231. Мемлекеттік мекеменің қызметкері дербес өзі банкпен банктік қызмет көрсету шартын немесе төлем карточкасын беру туралы шарт жасасады.
      232. Мемлекеттік мекеменің қызметкері мемлекеттік мекемеге банкте ашық ағымдағы немесе жинақ шотының нөмірін, банк шоты мен (немесе) банк салымы шартының нөмірі мен күнін және банк деректемелерін көрсете отырып, тиесілі ақшалай төлем сомаларын аударуға өтініш береді.
      Қолдар мен мөр бедерлерінің үлгілері бар құжатты мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 болып тіркелді) (бұдан әрі - № 266 Қаулы) сәйкес ұсынады.»;
      244-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «244. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-нан сот шешімі бойынша төлем жүргізген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық уәкілетті орган қағаз жеткізгіштегі төлем шотына кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органның мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе атқарушылық құжаттың көшірмесін қоса береді.
      Төлем шотын «Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптастыру кезінде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органның мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе атқарушылық құжаттың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжаттар қоса тіркеледі.»;
      260-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «260. Мемлекеттік мекеме банкпен корпоративтік төлем карточкаларына банктік қызмет көрсету шартын жасасады, сондай-ақ банкке № 266 Қаулысымен белгіленген құжаттарды ұсынады.»;
      283-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сол күні мыналар бойынша:
      жалақы және басқа да ақша, оның ішінде техникалық персоналдың төлемдері;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
      міндетті зейнетақы жарналары;
      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;
      әлеуметтік аударымдар;
      банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.»;
      288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «288. Инкассолық өкiмдi алған және мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, қабылданбаған мiндеттемелер мен бюджеттiк бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы жұмсалым сомасы болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi оны алады және толық орындалғанға дейін не ол кері қайтарылғанға дейін дейін сақтайды.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, квазимемлекеттік сектор субъектісіне қойылған инкассолық өкімді алған кезде және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында қаражат болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi оны қабылдайды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкімді орындау үшін жеткілікті ақша сомасы түскенге дейін сақтайды.»;
      296-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «296. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, сот санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
      1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:
      мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:
      жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде техникалық персонал бойынша;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
      мiндеттi зейнетақы жарналары;
      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;
      әлеуметтiк аударымдар;
      банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар БСК-сiн қоспаған жағдайда;
      2) ақылы қызметтер ҚБШ-ына немесе демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ-ына, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкiм қойылған жағдайда;
      3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады.»;
      299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «299. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстың жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен трансферттерді қоса алғанда, төмен тұрған бюджеттерге трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі төмен тұрған бюджеттердің кірісіне аударады.
      Нысаналы даму трансферттері жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде оларды объектілер бойынша бөлместен, бір сомамен аударылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
      Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жергілікті атқарушы органдарға жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу өңірлік және жаһандық сипаттағы әлеуметтік, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе оларды жоюға, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге байланысты жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу жағдайларын қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге жол берілмейді.
      Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі. Аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің түсімдерін және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде айдың бірінші он күндігі ішінде жүзеге асырылады.
      Трансферттерді аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 02 «Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нің түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.
      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасасқаннан кейінгі он күннің ішінде, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі он күннің ішінде олардың көшірмелерін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалану мақсатында жібереді.
      Ағымдағы қаржы жылында бiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) шеңберiнде және бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарына осы тармақтың төртiншi бөлiгiн қоспағанда, аталған соманы үш жылдық бюджеттің жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының;
      ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен облыстың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының соманы ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруына рұқсат берiледi.
      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жергілікті атқарушы органдар ұсынған бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бір жыл ішінде қалыптасқан үнемді қайта бөлу нәтижесінде өзгерген жылдық сомалары бар инвестициялық жобалар тізбесі келісілгеннен кейін 5 күндік мерзімде оны тиісті бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға жібереді.»;
      306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «306. Келісім:
      шешіміне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсат пен міндеттерді;
      нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей және түпкілікті нәтижелер;
      жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы есепті тиісті жоғарғы тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені;
      тараптардың шешімі бойынша анықталатын басқа да талаптарды қамтитын құжатты білдіреді.»;
      309-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Келісімге 2-қосымшаны толтыру бойынша:
      Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы қорытынды есепте тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы, нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізілмеу себептері көрсетіле отырып, ағымдағы қаржы жылының нысаналы трансферттер сомасының игерілуі туралы деректер келтіріледі.
      Келісімге 2-қосымша мынадай тәртіппен жасалады:
      «Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;
      «Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының атауы көрсетіледі;
      «Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылы көрсетіледі;
      «Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі; «(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
      «Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:
      «Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс, жасасқан Келісімде көзделген әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі.
      «Іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы» деген бағанда іс-шаралардың нақты орындалуы, яғни жыл қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны көрсетіледі, есепті жылы жұмыстардың орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
      «Нәтижелерге қол жеткізілмеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізілмеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;
      «Жоспар мың теңгемен» және «Іс жүзінде орындалуы мың теңгемен» деген бағандарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің сомасы мен ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төленген міндеттемелер сомасы көрсетіледі;
      «Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомалары мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;
      «Түпкілікті нәтиже» деген жолда:
      «Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)» деген бағанда әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жасасқан Келісімде көзделген түпкілікті нәтижелер, яғни, қол жеткізілген тікелей нәтиженің мақсаттарға қол жеткізуден күтілетін әсері көрсетіледі.
      «Нәтижелерге нақты қол жеткізу» деген бағанда әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша түпкілікті нәтижелердің нақты орындалуы, яғни, қол жеткізілген тікелей нәтиже салаға қандай әсер көрсеткені, ондағы проблема қаншалықты шешілгені көрсетіледі.
      «Нәтижелерге қол жеткізілмеу себептері» деген бағанда түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізілмеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады;»;
      318-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «318. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме осы Ережеге 113-қосымшаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-ге дейiн ұсынады (жібереді).
      Шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме қағаз жеткізгіште 2 данада жасайды және бередi.»;
      326-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «326. Мемлекеттiк мекеме шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшiн аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті осы Ереженiң 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін ұсынады (жібереді). Қағаз жеткізгіште шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш 2 данада ұсынылады.
      Сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын аудару кезінде сот шешімі бойынша мемлекеттік мекеме қосымша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші органның мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе атқарушы құжатының көшірмесін ұсынады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ-де шетел валютасында ақша аударуға өтінішті қалыптастыру кезінде сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші органның мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе атқарушы құжаттың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжаттар қоса тіркеледі.»;
      328-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «328. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасында ақша аударуға арналған өтiнiште түзетулер болған, қандай да бір қажетті деректемелер, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және (немесе) мөр бедері болмаған немесе қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес келмеген, сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын аудару кезінде растайтын құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не болмаған жағдайда шетел валютасында ақша аударуға арналған өтiнiш қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
      Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер, төлем мақсаты болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын аудару кезінде растайтын құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не болмаған кезде шетел валютасында ақша аударуға арналған өтініштен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-де бас тартылады.»;
      339-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «339. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-ге дейiн ұсынады.»;
      374-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:
      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмағанда не жеткіліксіз болған;
      қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;
      түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;
      осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);
      талап етілетін алаңдарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;
      қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;
      түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭЦҚ болмауы не дұрыс болмауы айқындалған;
      құжаттың барлық даналарында талап етілген алаңдарында мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;
      цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған;
      ҚБЕО белгіленген хабарламалар форматындағы магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;
      төлем тапсырмасында көрсетілген мақсаты қаржылық-экономикалық негіздемеде көрсетілген жоспарланған іс-шараларға сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады.
      растау құжатына сілтеменің болмауы;
      растау құжатындағы соманың төлем тапсырмасындағы сомадан асып түсуі;
      төлем тапсырмасы нөмірінің қосарлануы;
      төлем тағайындаудың төлем тапсырмасындағы файлмен (шығын түрі, төлем мерзімі және «PERIOD» міндетті ашық жолағының сәйкес келмеуі) сәйкес келмеуі;
      төлем тапсырмасында
      Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын бұза отырып төлем тапсырмасында міндетті ашық жолақтардың толтырылуы;
      төлем мақсатында қатенің болуы (жыл, ай, төлем кезеңі дұрыс көрсетілмеген және/немесе төлем кезеңінде көрсетілмеген) жағдайларда орындалмай қайтарылады.»;
      458-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «458. Қайтару/аудару осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде уақытша орналастыру шотындағы ҚБШ ақша қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
      Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сынан сот актілерін орындау жөніндегі ақшаны қайтаруды/аударуды атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті аумақтық орган атқарушы құжаттардың атқарылуын қамтамасыз ету саласында аумақтық органның мөрімен куәландырылған атқарушылық құжаттың көшірмесі қоса қыстырылған қағаз тасығыштағы («Қазынашылық-клиент» АЖ-де сот актілерінің немесе сот актілері негізінде берілген атқарушы парақтың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжаттарды қоса тіркейді) төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
      Бұл ретте, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы осы Ереженің 101-тармағына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынған қолдары мен мөр бедері бар атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласында аумақтық органның мөрімен куәландырылған атқарушы құжаттардың қоса берілген көшірмелерін салыстыруды жүзеге асырады.
      Атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласында қолдары мен мөр бедерінің үлгілерімен ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің төлемге шотын орындаусыз қайтарады.
      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгілі бір жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды қайтару немесе аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге берілетін ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға, оларды енгізген тұлғаларға, немесе тиісті бюджет кірісіне қайтаруға/аударуға оларды ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын есепке алусыз рұқсат берілмейді.
      Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сы бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшін банктік қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебінен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізіледі, оған:
      тез бұзылуға ұшырайтын және оларды сақтау елеулі материалдық мүлік шығынын талап ететін заттай айғақты сатудан алынған ақшадан түсетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өкілеттік берілген органдардың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары есебінен жүргізілетін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сын есептеу жағдайлары қосылмайды.»;
      475-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметіне:
      сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің жалақысына;
      сайлау комиссиялары мүшелерінің қосымша еңбек ақысына;
      жалақыға есептеуге;
      техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);
      көлік шығыстарына;
      бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      байланыс қызметтеріне, почта-телеграф шығыстарына;
      еңбек келісімдері негізінде техникалық персонал орындайтын жұмыстарға;
      полиграфиялық шығыстарға;
      кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алуға;»;
      491-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өкілдік шығындарға:
      1) Қазақстан Республикасына іс-шараларға қатысу үшін шақырылатын тұлғалардың өмір сүруіне және белгіленген пунктіне дейінгі көлік шығындарына ақы төлеуге;
      2) ресми түскі ас, кешкі ас, кофе-брейк, фуршеттерге;
      3) ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеуге;
      4) сувенирлер, естелік сыйлықтар сатып алуға;
      5) автокөліктік қызмет көрсетуге;
      6) аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеуге;
      7) залды жалға алуға;
      8) сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган мақұлдаған не Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы төлейтін және Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының делегацияларды олардың ресми қабылдауын ұйымдастыру шегіндегі өзге де шығыстарға арналған шығындар жатады.»;
      492-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «492. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражат көлемінен шыға отырып, өкілдік шығындарды талап ететін жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - жоспар) жасайды.
      Бір жыл ішінде мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті орган болжамдалмаған іс-шаралар өткізудің саяси маңыздылығын және бөлінген қаражат көлемін ескере отырып Жоспарды түзете алады.
      Жоспарға ресми делегацияларды қабылдауды олардың ұйымдастыруы шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы жүзеге асыратын өкілдік шығындар енгізілмейді.»;
      496-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «496. Өкілдік шығындарға арналған қаражатты бөлу сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.
      Іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктіне дейінгі көліктік шығындарына ақы төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешімімен ресімделетін халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы шешімдері жоспарланған іс-шаралар басталғанға дейін қабылданады.
      Егер объективтік себептерге байланысты ерекше жағдайларда сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімін жоспарланған іс-шара басталғанға дейін қабылдау мүмкін болмағанда, белгіленген тәртіппен сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның өкілдік шығыстарды өтеу туралы шешімі қабылдана алады.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері іс-шараны өткізетін күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өкілдік шығыстардың өтемақысын жүзеге асыруы қажет. Айрықша жағдайларда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешімімен өкілдік шығыстар өтемақысының өзге де мерзімі белгіленеді, бірақ іс-шараны өткізген күннен үш ай аспайтын.»;
      525-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «525. Тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатының қалған сомасына Тiзбелерге толықтырулар мен өзгерістерді қалыптастыру, тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу және бекiту осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджетті соңғы нақтылауға дейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
      Пайдаланылған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе жергілікті атқарушы органның актісіне өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде республикалық бюджет комиссиясының тиісті шешімінсіз мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
      Бюджет шығыстарына секвестр жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалар қаражатын қысқарту бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
      Қалған жағдайларда пайдаланылмаған бюджет қаражатын қайтару республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі мен белгіленген тәртіпте әзірленген және қабылданған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жергілікті атқарушы органның актісі немесе тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды кейіннен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, бөлу туралы жергілікті атқарушы органның актісі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
      БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, екінші жарты жылдықта республикалық бюджетті нақтылағаннан кейін, оның ішінде үнемдеу нәтижелері бойынша қалыптасқан тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруына жол берілмейді.
      БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланбағаны не ішінара пайдаланғаны үшін осы қаражатты алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.»;
      651-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «651. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері осы Ереженің 128-қосымшасына сәйкес, өзге қаржы агенттіктері үшін осы Ереженің 129-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Агроөнеркәсiп кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдары үшін маусымдылыққа байланысты қаржылық тәуелсіздік коэффиценті мен ағымдағы өтімділік коэффицентінің ұсынылған мәнінен артуына жол беріледі.»
      666-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «666. Бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредит берушінің талаптарын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      710-тарамақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «710. Осы параграфта көрсетілген сараптамаларды жүргізу туралы қажетті құжаттардың тізбесін тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар ұсынады.»;
      842-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үкіметтік қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру қаражатын жұмсау бюджеттік бағдарлама әкімшісі төлеуге берілген шоттың және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінімнің негізінде жүргізіледі. Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім екі қойылған қол тобымен куәландырылады, онда бірінші топқа бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал екінші топқа – мөр бедері бар жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қол қояды. Қол қойылатын кезде жарыққа төзімді сия пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс.
      Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді он жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына және келісілу рәсімінен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелерін қабылдауға жоспарлы тағайындаулардың келісімшарттар талаптарына сәйкестігін қарайды, қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
      Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде мемлекеттік мекеме басшысы және бас бухгалтер қол қойған ЭЦҚ, 833-тармақта санамаланған құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген түрін тіркеп, осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтінімнің электрондық түрі қалыптасады, өтінімнің растамасы бюджетті атқару жөніндегі органның уәкілетті органының уәкілетті тұлғасының келісімі болып табылады.
      Бiрлесiп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісуден кейінгі күнтізбелік он бес күн ішінде жарамды болады.»;
      843-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «843. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған Үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты грант қаражатын жұмсау үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті және осы Ереженің 133-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға арналған өтінімді ұсынады.
      Сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінім қойылған қолдардың екі тобымен куәландырылады, онда бірінші топқа бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал екінші топқа - жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қол қояды.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға арналған өтінімді бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттар мен келісімшарттардың талаптарына сәйкестігін қарайды және келісілу рәсімінен кейін қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарып береді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражатын алуға өтінімді келісу рәсімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолымен және жауапты орындаушы мөртабанының бедерімен расталады.
      Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде мемлекеттік мекеме басшысы және бас бухгалтер қол қойған ЭЦҚ, 833-тармақта санамаланған құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген түрін тіркеп, осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінімнің электрондық түрі қалыптасады, өтінімнің растамасы бюджетті атқару жөніндегі органның уәкілетті органының уәкілетті тұлғасының келісімі болып табылады.»;
      Ережеге 214954576698129 және 133-қосымшалар осы бұйрыққа 1234567 және 8-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Ережеге 929394 және 105-қосымшалар алынып тасталсын;
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 5 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкінің төрағасы
      ____________ Қ. Келімбетов
      2015 жылғы 20 қазан

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 9 қазандағы 
№ 509 бұйрығына    
1-қосымша        

Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесіне
21-қосымша         

Нысан

_______________________________________________________________
(жоспарлардың, жоспарларға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың) тізілімі

Ұсынған күні _____________________________________
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның атауы/ММ ______________________

Р/с №

Мемлекеттік мекеменің коды

Жоспарлардың (жоспарларға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың) атауы

Парақ саны

*Ескертпе

1

2

3

4

5

Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
/бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің басшысы ___________ _________
                                                 (Т.А.Ә.)    (қолы)
      Жауапты орындаушы ___________ _________
                         (Т.А.Ә.)    (қолы)

      М.О.

      * - аталған жолақ аумақтық қазынашылық бөлімшесінің
      жауапты орындаушысымен толтырылады

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2015 жылғы 9 қазандағы
№ 509 бұйрығына  
2-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет  
көрсету ережесіне  
49-қосымша     
5-19-нысан     
Есеп жүргізілді:
күні - уақыты
Х-тен №-ге дейінгі парақ 

Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау және квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі

Өңір: _______________________________________________________________
Қаржыландыру көзі:___________________________________________________

Р/с №

ЖСК

Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды

БСН

Шоттың атауы

Ашылған күні

Қозғалыс күні

Жабылу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

Жауапты орындаушы __________________________
                             (қолы)

      М.О.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 9 қазандағы
№ 509 бұйрығына   
3-қосымша      

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне  
54-қосымша      
5-20-нысан      
есеп жүргізілді:
Күні - Уақыты
№ Х-беті

____________ арналған квазимемлекеттік сектор субъектіcінің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан/шотынан үзiндi

      Өңір:
      Бюджет түрі:
      Қаржыландыру көзі:
      Банктің коды (БСК):
      Банктің атауы:
      Банктік шот нөмірі (ЖСК):
      Банктік шоттың атауы:
      Мемлекеттік мекеменің атауы/ККС
      Қолма-қол ақшаның бақылау шоты:
      ҚБШ сипаттамасы:
      Өлшем бірлігі: теңге

Жыл басындағы қалдық
Кіріс қалдығы

ДЕБЕТ

КРЕДИТ

Операциялар саны

№ транз

БСК

ЖСК

БІР КҮНГІ АЙНАЛЫМ







ДЕБЕТ

КРЕДИТ

БАРЛЫҒЫ

Шыққан қалдық

Аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің басшысы _______ ______ ККС /ММ басшысы _______ _______
                      (қолы) (Т.А.Ә.)               (қолы) (Т.А.Ә.)
      М.О.                           М.О.

Жауапты орындаушы ______ ______ ККС/ ММ бас бухгалтері______ _______
                  (қолы) (Т.А.Ә)                     (қолы) (Т.А.Ә.)
      М.О.                           М.О.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 9 қазандағы  
№ 509 бұйрығына     
4-қосымша       

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесіне  
57-қосымша      
5-30 нысан      
Күні-уақыты
№-ден Х-парақ
Кезең: ___________
Күні: _____________

Ақылы қызметтердің ҚБШ-сындағы қалдықтар

Мем.мекеме: ______________________________
Қаржыландыру көзі-3 (ақылы қызметтер)

Мек/Бғ/ кіші бғ

Ерекшелік

Орналасқан жері

Мем. мекеме

Жыл басынан бастап жоспар

Қабылданған міндеттемелердің сомасы

Жыл басынан бастап іс жүзінде

Тоқсандағы жоспар

Іс жүзінде бір күнде

Бос қаражат қалдықтары

түсімдердің БСК-сі










Түсімдер жиыны










Шығыстардың БСК-сі










Шығыстар жиыны










ҚБШ










ҚБШ-дағы жиыны










Жауапты орындаушы ____________________
                     (қолы)
М.О.

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2015 жылғы 9 қазандағы 
№ 509 бұйрығына     
5-қосымша        

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет  
көрсету ережесіне  
66-қосымша     

Нысан

«Бекiтемiн»    
Бюджетке түсетiн  
түсiмдердi алуға жауапты
уәкiлеттi органның басшысы
__________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
__ ж. «___» ____________
М.О.

Ұсынылған күнi
__ ж. «___» ____________

№ __ ҚОРЫТЫНДЫ

__ ж. «___» _______________                         _________________
           (жасалған күні)                           (жасалған жерi)

_____________________________________________________________________
                 (уәкiлеттi органның атауы, БСН)
өтініш бойынша_______________________________________________________
                   (төлеушiнiң Т.А.Ә. немесе атауы, ЖСН/БСН)
______________________________________________ қайтару/есептеу туралы
  (бюджетке артық (қате) төлеген сомалар)
сомасы _______________________________________________________ теңге.
                (цифрмен және қолмен таратып жазу)
Көрсетiлген сома______________________________________ шотта жасалды
___________________________________________________________________
(ЖСК, түсiмдердiң коды мен атауы, мемлекеттік кірістер органның атауы
мен БСН-i)
_____________________________________________________ аударуға жатады
____________________________________________________________________
(ЖСК, түсiмдердiң коды мен атауы, бенефициар, оның ЖСН/БСН және шот
                                нөмiрi)
____________________________________________________________________
      (бенефициар банкiнiң, қазынашылық органының атауы)
СТК__________________________________________________________________
БСК, Кбе ____________________________________________________________ 

      Уәкiлеттi органның
      жауапты орындаушысы ____________ __________________
                             (қолы)      (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 9 қазандағы  
№ 509 бұйрығына     
6-қосымша        

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет  
көрсету ережесіне   
98-қосымша       

Нысан 

Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінім

1. Шот нөмірі ______________________________
Астана қаласының Қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі ___________________________
3. _____________________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома санмен және жазбаша)
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алу туралы өтініммен жүгінеміз және
өзіміздің мыналармен келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа
(байланысты грантқа) сәйкес сатып алынды немесе сатып алынып жатыр.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған
тауарларға немесе қызметтерге байланысты ғана жүргізілді немесе
қазірге кезде жүргізілуде.
_____________________________________________________________________

Шығыстар сипаттамасы:
4. Мердігердің/өнім берушінің атауы және мекенжайы.

Төлем нұсқаулығы
8. Төлем алушының атауы мен мекенжайы

5. Өнім беру деректемелері:
1) шарттың (келісімшарттың) немесе жеткізуге тапсырыстың нөмірі мен күні (немесе келісімшарттық құжатқа басқа сілтемелері)

9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі

2) шартты (қосымша келісімді) тіркеу туралы хабарламаның нөмірі және күні (аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген азаматтық құқықтық мәмілелерге қатысты толтыру)

10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері

3) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы

11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат

4) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны

12. _____________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолы)

5) өтінімде қамтылған шот-фактуралардың жалпы сомасы (ұстап қалулардың және басқа да ұстап қалуларды есептемегенде)


6. Алуға қабылданған қаражат ерекшелігі

13. ______________________
(қол қойылған күні және жауапты орындаушы мөртабанының бедері)

7. _______________________________
М.О. (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің уәкілетті өкілінің лауазымы, Т.А.Ә) және қолы)


Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 9 қазандағы
№ 509 бұйрығына 7-қосымша

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет  
көрсету ережесіне   
129-қосымша      

Нысан 

Қаржы агенттіктерін басқа қаржы агенттіктері үшін республикалық
бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне
енгізу өлшемдері

Р/с

Атауы

Есеп

Ұсынылатын мәндер

Түсініктемелер

1

2

3

4

5

1

Қаржылық тәуелсіздігі коэффициенті

ЖК/ЖА

0.5-0.8

Қаржылық тәуелсіздігі коэффициенті қаржы агенттіктерінің қарыздардан тәуелділігін сипаттайды. Жеке капитал мөлшерін жиынтық активке бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі. Коэффициенттің мәні қаншалықты төмен болса, компанияның қарыздары көбірек, төлем қабілетсіздігі тәуекелі де жоғары.

2

Пайыздарды жабу коэффициенті

Салық салуға дейінгі табыс және кредиттер бойынша сыйақылар/есептелген сыйақы сомасы

>1

Пайыздарды жабу коэффициенті кредит берушілердің ұсынылған кредит үшін пайыздарды төлемеуден қорғалу дәрежесін сипаттайды. Осы көрсеткіш пайыздарды төлеу үшін пайдаланылатын рұқсат етілетін пайданы төмендету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Салықтарды ұстағанға дейінгі табысты және кредиттер бойынша сыйақыны кредиттер бойынша есептелген сыйақы сомасына бөлу жолымен есептеледі.

3

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

АҚ/ҚМ

1-2

Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым қаражатын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі және кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін қаражатының жеткілікті екендігін көрсетеді.

4

Таза айналым капиталы

АА-ҚМ

>0

Таза айналым капиталы айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      * Агроөнеркәсiп кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдары үшін маусымдылыққа байланысты қаржылық тәуелсіздік коэффиценті мен ағымдағы өтімділік коэффицентінің ұсынылған мәнінен артуына жол беріледі.

      Негізгі қысқартулар:
      ЖК - жеке капитал
      ЖА - жиынтық актив
      АҚ - айналым қаражаты
      ҚМ - қысқа мерзімді міндеттемелер
      АА - айналым активтері

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 9 қазандағы 
№ 509 бұйрығына    
7-қосымша       

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет 
көрсету ережесіне 
133-қосымша    

Нысан

Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоттан Үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінім

1. Шот нөмірі ____________________________
2. Өтінім нөмірі _________________________
3. ______________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома, санмен және жазбаша)
Үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражаттарын алу
туралы өтініммен жүгінеміз және осымен өзіміздің мыналармен
келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа
(байланысты грантқа) сәйкес сатып алынған немесе сатып алынып жатыр.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған
тауарларға немесе қызметтерге қатысты ғана жүргізілді немесе қазіргі
кезде жүргізілуде.

Шығыстар сипаттамасы:
4. Мердігердің/өнім берушінің атауы және мекенжайы.

Төлем нұсқаулығы
8. Төлем алушының атауы мен мекенжайы

5. Өнім беру деректемелері:
1) шарттың (келісімшарттың) немесе беруге тапсырыстың нөмірі мен күні (немесе келісімшарттық құжатқа басқа сілтемелер)

9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі

2) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы

9. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері

3) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны

11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат

4) өтінімде қамтылған шот-фактураның жалпы сомасы (ұстап қалулардың және басқада ұстап қалуларды есептемегенде)

12. _______________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолы)

6. Алуға қабылданған қаражат ерекшелігі

13. _______________________________
(қол қойылған күні және жауапты орындаушы мөртабанының бедері)

7. ___________________________
М.О. ( бюджеттік бағдарлама әкімшісінің уәкілетті өкілінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады