Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 743 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12526 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. "Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде бекітілген № 10561, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е.Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      201__ жылғы " __" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      201__ жылғы " __" ____________



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 743 бұйрығымен
бекітілген

Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде
концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-1-бабы

      2-1-тармағына, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы және "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шеңберінде жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін айқындау, сондай-ақ инвестицияланған капиталын қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында (бұдан әрі – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі) әзірленді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) инвестицияланған капитал – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісін, оның ішінде концессия субъектісін құру немесе реконструкциялау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің өз қаражаттары мен қарыз капиталының сомасы;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) – белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түрінде көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, табиғи монополия саласындағы және уәкілетті орган ведомствосы мемлекеттік реттеуге жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      3) қарыз капиталы – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін қарыз (кредиттер алу, облигациялар шығару және сату, ақшалай міндеттемелердің басқа да түрлері бойынша қаражат алу) есебінен пайда болған капитал.

      4) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган;

      5) меншікті қаражат – концессия объектісін құруға және реконструкциялауға пайдаланылатын концессия субъектісінің ақша қаражаты (акционерлік (жарғылық) капитал, бөлінбеген пайдасы (таза кірісі) немесе амортизациялық аударымдары);

      6) тарифтің шығын бөлігі – тарифті бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтер (жұмыстар) көрсетуіне байланысты шығындар жиынтығы. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, сату жөніндегі шығыстар, сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар) тұрады;

      7) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге де түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасының концессия туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы және бюджет заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің, оның
ішінде концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің, оның ішінде концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына, тауарларына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды өндіруге) ұсынуға қажетті шығындар құнынан төмен болмауға және инвестицияланған капиталды қайтаруды қамтамасыз етуге тиіс.

      Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына, тауарларына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының тиімді жұмыс істеуі үшін пайда алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, инвестицияланған қаражаттың қайтарылуы ескерілместен қалыптасады.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері, оның ішінде концессия субъектілері көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мынадай кезеңдер бойынша қалыптасады:

      1) жылдық ақшалай түсім есебі, ол:

      осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың жылдық сомасын айқындауды;

      осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес инвестицияланған капиталдың бастапқы және қалдық сомасының мөлшерін айқындау мен алдағы кезеңге инвестицияланған капиталды қайтарудың жылдық сомасының есебін;

      осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес инвестицияланған меншікті қаражаттарға арналған пайданың жылдық сомасының есебін қамтиды;

      2) осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі мен түрлерін алдағы кезеңге айқындау;

      3) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) құндық негізін көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша жылдық түсімді негіздеп бөлу жолымен айқындау.

      5. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің, оның ішінде концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік саланың объектілерін қаржыландыруға байланысты тиісті негіздеуші материалдармен расталған шығыстар ескеріледі.

      7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің, оның ішінде концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Инвестицияланған капиталдың жалпы мөлшері инвестицияланған капиталдың меншікті және қарыз сомасы ретінде айқындалады.

      Инвестицияланған капиталдың бастапқы сомасының болжамды шекті мөлшері және оны тартудың алдын ала шарттары (қарыз капиталының құрылымы, сыйлықақы мөлшерлемесі және меншікті қаражаттың пайда мөлшерлемесі, мақсатты пайдаланылуы, игеру кестесі, қайтару шарттары) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің растаушы құжаттарының негізінде (мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің қаржылық есептілігі, концессиялық жобаны қаржыландыру туралы меморандумдар, банк шоттарынан үзінді көшірмелер) айқындалады.

      Инвестицияланған капиталды тартқаннан кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, оның ішінде концессия шартына жасалған қарыз шарттарына сәйкес инвестицияланған капиталды (қарыз капиталының құрылымы, сыйлықақы мөлшерлемесі және меншікті қаражаттың пайда мөлшерлемесі, мақсатты пайдаланылуы, игеру кестесі, қайтару шарттары) тарту сомасы мен шарттары көзделетін қосымша келісім жасау арқылы тиісті өзгерістер енгізіледі.

      9. Инвестицияланған капиталды мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.

      Тариф құрамындағы инвестицияланған капиталды (меншікті және қарыз) қайтару мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, оның ішінде концессия шартында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің инвестициялық бағдарламасында көзделген және тиісті құжаттармен расталған нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылған капиталға ғана жүргізіледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін, оның ішінде концессия объектісін пайдалану кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субьектісінің меншікті қаражатын қайта инвестициялау сомасы мен мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, оның ішінде концессия шартында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субьектісінің инвестициялық бағдарламасында айқындалады және мақсатты пайдаланғаны тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

      Тарифте ескерілетін қарыз капиталын қайтарудың жылдық сомасы қарыз шарттарында белгіленген қарыз капиталын қайтару (өтеу) кестесінің негізінде айқындалады. Қарыз капиталын қайтару сомасын есептеу кезінде инвестициялық бағдарламаға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының талаптарына сәйкес қайта инвестициялау (негізгі құралдарды жаңарту және жөндеу) үшін алдағы кезеңде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субьектісі пайдаланбаған амортизациялық қордың бос ақша қаражаты ескеріледі.

      Тарифте ескерілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субьектісінің инвестицияланған меншікті қаражатын қайтару мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін, оның ішінде концессия объектісін пайдалана бастаған сәттен бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты қолданысының барлық мерзімі бойы жыл сайын тең төлемдермен жүргізіледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субьектісінің меншікті қаражатын қайта инвестициялау кезінде меншікті қаражатты қайтару меншікті қаражаттың қайта инвестицияланған сомасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның ведомствосы жыл сайын реттеу кезеңі ішінде пайдалануға енгізілген объектілер туралы нақты деректерді, бекітілген пайдалануға енгізу жоспарын түзетуді және қайтарылмаған инвестицияланған капиталдың қалдығын ескере отырып, реттеудің кезекті есептік жылына белгіленетін инвестицияланған капиталды қайтару шамасына түзету жүргізеді.

      10. Тарифте ескерілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің инвестицияланған және (немесе) қайта инвестицияланған меншікті қаражатына арналған пайданың жылдық сомасы пайда мөлшерлемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға, оның ішінде концессия жобасына салынған мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің меншікті қаражатының қалдық сомасына көбейтіндісі ретінде есептеледі.

      Инвестицияланған меншікті капиталға пайда мөлшерлемесі қарыз қаражатына арналған сыйақы құнынан немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, оның ішінде концессия шартына қол қою сәтіне белгіленген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ақша қаражатын (депозиттер) тарту мөлшерлемесінен кем емес шама болып табылады.

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің инвестицияланған және қайта инвестицияланған меншікті қаражаты толық қайтарылғаннан кейін пайданың жылдық сомасы тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) ескеріледі.

      11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне, оның ішінде концессия субъектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамада және концессиялық заңнамада көзделген мемлекеттік бюджет қаражаттарынан шығындарды өтеуге және кіріс алуға бөлінетін көздер тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын және кіріс бөліктерінде ескерілмеген шығыстарды жабуға және кірістерді қамтамасыз етуге бағытталған төлемдерді қоспағанда, тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) азайтуда ескеріледі.

      Шығындарды өтеу және кірістер алу көздерінің төлемақы мөлшері мен тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, оның ішінде концессия шартында көзделеді және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне, оның ішінде концессия субъектілеріне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидиялар тарифтің шығын бөлігін азайтуда ескеріледі.

      13. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін айқындау көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша нақты және болжамды деректердің негізінде заттай өлшемде жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің, оның ішінде концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің, оның
ішінде концессия субьектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар,
алымдар мөлшерлемелерін) бекіту тәртібі

      15. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітуді мынадай жағдайларда:

      1) концессия субьектісінің бастамасы бойынша;

      2) уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жүргізеді.

      16. Қайта құрылған концессия субьектісі не реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерін көрсетуді жоспарлап отырған концессия субьектісі уәкілетті орган ведомствосының оны Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілгені туралы хабарламасын алған күннен бастап он күн мерзімде уәкілетті органның ведомствосына тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес оңайлатылған тәртіппен бекітуге арналған өтінімді ұсынады.

      17. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне, оның ішінде концессия субъектілеріне тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) оңайлатылған тәртіппен бекітуге арналған өтінімге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту ережесiнің 7-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының көшірмесі;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, оның ішінде концессия шартына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) алынған таза кірістің (пайданың) пайдануы туралы ақпарат;

      3) өткен кезеңдердегі инвестицияланған капиталды (қарыз және меншік) қайтару туралы мәліметтер;

      4) қарыз қаражатын және қарыз қаражаты бойынша сыйақыларды төлеу кестесі;

      5) энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріледі.

      18. Мемлекеттік-жеке серіктестік субъектісі, оның ішінде концессия субьектісі тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын ұсынады.

      19. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері, оның ішінде концессия субъектілері үшін тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) жалпы тәртіппен бекітуге арналған өтінімге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларының 8-тармағында көрсетілген құжаттар,

      сондай-ақ:

      1) мемлекеттік-жеке серіктестік жасалған шартының, оның ішінде концессия шартының көшірмесі;

      2) өткен кезеңдердегі инвестицияланған капиталды (қарыз және меншік) қайтару туралы мәліметтер;

      3) энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріледі.

      20. Азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында, сондай-ақ стратегиялық тауарлардың құнын көтерген кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту үшін жүгінеді.

      21. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері, оның ішінде концессия субъектілері үшін тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімге:

      1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі.

      Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда тарифтік сметадағы стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын бабы ғана түзетіледі;

      3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, сатып алынатын және төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге арналған өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарт, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептері, алдағы кезеңге бекітілген нормативтік техникалық ысыраптардың болуы, стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі төтенше реттеуші шара ретінде өтінім беруге себеп болған осы тауар шығысының нормалары туралы ақпарат қоса беріледі.

      22. Уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) қайта қаралған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі тиісті талапты алған сәттен бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі экономикалық негізделген есептерді және ақпаратты жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге арналған өтінімді ұсыну кезіндегідей көлемде ұсынады.

      23. Өтiнiмге қоса берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар уәкілетті органның ведомствосына мынадай талаптар бойынша беріледі:

      1) өтiнiм материалдары тiгiледі, нөмiрленеді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі басшысының мөрiмен және қолымен немесе оның орнын басатын тұлғамен немесе бухгалтерлік есеп пен қаржы мәселелері құзыретіне кіретін басшысының орынбасарымен расталады.

      Қаржы құжаттарына мемлекеттік-жеке серіктестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектiсінiң басшысы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің мөрiмен расталады;

      2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм берер алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі өтінім қарауға қабылданғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосының талабы бойынша өтінім берер алдындағы төрт тоқсан ішіндегі шығындар туралы нақтыланған деректерді уәкілетті органның ведомствосына күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынады;

      4) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін болдырмау мақсатында бір жылға есептелген деректер негізге алынады;

      5) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің), оның ішінде сараланған тарифтердің жобаларын есептеу кезінде базаға өтінім берер алдындағы төрт тоқсан ішіндегі немесе өткен күнтізбелік жыл ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері алынады;

      6) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендетудi негiздеушi және растаушы материалдар ұсынылады;

      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады.

      Осы Қағидалардың 23-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген талаптар тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төтенше реттеуші шара ретінде бекіткен жағдайларға қолданылмайды.

      24. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітуге өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісін, оның ішінде концессия субъектісін өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқаны туралы бас тарту себептерін келтіре отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.

      25. Уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісін тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздейді.

      26. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің өтінімін қараудан бас тартуға негіздемелер мыналар болып табылады:

      1) өтінімді ұсыну мерзімін бұзу;

      2) осы Қағидалардың 17 және 19-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;

      3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің инвестициялық тарифті бекітуге өтінім беру жағдайларын қоспағанда, конкурсты (тендерді) өткізу туралы талаптарды, сондай-ақ табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралды заңнамада белгіленген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өзге тәсілдеромен сатып алу туралы талаптарды бұзу.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге арналған өтінімін қараудан бас тартуға негіздемелер мыналар болып табылады:

      1) өтінімді ұсыну мерзімін бұзу;

      2) осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;

      3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну.

      27. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты өтінім беруші "коммерциялық құпия" деген белгімен ұсынады және жеке мұқабада жібере алады және ол қолдаухат қаралатын ақпараттар (құжаттар) топтамасына енгізіледі.

      Ақпарат құрамындағы коммерциялық құпия оны уәкілетті органның ведомствосына ұсынудан бас тартуға негіз бола алмайды, бұл ретте мүдделі тұлғалар ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін көрсетеді не мүдделі тұлғаның коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін бекіту туралы актісінің көшірмесін қоса береді.

      28. Уәкiлеттi органның ведомствосы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі тарифтерiнің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) жобасын Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына және осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес экономикалық негiзделген есептерді ұсынған жағдайда өтінім берілген сәттен бастап күнтізбелік елу бес күн iшiнде, ал өтiнiмдi оңайлатылған тәртіппен қараған жағдайда, күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын күнтізбелік он күн ішінде қарайды.

      29. Тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) төтенше реттеуші шара ретінде қайта қаралған жағдайда, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттырған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік смета мен тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) жобаларын ұсынады.

      30. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобасына:

      1) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібін реттейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының ережелерін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері, оның ішінде концессия субъектілері көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде;

      2) бұл үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісін, оның ішінде концессия субъектісін тарта отырып, сараптама жүргізеді.

      31. Уәкілетті органның ведомствосы Заңның 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінен, оның ішінде концессия субъектісінен қосымша ақпарат сұратады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде талап етiлген ақпаратты ұсынбаған немесе оларды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезiнде мәлiмделген шығындарды есепке алмайды.

      32. Уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі ұсынып отырған тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға салады.

      33. Уәкiлеттi орган жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту туралы шешiмді оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып қабылдайды.

      34. Тарифтердi қолдану мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын iске асыруға көздеген кезеңнен аспайтын мерзімге белгiленедi.

      35. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкiлеттi органның ведомствосы мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісіне, оның ішінде концессия субъектісіне олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей жолдайды.

      Бұл ретте тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) оңайлатылған тәртіппен бекіту туралы шешім уәкілетті орган ведомствосының бұйрығы түрінде ресімделеді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісіне, оның ішінде концессия субъектісіне бекітілген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) мен тарифтiк смета енгізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жолданады.

      36. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) енгiзу туралы ақпаратты тұтынушылардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында осы ақпаратты орналастыру арқылы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткiзедi.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) оңайлатылған тәртіппен енгізу туралы тұтынушылардың назарына оны қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік он күннен кешіктірмей ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізеді.

      37. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі уәкiлеттi органға күнтізбелік бес күн iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) енгiзу туралы тұтынушыларды хабардар ету фактiсі туралы ақпарат ұсынады.

  Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарты, оның ішінде
концессия шарты бойынша
жүзеге асыратын табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) қалыптастыру
және бекіту қағидаларына
1-қосымша

Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) есептеу формуласы

      1. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифі (бағасы, алымдар мөлшерлемесі) мына формуламен есептеледі:



      мұндағы:

      Ti – реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифі (бағасы, алымдар мөлшерлемесі);

      Bi – жылдық түсім;

      ГВi – шығындарды өтеу немесе бюджеттен табыс алу көздері;

      Vi – реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі.

      2. Жылдық түсім мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      i – реттелетін кезеңдегі есеп жылының нөмірі, i = 1, 2, 3..

      Вi – i жылға жылдық түсім;

      Pi – i жылға тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қосылатын шығындар;

      ВКi – i жылға инвестицияланған капиталды қайтару;

      ДКi – инвестицияланған жеке құралдардан i жылға анықталған табыс

      3. Инвестицияланған капиталды қайтару мына формуламен есептеледі:



      мұндағы:

      ВКi – i жылы инвестицияланған капиталды қайтару;

      ВКРi – инвестицияланған қарыз капиталды қайтару;

      ВКБi – инвестицияланған меншікті қаражатты қайтару.



      РИКi – і жылға қарыз шартын өтеу кестесіне сәйкес қабылданған инвестицияланған қарыз капиталын жылдық төлеу мөлшері.

      ИИКi – уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша қарызды өтеуге бағытталуы және і жылдың сол кезеңінде тарифтің шығын бөлігінде есептелуі мүмкін амортизациялық аударымдардың сомасы;



      мұндағы:

      ПИКi – инвестицияланған меншікті қаражаттың бастапқы сомасы;

      РИi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін, оның ішінде концессия объектісін пайдалану процесінде қайта нвестицияланған меншікті капиталдың сомасы;

      НЦКi – нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған меншікті капиталдың сомасы;

      СВКi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты қолданылуының қалдық мерзімі, жылдармен;

      ВКрi – алдыңғы кезеңдердегі қайтарылған меншікті капитал.

  Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарты, оның ішінде
концессия шарты бойынша
жүзеге асыратын табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) қалыптастыру
және бекіту қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Субъектінің атауы _______________________________

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде
концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтік смета

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Қолданыстағы тарифте бір жылдық есепте қабылданды, барлығы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің жобасы

1

2

3

4

5

I

Тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге арналған шығындар, барлығы,

мың теңге



I

Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде:

-//-



1)

Шикізат пен материалдар

-//-



2)

Энергия

-//-



3)

ЖЖМ

-//-



4)

отын

-//-



5)

сатып алынатын энергия

-//-



6)

сатып алынатын су

-//-



2

Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұрудың электр энергиясының технологиялық шығысы

-//-



3

Еңбекке ақы төлеу шығындары, барлығы, оның ішінде:

-//-



1)

жалақы

-//-



2)

Әлеуметтік салық

-//-



4

Аммортизация

-//-



5

Жөндеу, барлығы, оның ішінде:

-//-



1)

Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу

-//-



6

Өзге де шығындар, барлығы, оның ішінде:

-//-



1)

байланыс қызметтері

-//-



2)

бөгде ұйымдардың жүктерді тасымалдауы

-//-



3)

күзет қызметі

-//-



4)

іссапар шығыстары

-//-



5)

кадрларды даярлау

-//-



6)

еңбек күзеті және техника қауіпсіздігі

-//-



7)

табиғи ресурстарды (су және басқа) пайдалануға төлем

-//-



8)

іске қосу-реттеу жұмыстары

-//-



9)

өндірістік үй-жайларды дезинфекциялау, дератизациялау, қоқыс шығару және басқа коммуналдық қызметтер

-//-



10)

сақтандырудың міндетті түрлері

-//-



11)

лицензияларды сатып алу

-//-



12)

қоршаған ортаны қорғау

-//-



13)

Басқа шығындар (таратып жазу қажет)

-//-



2

Кезең шығыстары, барлығы

-//-



7

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы

-//-



1)

Еңбекке ақы төлеу шығындары, ьарлығы, оның ішінде:

-//-



2)

әкімшілік персоналдың жалақысы

-//-



3)

әлеуметтік салық

-//-



4)

банк қызметтері

-//-



5)

амортизация

-//-



6)

техникалық басқару құралдарын, байланыс тораптарын, есептеу техникасын және т.б. ұстау және оларға қызмет көрсету шығыстары

-//-



7)

коммуналдық қызметтер

-//-



8)

бөгде ұйымдардың қызметтері

-//-



9)

іссапар шығыстары

-//-



10)

өкілдік шығыстар, байланыс, мерзімдік басылым және т.б.

-//-



11)

еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

-//-



12)

жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдарды жалдау

-//-



13)

салықтар

-//-



14)

басқа шығыстар (таратып жазу қажет)

-//-



8

Өткізу қызметін ұстауға арналған шығыстар, барлығы, оның ішінде:

-//-



1)

жалақы

-//-



2)

әлеуметтік салық

-//-



3)

Түбіртектерді ресімдеуге арналған шығыстар

-//-



4)

әлеуметтік салық

-//-



5)

Ағымдағы жөндеу

-//-



6)

Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу

-//-



7)

Маркетингтік көрсетілетін қызметтер

-//-



8)

басқа шығыстар (таратып жазу қажет)

-//-



9

Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

-//-



3

Барлық шығын

-//-



4

Пайда

-//-



5

Барлық кіріс

-//-



6

Көрсетілетін қызметтердің көлемі

-//-



7

Нормативтік ысыраптар

теңге. м3/мың теңге, мың Гкал/мың Теңге, кВтсағ./мың теңге



8

Тариф (ҚҚС-сыз)

теңге. м3/мың теңге/Гкал, теңге/кВтсағ.




      Ескерту:

      * шығындарды қажет болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі кеңейтуi немесе толықтыруы мүмкiн, көрсеткіштер атауы мен өлшем бірліктері реттеліп көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын түрлеріне сәйкес көрсетіледі.

      Басшы__________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, аты-жөні)

      M.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады