"Реттелетін нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпараттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 187-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 767 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 қаңтарда № 12852 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-3-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттелетін нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпараттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 187-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8587 нөмірімен тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 282 (28221)) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Реттелетін нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпараттың нысанын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-3-бабының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 767 бұйрығына қосымша

      Қазақстан Республикасы

      Табиғи монополияларды реттеу

      агенттігі төрағасының

      2013 жылғы 27 маусымдағы

      № 187-НҚ бұйрығына 2-қосымша

      нысан

      Реттелетін нарық субъектісінің электрмен жабдықтау саласында

      ____________________________

      (субъект атауы, БСН)

      201_ жылғы _________ өндіру (өткізу) көлемдері, қірістілік деңгейі

      (ай)

      және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін

      қызметтердің) босатылу бағалары туралы ақпарат

ЭҚТЖ бойынша көрсетілетін қызмет атауы

Өткізу көлемдері (кв. сағ.)

Өткізу көлемдері (мың теңге)

Барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

сараланбаған босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

Тәулік зоналары бойынша

сараланбаған босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

Тәулік зоналары бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9


      кестенің жалғасы

Босату бағасы, теңге (ҚҚС-сыз)

Кірістілік деңгейі

Барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Шығыстар, мың. теңге

Реттеліп көрсетілетін қызметтерден кірістер, мың теңге

Кірістілік деңгейі, %

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

сараланбаған босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

Тәулік зоналары бойынша

10

11

12

13

14

15

16


      *- өңірлердегі босату тарифіне қабылданған саралауға байланысты

      Қысқартылған сөздер:

      БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

      ЭҚЖЖ – Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші.

      Қолы __________________

      (ұйым басшысы)

      Қолы __________________

      (бас бухгалтер)

      М.О (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады