Реттелетін нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпараттың нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 187-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 шілдеде № 8587 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2015 № 767 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-3-бабының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2015 № 767 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Ай сайынғы ақпараттың мынадай:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, реттелетін нарық субъектісінің темір жол көлігі, азаматтық авиация, порт қызметі саласында өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) босатылу бағалары туралы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, реттелетін нарық субъектісінің электрмен жабдықтау саласында өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) босатылу бағалары туралы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, реттелетін нарық субъектісінің мұнай өнімдерін өндіру саласында өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) босатылу бағалары туралы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, реттелетін нарық субъектісінің газ саласында өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) босатылу бағалары туралы нысандары бекітілсін.

      2. "Ақпарат нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 138-НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6280 нөмірімен тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 31 наурызда № 116-119 (26521) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ:"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің

      төрағасы

      __________ Ә. Смайылов

      2013 жылғы 3 шілде

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 27 маусымдағы
№ 187-НҚ бұйрығына
1-қосымша

       нысан

      Реттелетін нарық субъектісінің темір жол көлігі,

      азаматтық авиация, порт қызметі саласында

      __________________________

      (субъект атауы, БСН)

       201_ жылғы _______ өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі

      (ай)

       және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың,

      қызметтердің) босатылу бағалары туралы ақпарат

ЭҚТЖ бойынша қызмет атауы

Көлемдер

Баға (ҚҚС-сыз)

Кіріс деңгейі

Нақты көріністе көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі

Ақшалай көріністе көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі

Теңгеге шаққанда негізделген баға

Теңгеге шаққанда босату бағалары

Теңгеге шаққанда қызмет (жұмыс) көрсетуден кірістер

Теңгеге шаққанда қызмет (жұмыс) көрсетуден шығыстар

Табыстылық деңгейі, %

1

2

3

4

5

6

7

8


























      Ескерту * 2-8-бағандар бойынша ақпарат филиалдар, хабарламалар түрлері, жұмыс түрлері бойынша ұсынылады.

      Қысқартылған сөздер:

      БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

      ЭҚТЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

      Қолы __________________

      (ұйым басшысы)

      Қолы __________________

      (бас бухгалтер)

      М. О.

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 27 маусымдағы
№ 187-НҚ бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2015 № 767 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       нысан

      Реттелетін нарық субъектісінің электрмен жабдықтау саласында

      ____________________________

      (субъект атауы, БСН)

      201_ жылғы _________ өндіру (өткізу) көлемдері, қірістілік деңгейі

      (ай)

      және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін

      қызметтердің) босатылу бағалары туралы ақпарат

ЭҚТЖ бойынша көрсетілетін қызмет атауы

Өткізу көлемдері (кв. сағ.)

Өткізу көлемдері (мың теңге)

Барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

сараланбаған босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

Тәулік зоналары бойынша

сараланбаған босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

Тәулік зоналары бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9


      кестенің жалғасы

Босату бағасы, теңге (ҚҚС-сыз)

Кірістілік деңгейі

Барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Шығыстар, мың. теңге

Реттеліп көрсетілетін қызметтерден кірістер, мың теңге

Кірістілік деңгейі, %

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

сараланбаған босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

Тәулік зоналары бойынша

10

11

12

13

14

15

16


      *- өңірлердегі босату тарифіне қабылданған саралауға байланысты

      Қысқартылған сөздер:

      БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

      ЭҚЖЖ – Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші.

      Қолы __________________

      (ұйым басшысы)

      Қолы __________________

      (бас бухгалтер)

      М.О (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 27 маусымдағы
№ 187-НҚ бұйрығына
3-қосымша

       нысан

      Реттелетін нарық субъектісінің мұнай өнімдерін өндіру саласында

      ___________________________________________ 201_ жылғы _________

      (субъект атауы, БСН) (ай)

      өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін

      (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) босатылу

      бағалары туралы ақпарат

 
 
ЭҚТЖ бойынша қызмет атауы

Өндіру көлемдері

1 тонна мұнайды қайта өңдеу құны, теңгемен (ҚҚС-сыз)

Кіріс деңгейі

нақты көріністе
(тонна)

ақшалай көріністе
(теңге)

Қызметтер (жұмыстар) көрсетуден түскен кіріс, теңгемен

Қызметтер, (жұмыстар) көрсетуге
кеткен
шығындар,
теңгемен

Кіріс
деңгейі, %

1

2

3

4

5

6

7






























      Қысқартылған сөздер:

      БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

      ЭҚТЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

      Қолы __________________

      (ұйым басшысы)

      Қолы __________________

      (бас бухгалтер)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 27 маусымдағы
№ 187-НҚ бұйрығына
4-қосымша

       нысан

      Реттелетін нарық субъектісінің газ саласында

      ___________________________________ 201_ жылғы _________

      (субъект атауы, БСН) (ай)

      өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін

      (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің)

      босатылу бағалары туралы ақпарат

ЭҚТЖ бойынша қызмет атауы

Өткізу көлемі
(мың текше м)

Өткізу көлемдері (мың теңге)

Босатылу бағалары теңгемен (ҚҚС-сыз)

Кіріс деңгейі

барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

барлығы

оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Қызметтер (жұмыстар) көрсетуден түскен кіріс, теңгемен

Қызметтер, (жұмыстар) көрсетуге
кеткен
шығын, теңгемен

Кіріс деңгейі, %-бен


халық

заңды тұлғалар

халық

заңды тұлғалар

халық

заңды тұлғалар































      Ескерту: ақпарат филиалдарға бөле отырып ұсынылады.

      Қысқартылған сөздер:

      БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

      ЭҚТЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

      Қолы __________________

      (ұйым басшысы)

      Қолы __________________

      (бас бухгалтер)

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады