Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 12940 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
міндетін атқарушы
Б. Иманәлиев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 232 бұйрығымен
бекітілген

Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен (бұдан әрі – Заң) бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдарына, бөлшектерге және конструкцияларға баға өзгерісін статистикалық байқауды, базалық объектілерді, өкіл материалдарды іріктеу және олардың бағаларын тіркеудің негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды.

      Жалпымемлекеттік статистикалық байқау құрылыс өндірісінде мердігер ұйымдар пайдаланатын құрылыс материалдарына, өнімдер мен конструкцияларға бағалардың өзгерісі туралы ақпаратты алу мақсатында ұйымдастырылған. Бағаны тіркеу деректері құрылыстағы баға индексі құрылымының элементі болып табылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының баға индексін құру үшін қолданылады.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Әдістемеде Заңда белгіленген мағыналардың ұғымдары, сондай-ақ келесі анықтамалар қолданылады:

      1) алмастыру – байқалатын базалық объектіні құрылыс өндірісінде ұқсас жұмыс түрлерін атқаратын ұқсас объектіге әдейі ауыстыру;

      2) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;

      3) базалық объект – бағаны тіркеу үшін іріктеліп алынған заңды тұлға. Базалық объектілердің іріктелген жиынтығы негізгі талапқа – өңірлік және салалық бөліністегі репрезентативті ұсынуға жауап беруі тиіс;

      4) ерекшелік – бағаны тіркеу үшін іріктелетін жеке тауарды сәйкестендіру үшін қолданылатын сипаттамалардың мінездемесі немесе тізбесі;

      5) құрылыс материалдары – құрылыс-монтаждау жұмыстарының әр түрлерін өндіру кезінде ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын жасауға арналған табиғи және қолдан жасалған материалдар мен өнімдер;

      6) құрылыс өндірісі – құрылыс алаңында тікелей атқарылатын, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстарды қоса алғанда өндірістік үдерістердің жиынтығы;

      7) құрылыс ұйымдары – құрылыс, монтаждау және басқа да жұмыстарды жүзеге асыратын барлық жалпы құрылыс және мамандандырылған ұйымдар, олардың қызмет түрлері Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚТЖ) сәйкес "Құрылыс" секциясына жатады;

      8) мердігер – құрылыс жұмыстарын мердігерлік шарт бойынша атқаратын құрылыс қызметтерінің тиісті түрлерін жүзеге асыратын лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалар;

      9) өкіл тауар – тауарлардың сапасына және негізгі тұтынушылық қасиетіне әсер етпейтін және өзінің негізгі тұтынушылық мақсаты жағынан біркелкі, бір-бірінен болмашы ерекшеліктерімен (бөлшектерімен) ерекшеленетін тауарлық топтағы нақты тауар түрі;

      10) тіркеу бағасы – сапасы, сату шарты және уақыт кезеңі нақты айқындалған өкіл тауардың нақты түрі үшін төленген ақша бірлігінің саны.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Базалық объектілерді іріктеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Құрылыс материалдарына, бөлшектерге және конструкцияларға баға өзгерісін жалпымемлекеттік статистикалық байқау базалық объектілердің іріктемелі желісі бойынша жүзеге асырылады. Базалық объектілердің іріктемелі жиынтығының қалыптасуы мақсатқа бағытталған іріктеу көмегімен жүзеге асырылады.

      6. Бас жиынтықты ЭҚТЖ сәйкес "Құрылыс" қызмет түріне жататын жалпы құрылыс, мамандандырылған ұйымдар құрайды.

      Базалық объектілерді іріктеу үшін құрылыс ұйымдарының өз күшімен атқарған мердігерлік жұмысының көлемі назарға алынады. Өткен жылы құрылыс ұйымдары атқарған жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) туралы есептің статистикалық деректерінің негізінде құрылыс ұйымдарының барлық бас жиынтығы бойынша "құрылыс ұйымдары нақты атқарған құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны" көрсеткіші анықталады.

      7. Атқарылған жұмыстың едәуір көлемі тұрғысында ірі және орташа мердігерлік ұйымдардың тізбесі қалыптастырылады. Іріктемеге құрылыс ұйымдарының барлық жеке меншік нысаны және ұйымдық-құқықтық нысандары кіреді.

      Тар шеңберде мамандандырылған бағыттағы жұмыстарды атқару үшін құрылыс материалдарының әрбір түр-түрін есепке алу үшін шағын мердігер ұйымдар іріктемеге шектеулі түрде қосылады.

      Іріктеме жиынтығын іріктеуде жеке кәсіпкерлер қосылмайды, өйткені оларға жиі ауысуы, басқа құрылыс материалдарын сатып алудағы және өкіл тауар сипаттамасындағы болып жатқан ассортименттік өзгерістер тән.

      Құрылыс ұйымдары іріктемеге заңды тіркелген орнына қарамастан құрылыс өндірісін нақты жүзеге асырған орны бойынша кіреді. Аталған аумақта құрылыс қызметін едәуір көлемде жүзеге асыратын бас ұйымның өзге жерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері есепке алынады.

      8. Ұтымды іріктеу көлемі байқауға қамтылған базалық объектілердің жалпы саны алдыңғы жылғы (немесе ағымдағы жылдың өткен тоғыз айындағы) деректер бойынша өңірдегі атқарылған құрылыс-монтаждау жұмысының жалпы құндық көлемінің 50 пайыздан астамын қамтамасыз еткенде қол жеткізіледі.

      Іріктелген базалық объектілер тұрғын үй, өнеркәсіптік объектілер мен құрылыс өндірісінің басқа да бағыттарын тұрғызу үшін және жалпымемлекеттік статистикалық байқау үшін анықталған құрылыс материалдарының негізгі топтарының барынша қамтылуын қамтамасыз етіледі.

      9. Жыл бойы мемлекеттік статистиканың аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) лауазымды адамдары базалық объектілердің құрылымдық өзгерістерін қадағалайды: меншік нысанының ықшамдалуы (қосылуы), құрылыс қызметінің тоқталуы. Базалық объекті жойылғанда (банкрот болуы) мамандануы, меншік нысаны және атқарылатын жұмыс көлемі ұқсас объектіге ауыстырылады. Базалық объектілер ықшамдалғанда байқауға жаңадан құрылған:

      1) егер олар байқалатын құрылыс материалдарының ұқсас ассортиментін сатып алса, бір немесе екі;

      2) егер олардың әрқайсысы нақты бір жұмыс түрлерін орындауға мамандандырылған болса, бірнеше объект байқауға қосылады.

      Жыл соңында базалық объектілер тізбесін өзектендіру және алмастыру жүргізіледі. Әрбір объект бойынша есепті жыл бойы баға туралы деректерді ұсынуының тұрақтылығына талдау жүргізіледі және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі қарастырылады. Іріктемеге жыл бойы өңір үшін едәуір жұмыс көлемін атқарған немесе бұрын байқау үшін Ұлттық статистика бюросы әзірлеген бағаларды байқау үшін құрылыс өндірісінде қолданылатын материалдар, бөлшектер мен конструкциялар түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) қосылмаған құрылыс материалдарын қолданған жаңа ұйымдар қосылады. Оларды іріктеу осы Әдістеменің 2-тарауының 6-8-тармақтарында баяндалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Құрылыс материалдарын (өкіл тауарларды) іріктеу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Бағаларды тіркеу үшін құрылыс материалдарын (өкіл тауарларды) іріктеу Тізбеге сәйкес жүргізіледі. Тізбеде құрылыс өндiрiсiне едәуір тән және республиканың барлық аумағында репрезентативті нақты құрылыс материалдарының түрлері ұсынылған. Тізбеде өкiл тауарды сипаттау үшін шикізат типі, өндiрiс технологиясы, өңдеу тәсілі, типті өлшемі, сорты, маркасы бойынша құрылыс материалдарына дезагрегация жүзеге асырылады.

      11. Баға ақпаратын ұсыну үшін өкіл тауарларды іріктеу кезінде келесілер есептеледі:

      1) базалық объектілердің айдан айға сатып алу көлемінің шамасына қарамастан құрылыс материалдарын сатып алу тұрақтылығы;

      2) іріктеп алынған материалдарды сатып алу арнасының мүмкіндігінше өзгермеуі (өндіруші кәсіпорындардан, делдал фирмалар арқылы, көтерме базарлардан немесе базалардан, дүкендерден);

      3) отандық өндірушілердің және импорттық өндірістің өкіл тауарларын қамту;

      4) құрылыс материалдарының Тізбеде келтірілген барлық негізгі топтарының көрнекілігі.

      Құрылыс материалдарын сатып алу өндірістік қажеттілікке байланысты және тұрақсыздық сипатына ие. Уақыт аралығында баға туралы салыстырмалы ақпарат алу үшін құрылыс материалының әрбір түр-түрін өңірдің кем дегенде үш түрлі базалық объектілері ұсынады.

      12. Аумақтық бөлімшелердің бағаны жинауға жауапты лауазымды адамдары баға ақпаратын жинаумен қатар өз өңірінің құрылыс нарығындағы конъюнктура өзгерісін қадағалайды, жыл сайын Тізбені өзектендіру бойынша өз ұсыныстарын енгізеді. Өзектілігін жоғалтқан өкіл тауарлар нарықтағы бар басқа тауарларға ауыстырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Бағаларды тіркеу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Бағаны тіркеу "Сатып алынған құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп" (1-ЦСМ) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының бекітілген статистикалық нысанын базалық объектілер ай сайынғы толтыру жолымен және мемлекеттік статистика органдарына тапсырумен жүзеге асырылады.

      14. Нысанда нақты құрылыс материалын (өкіл тауарды) сатып алудың нақты бағасы тіркеледі. Ол оны сатып алу бойынша барлық шығындарды (өндіруші кәсіпорындардың бағасы, тасымалдау шығыстары, жабдықтап-өткізу шығындары және өзге де шығыстар) және қосылған құн салығын қамтиды.

      Жабдықтап-өткізу шығындарына мердігерге материалдарды сатып алу мен комплектациялауда делдалдық қызмет көрсететін ұйымдардың үстеме бағасы мен комиссиялық алымдары жатады.

      Ұйым сатып алған құрылыс материалын өзі жеткізіп алғанда (өзі тасымалдау) материалдың құнына жеке тасымалдау шығыстары да қосылады.

      15. Таңдап алынған өкіл тауардың бағасын тіркеу кезінде тіркеудің екі кезеңі (есепті және өткен) арасындағы бағаны салыстыру қағидаттары сақталады. Баға төмендегідей белгілері бар құрылыс материалының бірдей түр-түріне тіркеледі:

      1) бірыңғай өлшем бірлік;

      2) бірдей сапалық және технологиялық параметрлер;

      3) сатып алудың өзгермейтін арнасы.

      Бағаны анықтау үшін іріктелген құрылыс материалының әр түрін ай сайын өзгертуге болмайды.

      16. Аумақтық бөлімшелердің тиісті лауазымдық тұлғалары баға туралы ақпараттың болмауының әрбір нақты жағдайына талдау жүргізеді.

      Мемлекеттік статистиканың аумақтық органдарының тиісті лауазымдық тұлғалары баға туралы ақпараттың болмауының әрбір нақты жағдайына талдау жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Алғашқы статистикалық деректердің сапасын және анықтығын бақылау

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Статистикалық нысанды қабылдауды және алғашқы статистикалық деректердің сапасын және анықтығын бақылауды аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Есепті айда алдыңғы айда тіркелген баға мен салыстырғанда өкіл тауарларға баға өзгергенде:

      1) цифрларды теру кезіндегі олардың ықтимал бұрмалану (енгізудің механикалық қатесі) мүмкіндігіне қатысты есепті кезеңдегі бағаның шамасын алдыңғы бағамен салыстыру;

      2) тауар топтамасында және базалық объектілер арасында бағаның деңгейін және өзгеру үрдісін салыстыру;

      3) алынған баға туралы ақпараттың айырмашылығын нақтылай отырып, сатып алу бағасының деңгейін өндіруші кәсіпорындардың, көтерме-бөлшек құрылыс базарларындағы және құрылыс материалдарын өткізетін басқа орындардағы бағамен салыстыру;

      4) стандартты өлшем бірліктерін, өкіл тауарды кодтаудың дұрыстығын нақтылау;

      5) баға өзгерісінің себебін нақтылау.

      19. Алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін Заңның 12-бабының 17) тармақшасына сәйкес базалық объектінің мамандары бір жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшелерге жөнелтпе құжаттар, шот-фактуралар, сәйкестік сертификаттары, сынақ хаттамаларын ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19953 болып тіркелген) "Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген құрылыс материалдарының жекелеген түрлері бойынша растау құжаттары статистикалық нысанмен бірге ұсынылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Растау құжаттарын ұсынудан бас тартқан не уақтылы ұсынбаған жағдайда базалық объектінің алғашқы статистикалық деректері есепті айдың өңдеу үдерісіне қосылмайды.

6-тарау. Орташа бағаларды есептеу және статистикалық деректерді жариялау

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Орташа бағаны есептеу базалық объектілерден алынған баға туралы ақпараттар (нақты өкіл тауарлардың бағасы) негізінде жүзеге асырылады. Құрылыс материалының әрбір бақыланатын түрі бойынша есепті кезеңге орташа баға және алдыңғы кезеңмен салыстырғандағы баға өзгеруінің салыстырмалы шамасы есептеледі.

      22. Құрылыс материалының түр-түрі бойынша есепті кезеңде орташа баға былайша:

      1) өңір бойынша базалық объектілердегі өкіл тауарларға тіркелген бағалардың негізінде орташа геометриялық шама ретінде келесі формуламен:



      мұндағы


– есепті кезеңдегі j құрылыс материалы бойынша орташа баға;

      p1, p2,...,pk – есепті кезеңдегі j өкіл тауарлардың бағасы (баға белгілеулері);

      k – өкіл тауарлар бағасының саны.

      Орташа бағаны есептеуде салыстырмалы кезеңдердегі баға белгілеулері санының тепе-теңдігі назарға алынады.

      2) республика бойынша өңірлер бойынша баға деңгейі мен олардың үлес салмағынан орташа салмақталған шама ретінде келесі формуламен анықталады:


(2)

      мұндағы

      PPKtt кезеңдегі құрылыс материалының республика бойынша орташа бағасы;

      Ptt кезеңдегі құрылыс материалының облыс бойынша орташа бағасы;

      V0 – орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі туралы деректердің негізінде есептелген өңірдің белгілі бір базалық кезеңдегі үлес салмағы.

      23. Егер есепті айда есеп берген кем дегенде әртүрлі үш базалық объектінің бағасынан қалыптастырылатын болса зерттелетін құбылыстың барлық іріктемелі жиынтығының баға деңгейін көрсететін өңір бойынша есептелген орташа баға репрезентативті деп саналмайды. Осы жағдайларда есепті кезеңде өңір бойынша құрылыс материалының орташа бағасы жарияланбайды, бірақ әрі қарай республика бойынша орташа бағаны және баға индекстерін есептеу үшін қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады