Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының, мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 41-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 2605 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 36-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.05.2018 № 36-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Атауға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 29.06.2015 № 43-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының, мамандарына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде отын сатып алу үшiн әлеуметтiк көмек берiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 29.06.2015 № 43-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік–құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Д.Е. Молдақұлов Ж. Әсемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады