Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 36-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 маусымда № 3859 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 71-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 71-7 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек берілсін.

      2. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 41-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2605 болып тіркелген, "Талас тынысы" аудандық газетінде 2015 жылы 22 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 41-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 43-6 шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2698 болып тіркелген, "Талас тынысы" аудандық газетінде 2015 жылғы 22 шілдеде) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғындардың әлеуметтік–құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Г. Картабаев А. Тулебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады