"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені, мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 41 - 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 43-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 2698 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 36-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 31.05.2018 № 36-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені, мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2605 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 47 – 48 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Шешімнің атауында "агроөнеркәсіптік кешені," деген сөздер "ветеринария ұйымдарының" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      1 тармақта:
      "агроөнеркәсіптік кешені," деген сөздер "ветеринария ұйымдарының" деген сөздерімен ауыстырылсын.
      Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік–құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.А. Райымбеков
      Мәслихат хатшысы Ж. Әсемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады