Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 2/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 3748 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2014 жылғы 12 сәуірде № 14 жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:
Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі депутаттық тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Н. Қисамиденова |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |
Май аудандық мәслихатының (V сайланған LVІ (кезекті) сессиясы) 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 6/56 шешіміне қосымша |
|
Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 1/30 шешімімен бекітілген |
Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - ҮҚ).
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының отбасының әрбір мүшесіне айына келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, оны ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме;
9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Павлодар облыстық Май ауданының бөлімшесі;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Май ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
12) шартты ақшалай көмек – отбасының белсенділігіне әлеуметтік келісімшарт жасау жағдайындағы жеке тұлғаларға немесе әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан аспайтын отбасыларға мемлекет беретін ақша түріндегі төлем;
13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек алу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
14) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімделу бойынша әзірлеген іс-шаралар кешені.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
3) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні;
4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының ЖАО бекіткен ережелері негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының
тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің
мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Әлеуметтік көмек Май ауданының аумағында тұрақты тұратын келесі азаматтардың санаттарына ұсынылады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС);
2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:
екiншi дүние жүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;
3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;
4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар;
5) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдар;
6) ең төмен мөлшердегі зейнетақы немесе жәрдемақы алатын зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, атап айтқанда:
жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер;
80 және одан да жоғары жасқа жеткен зейнеткрелер;
7) мүгедектер, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
қәмелеттік жасқа толмаған баласы (балалары) бар мүгедектер;
8) табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларының жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттері, жетім балалар және ата-анасының қорғауынсыз қалған балалар;
9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:
уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуінде тұрған, табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын жұмыссыз азаматтар;
бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар;
ауыр өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтар, атап айтқанда ұзақ (1 айдан аса) ауру, өрт немесе табиғи апат;
12 аптаға дейін жүктілігіне байланысты медициналық мекемеге дер кезінде есепке тұрған, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын жүкті әйелдер;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатын кәмелеттік жасқа толмаған, төрт және одан да көп балалары бар аз қамтамасыз етілген көп балалы аналар;
жан басына шаққанда отбасының орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылары;
отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызынан аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылар;
10) әлеуметтiк манызды аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:
онкология ауруларынан жапа шегуші тұлғалар;
туберкулез ауруларынан жапа шегуші тұлғалар;
иммундық тапшылық вирусы сырқатынан жапа шегуші тұлғалар.
9. Табысын есептемей уәкілетті орган әлеуметтік көмекті көрсетеді:
1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек:
Жеңіс күніне орай:
осы Қағиданың 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті мекемемен келісілген тізімі негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші (тек қана Ауғанистандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар), үшінші абзацтарында, 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті мекемемен келісілген тізімі негізінде;
Халықаралық әйелдер күніне орай осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттарға уәкілетті органның тізімі негізінде;
Халықаралық қарттар күніне орай осы Қағиданың 8-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті органның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:
осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші (тек қана 1, 2 топтағы мүгедектер) абзацтарында көрсетілген санаттарға уәкілетті мекемемен келісілген тізімі негізінде;
2) бір жолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға мерзімді басылымдарға жазылу үшін 3 айлық есеп көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде өтініш бойынша;
осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацында (тек қана арбаға таңылған мүгедектер) көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне пандус орнатудың нақты құны мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар,мүгедек статусын растайтын құжаты негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацында (тек қана 1, 2 топтағы мүгедектер) көрсетілген санаттарға 2014 жылға біржолғы әлеуметтік көмек 17619 (он жеті мың алты жүз он тоғыз) теңге мөлшерінде уәкілетті мекемемен келісілген тізімі негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 5 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, мүгедек статусын растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 5 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, бас бостандығынан айыру орнынан босағаны туралы анықтама негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацында (өрт немесе табиғи апат) көрсетілген санаттарға 60 АЕК дейін оқиға болған күнінен бастап үш айдың ішінде жеке өтініш берсе (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);
осы Қағиданың 8-тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, онкологиялық ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға 7 АЕК мөлшерінде, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, туберкулез ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 7 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, ауруын растайтын медициналық анықтама негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 2), 3), 4), 5), 7) (тек қана 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 1 топтағы мүгедектер) тармақшаларында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткішке дейін (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);
осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші абзацында (тек қана 1, 2 топтағы мүгедектер) көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, мүгедектігін растайтын анықтама негізінде;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
тұрмыстық-коммуналдық қызметін өтеу үшін:
осы Қағиданың 8-тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға 3,6 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының бірінші, екінші (тек қана 1, 2 топтағы мүгедектер) абзацтарында көрсетілген санаттарға 2 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға денсаулығын жақсарту үшін 2 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8-тармақтың 1) тармақшасында, 3) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға дәрі-дәрмек алу үшін 1 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 5 АЕК мөлшерінде тұрмыстық-коммуналдық кызметін өтеу үшін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, статусын растайтын құжат негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттарға амбулаторлық емделу кезінде тамақтануға 6 АЕК мөлшерінде және жүріп-тұруына 1 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, амбулаторлық емделуде деген медициналық анықтама негізінде;
жүріп-тұру шығындарын өтеу:
осы Қағиданың 8-тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға Павлодар облыстық онкология диспансеріне дейін және тұрақты жеріне дейін жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, емделуден, тексеруден өткені немесе кеңес алғаны туралы онколог-дәрігер берген анықтама, жүріп-тұрғаның растайтын құжаттар негізінде.
осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға нысаналы пунктке дейінгі және тұрақты тұратын жеріне кері қайтқандағы жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, мүгедек статусын растайтын құжаты, баланың туу туралы куәлігі, тексерілуге, немесе емделуге жолдама негізінде.
10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті табысын есептеп көрсетеді:
1) бір жолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқыту нақты құны мөлшерінде, өтініші және білім беру қызметің көрсетудің үш жақты шарты негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 7) тармақшасындағы екінші (тек қана 3 топтағы мүгедектер) абзацында көрсетілген санаттарға 2014 жылға біржолғы әлеуметтік көмек 17619 (он жеті мың алты жүз он тоғыз) теңге мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар, мүгедек статусын растайтын құжаты негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға жерлеу рәсімдері үшін 15 АЕК мөлшерінде (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацында (бір айдан аса ауыратындар) көрсетілген, жан басына шаққанда отбасының орташа табысы облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен аспайтын санаттарға 15 АЕК мөлшерінде, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар, медициналық мекемесінін анықтамасы негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 АЕК мөлшерінде, екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар, медициналық мекеменің жүктілігіне байланысты есепке тұрғаны жөнінде анықтама негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасындағы бесінші абзацында көрсетілген санаттарға, алты айдан аса мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына жеке шарушылығын дамыту үшін 100 АЕК дейін екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар, сатып алу-сату шарты, малдын ветеринарлық паспорты негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасындағы бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттарға 2014 жылға біржолғы әлеуметтік көмек 17619 (он жеті мың алты жүз он тоғыз) теңге мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасындағы сегізінші абзацында көрсетілген санаттарға қатты отын алу үшін 10 АЕК мөлшерінде екінші деңгейдегі банктердегі немесе жеке банк операцияларына лицензиясы бар ұжымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші бойынша, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде;
осы Қағиданың 8-тармақтың 9) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санаттарға тұрғын үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткішке дейін (аудандық арнайы комиссияның шешімі бойынша);
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға, оқу кезінде тұруына, тамақтануына және тұрған жеріне жүріп- тұруына 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде білім беру қызметің көрсетудің үш жақты шарты негізінде;
Павлодар облысының тыс жерінде оқитын осы Қағиданың 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттарға 7200 (жеті мың екі жүз) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8-тармағы 9) тармақшасының оныншы абзацында көрсетілген санаттар үшін шартты ақшалай көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және отбасы мүшелерін, еңбекке қабілеттілерін қосқанда әлеуметтік бейімделуге қажет жағдайда өтініш (осы Қағиданың 1 қосымшасы) және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек).
11. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
13-1. Отбасының әр мүшесіне (тұлғаға) берілетін әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (тұлғаның) әр мүшесіне шаққандағы орташа табысы мен облыс бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінің 60 (алпыс) пайызы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Шартты ақшалай көмек мөлшері отбасы құрамы өзгерген кезде, сол сияқты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау сәтіне берілетін табыстарды есепке ала отырып мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады, аталған жағдайлардың басталған сәтінен бастап қайта есептеледі, бірақ оның тағайындалған сәтінен ерте емес.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
15. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) ҮҚ бекітілген 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
15-1. Әлеуметтік келісім шарт негізіндегі шартты ақшалай көмек жүгінген отбасына (адамға) уәкілетті орган, селолық округ әкімі не ассистент көмек көрсету шарттары туралы консультация береді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартына келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді, нәтижесінде отбасы (адамның) мәселелері туралы ақпаратты, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі туралы нақтылайды, сонымен қатар алдын-ала анықтайды:
1) үміткердің шартты ақшалай көмек алу құқығын;
2) әлеуметтік бейімделу бойынша ұсынылатын шаралар түрлерін;
3) жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің мемлекеттік шаралары.
Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесу парағы рәсімделеді және осы Қағиданың 2 және 3 қосымшаларына сәйкес өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толықтырылады.
15-2. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген айының алдындағы 3 айында алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Сондықтан жиынтық табыс Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-п бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесіне сәйкес есептеледі.
15-3. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш айға біржолғы төлемі ретінде төленеді.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарызды өтеу, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша ҮҚ бекітілген 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
25. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
26. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
27. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
27-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау:
1) Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмек алу құқығын анықтағаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасының мүшелерін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігіне әлеуметтік келісімшарт жасау нысандарын және отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақыртады.
Бұл ретте үміткерлер оның ішінде, өздігінен жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар, осы Қағиданың 27-1 тармағы 3) тармақшасында қаралған жағдайды және 1, 2 топтағы мүгедектері, күндізгі оқыту түрінің оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды қоспағанда, бір жұмыс күні ішінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
2) Жеке жоспар өтініш берушімен және (немесе) оның отбасының мүшелерімен бірлесіп жасалады және аз қамтамасыз етілген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін отбасының (азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімделу жөніндегі көзделген іс-шаралары бар, дербес жағдайда:
- уәкілетті органның және (немесе) жұмыспен қамту орталығының көмегімен белсенді жұмыс іздеу және оларға ұсынылған жұмыс орнына жұмысқа тұру;
- кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өту;
- жеке кәсәпкерлік қызметті жүзеге асыру, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу;
- халықтың нысаналы топтарын кезеңдік скринингтік тексеруден өткізу;
- отбасы құрамында, жүкті әйелдер болған жағдайда жүктіліктің 12 аптасына дейін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін және жүктіліктің барлық кезеңі ішінде бақылайтын денсаулық сақтау ұйымдарына есепке қою;
- әлеуметтік–маңызды сырқаттар болғанда (онкология, нашақорлық, түберкулез) ерікті түрде емделу;
- арнайы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді сауықтыру шараларын қабылдау;
- аз қамтылған отбасының (адамның) жеке қажетттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша белгіленген кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі өзге де іс-шаралар.
3) Жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына қатысу отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады, тек келесі жағдайлардан басқа:
- станционарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу кезеңіне (тиісті медициналық ұйымдардың растаушы құжаттарын ұсынған кезде);
- жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің мемлекеттік шараларына қатысуға негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, үш жасқа дейінгі балаларды күту өзгелердің күтімі мен көмегіне мұқтаж он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан қарт адамдарды күтуді жүзеге асыру.
4) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға тағы да алты айға мерзімін ұзарту мүмкіндігімен, бірақ отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеуді ұзарту қажеттілігі жағдайында және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің кәсіптік оқуды және (немесе) жастар практикасынан өтуді және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуы аяқталмаған жағдайда бір жылдан аспайтын уақытқа жасау.
5) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың мерзімін ұзартуына байланысты әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек мөлшері қайта қарастырылмайды.
6) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт екі данада жасалады, оның біреуі тіркеу журналына қол қойғызып өтініш берушіге беріледі, екіншісі - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған органда сақталады.
7) Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндетемелерді орындалу мониторингісі оны жасаған органмен жүзеге асырылады.
8) Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық бағытында сүйемелдеу және жеке жоспардың орындалуын бақылау, сондай ақ тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
28. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға қоныс аударған;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты және әлеуметтік келісімшарты бойынша міндетемелерін орындамауы және бұзылуы.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын үй көмегі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Шартты ақшалай көмек алу өтініш
_________________________________________
(елді мекені, ауданы, облысы)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
_________________________________________
(елді мекені, ауданы)
_________________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон) мекенжайы
бойынша тұратын
_________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік №_____________________________
____________________________________________
берілген күні _____________________________
ЖСН _______________________________________
Өтініш
Мені (менің отбасымды) жобаға қабылдауды және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын.
Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.
Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді.
Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
тұрғын үй көмегі
арнайы әлеуметтік қызметтер
мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялыққұралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету
жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек
"____"__________20___ ж. ___________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Құжаттар қабылданды
"____"__________20___ ж. ________________________________________________
(күні) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Отбасының тіркеу нөмірі | |
Өтініш қоса берілген құжаттармен "____"__________20___ ж. учаскелік комиссияға берілді.
"____"__________20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы
_______________________________________________________________________________;
Өтініш берушінің қолы ___________________
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттардың қабылданған күні туралы уәкілетті органның белгісі "____"__________20___ ж.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
________________________________________________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Азамат _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________ тіркеу нөмірімен "____"__________20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
____________________________________________________________________________
Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Шартты ақшалай көмек алу үшін әңгімелесу парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә.
________________________________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
________________________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн
________________________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы:
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері) :
Отбасы мүшелері | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері | Жалпы жұмыс өтілі | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағдылары мен шеберлігі | Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы |
Өтініш беруші | ||||||
Зайыбы (жұбайы) | ||||||
Басқа ересектер |
Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші: __________________________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы):_______________________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: _______________________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар _________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы _______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Басқа__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы (лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________(қолы) _________________(қолы)
___________________(күні) _________________(күні)
__________________________
Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 3-қосымша |
Шартты ақшалай көмек алу үшін өтініш берушінің отбасылық
және материалдық жағдайы туралы сауалнама
Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер: | ||||||||
Т.А.Ә. | Туған күні | Туыстық қатынасы | Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала) | Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны | 15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі) | |||
Өтініш беруші | ||||||||
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары) | ||||||||
Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады. | ||||||||
Р/с № | Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Жұмыс, оқу орны (жұмыссыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде растайды) | Құжаттармен расталған табыс сомасы | Өзге де мәлімделген табыстар | ||||
еңбек қызметінен түскен табыстар | Зейнетақылар, жәрдемақылар | Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар | Стипен дия | Али мент | өзге де табыстар | |||
*Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: ________________________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген) ;
қажеттісінің астын сызу
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
қажеттісінің астын сызу
тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме,
лифт, телефон және т.б.)___________________________________________________________
қажеттісінің астын сызу
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі | Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.) | Тиесілігі |
Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:
________________________________________________________________________________
өтініш беруші______________________________________________________________
зайыбы (жұбайы)___________________________________________________________
балалар___________________________________________________________________
басқа да туысқандар________________________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
тамақтануға да жетпейді
тамақтануға ғана жетеді
тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
микрокредит беру;
кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
"Жастар практикасына" қатысу;
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
___________________ ____________________ _________________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)
________________________